Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТМС № 6 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.51 Кб
Скачать

№6 сабак

«Қр қк медициналық мүлік және көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері»

Оқу мақсаты: Бөлімді және құраманы медициналық мүлік және көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерімен студенттерді таныстыру.

Уақыт: 6сағат

Әдебиеттер:

  1. Медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің қатарынан қосалқы топтағы офицерлерді дайындау бағдарламасы.Алматы,1985ж

  2. Құрлық әскерлерінің ұрыс қимылдарын медициналық қамтамасыз ету бойынша нұсқама (құрама,бөлім,бөлімше) Москва.Әскери баспа,1987ж

  3. Әскери-медициналық дайындық.Оқулық.Ф.И.Комаров.1984ж

  4. Бөлімдер мен мекемелерге арналған Армия мен ӘТФ медициналық құрал-жабдықтың типтік мөлшерлер жинағы. Москва 1985ж

  5. Әскери-медициналық жабдықтау.Далалық,кемелік және медициналық жабдықтау.ӘМА.Санкт-Петербург.1987ж

  6. Әскери дәріханалардың жұмысы бойынша нұсқау.Москва.1987ж

  7. Медицина мүлігін сақтау және есептеу бойынша нұсқау.Астана.1987ж

  8. әскери мүлікті есептен шығаруды ұйымдастыру бойынша нұсқау.Астана.2005ж

  9. Ақша және шаруашылық тіршілігін ұйымдастыру бойынша ҚР ҚК бухгалтерлік есеп және есеп беруді енгізу бойынша нұсқау.Астана.2006ж

  10. Тылдық қамтамасыз етудің техникалық құралдары.Москва.2003ж

Материалдық қамтамамсыз ету:

  • Сызбалар

  • Медициналық мүліктің жіктелуі

  • Бөлімдер мен құрамалардың медициналық мүлікпен қамтамасыз ету реті

Дәріс жоспары :

  1. Кіріспе

  2. ҚР ҚК медициналық жабдықтау мазмұны,міндеттері және ұйымдастыру принциптері.

  3. медициналық мүлік,оның жалпы сипаттамасы және жіктелуі

  4. Медициналық мүліктің жинағы туралы ұғым,жинақтардың жіктелуі

  5. Бригаданың МПның және ЖмедБ табелді медициналық жабдықтары.

  6. Алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі,алғашқы дәрігерлік және мамандандырылған көмек көрсету үшін жинақтардың (дәріханалық,сумкалық) медициналық-техникалық сипаттамасы.Арнайы тағайындауы бар жинақтар.

  7. Жасақталған кезіндегі және ұрыстың әртүрлі кезеңдерінде бөлімдер мен құрамаларды медициналық мүлікпен қамтамасыз ету бойынша өткізілетін шаралар

  8. Қорытынды.

Кіріспе

Өткен соғыстардың тәжірибесі көрсеткендейғтолық үздіксіз медициналық мүлікпен жабдықтау әскерді медициналық қамтамасыз ету бойынша шараларды көбіне табысты орындауға ықпал етеді.

Әскерді медициналық мүлікпен және техникамен қамтамасыз етудің бірден бір негізгі міндеттерді болып табылады.

Ол уақытылы толық және үздіксіз әскерді және емдеу мекемелерін қажетті медициналық мүлікпен жабдықтауға арналған.

Медициналық қызметтің медициналық мүлікпен қамтамасыз етілуінің деңгейінен көбіне жаралылар мен ауруларға уақытылы және дер кезінде медициналық көмек көрсетілуі,оларды емдеудің тиімділігі,медициналық тасымалдаудың кезеңдеріндегі медициналық көмектің көлеміне байланысты.

Ұлы Отан соғысында жаралы (72,3%) және ауру солдаттар (90,6%) және солдаттар қатарға қайта қайырылды,Совет Армиясы мен әскери теңіз флотының медициналық қамтамасыз етуінің осындай жетістігіне көбінесе емдеу мекемелерінің және әскердің жеке құрамын медициналық мүлікпен үздіксіз жабдықтау әсер етті.

Әскери-медициналық қызметпен әскери медициналық тасымалдау кезеңдерін үнемі жаңа комплексті жабдықтау және жасақтау жетілдірілуде және қалыптастырылуда,осы олардың ұрыс кезінде жеке жұмысын қамтамасыз етеді.

Осының барлығы әскердің медициналық қызметінің ұрысқа дайындығының әрі қарай жоғарылауына ықпал етеді.