Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТМС-5 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.4 Кб
Скачать

5 тақырып «Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды

Ұйымдастыру негіздері»

Оқу мақсаты:

Әскердегі санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру негіздерімен студенттерді таныстыру.

Оқу уақыты: 2 сағат

Әдебиет:

  1. Жалпы медициналық, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматалогиялық, фармацевтикалық факультеттердің студенттері қатарынан қосалқы топтағы офицерлерді дайындау бағдарламасы.

  2. Құрлық әскерлерінің ұрыс қимылдарын медициналық қамтамасыз ету бойынша нұсқама

( құрама, бөлім , бөлімше) Москва. Әскери баспа. 1987ж

  1. Әскери-медициналық дайындық:Оқулық. Ф.И.Комаров Москва Медицина 1984ж

  2. Бөлімдер мен құрамалардың медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.Н.Г. Иванов және

О.Г. Лобастовтың оқулығы. Ленинград. 1984ж.

  1. Әскери эпидемиология. В.Д. Беляков. Ленинград 1989ж.

Материалдық қамтамасыз ету:

Сызбалар:

  • Санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге арналған әскердің медициналық қызметінің күштері мен құрал жабдықтары.

Кестелер:

  • Санитарлық гигиеналық шаралар

  • Эпидемияға қарсы шаралар

  • Карантин

  • Обсервация

Дәріс жоспары:

1. Кіріспе

2. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар ұғымы мен мазмұны.

3.Әскердің жалпы медициналық қамтамасыз ету жүйесінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың маңызы.

4.Әскерлерде соғыс жағдайында эпидемияға қарсы санитарлық-гигиеналық шаралар.

5.Әскери бөлімдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және оның қимыл жүргізетін аумағына сипаттама.

6.Бөлімде карантин және обсервацияны ұйымдастыру.

7.Әскерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге қажетті құралдар мен күштер.

8.Эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық шараларды жоспарлау.

Кіріспе:

Бөлімнің, бөлімшенің санитарлық эпидемиологиялық саулығын бір қалыпты ұстау, жеке құрамның денсаулығын сақтау және нығайту үшін санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жиынтығын жүйелі өткізу және ұйымдастырудың ерекше маңызы бар.

Әскердегі эпидемияға қарсы қорғау шараларының жеткіліксіздігі, күрделі ауа райы – географиялық жағдайларды және әскери еңбектің мамандандырылған себеп шарттарын елемеу, санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыздығы жұқпалы және басқа жалпы аурулардың жоғарғы деңгейіне әкеп соқтырады.

КСРОның ҚМ басшылығының және Афганистандағы Совет әскерлерінің шектелген контингентінің осы көрсетілген жағдайларды ескермеуінің салдарынан ұрыс қимылдары жылдары 40 шы Армияның 400 000 әскери қызметкерлері әр түрлі аурулармен науқастанды.

(Осы кезеңде ұрыстың оқтық жарақаттарды 24 000-ға жуығы алды) соның ішінде 281622 адам – жұқпалы аурулармен.

Әскерді медециналық қамтамыз етудің жалпы жүйесіндегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың орны мен маңызы.

Санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар ұрыс кезіндегі медицина қызметінің тіршілігінің негізгі түрлері болып табылады, емдеу-тасымалдау шараларымен, медицина қызметінің жеке құрамды жаппай қыру қаруынан қорғау шараларымен жәнеде басқа шаралармен бірге жүргізіледі.

Олар жеке құрамнын денсаулығын сақтау және физикалық ахуалын нығайтуға, әскерде жұқпалы және де басқа аурулардың пайда болуын алдын алуға бағытталған, бұлар әскердің тіршілігінің жағдайына, ауа райының, санитарлық-гигиеналық және эпидемиялогиялық жағдайына жеке құрамның және қоғамдық тазалық ережелерін сақтау жүйесіне байланысты. Санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың маңызы өте ерекше, әсіресе соғыс кезінде қарсыластың бактериологиялық қаруды және басқа да жаппай қыру құралдарын қолдану ықтималдығы бар соғыс жағдайларында күшейеді.

Сондықтан әскери гигиеналық және эпидемологиялық қызметкерлер басқа мамандармен қосыла отырып жеке құрамда жаппай қыру қаруынан қорғаудың сенімді шараларын, түрлі себеп шарттардын өзгеруі көлемін бақылаудың іскерлік жүйесін, еңбек пен демалыстың ұтымды тәртібін жасайды және де әскери қызметкерлердің денсаулығы жағдайы туралы нақты ақпаратты жылдам алатын әдістеме мен жолдарын ұсынады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық қорғау туралы Ресей газеттерінде алғашқы ақпараттардың пайда болуы ХІV ғасырға жатады. Сол кезде әскерлердің орналасуы үшін таза орындарды таңдап алу қажеттілігі және сапасыз суды қолданудың қауіптілігі туралы белгілі болған.

Өткен соғыстар әрқашанда соғысып жатқан жақтарда азаматтық халықтың ортасында көптеген аурулармен ерекшеленеді. Кейбір авторлардың есеп берулеріне қарағанда 1733ж. -1865 ж.ж. кезеңдерінде Еуропада болған соғыстарда 8 миллионға жуық адамдар опат болған, соның ішінде 6,5 млн. жұқпалы аурулардан, тек 1,5 млн. ұрыс даласында қайтыс болған. Егер 1,5 млн. адамның өмірі жеңіс үшін қиылды десек, ал 6,5 млн. сауатсыздықтың салығы болып табылады. Сонымен қатар, өткен ғасырдың барлық дерті - соғыстарда белгісіз немесе аз зерттелген жұқпалы аурулардың жайылуымен ұштасқан. Мысалы І дүниежүзілік соғыста А сүзегі (паратиф А), «окоптық» немесе траншеялық безгек эпидемиялогиялық энцефалит, туляремия, Ку-безгек және т.б. белгілі болған.

Ұлы Отан соғысы басқа соғыстардан қимылдарының ауқымымен және де жұқпалы аурулардың сипаттамасымен және әскерлердің осылармен зақымдану дәрежесімен ерекшеленеді. Осыған эпидемиялогиялық күрделігіне қарамастан советтер әскерлерінде жұқпалы аурулардың жаппай таралуы байқалмады.

Соғыстан кейінгі кезеңде өткен соғыстағы әскерлерді гигиеналық және эпидемияға қарсы қамтамасыз ету тәжірибесінің қорытудан кейін әскери гигиена мен эпидемиялогияның алдында жаңа міндеттер тұрады. Қарсыластың жаппай қыру қаруын қолдану ықтималдығы және қарулы күштердегі медициналық қызметтің алдында жаңа міндеттер пайда болды.

  • Адам организмінің сәулелену дәрежесінің жоғарғы шегін бекіту үшін иондық сәуле шығарудың биологиялық әсерін зерттеу;

  • Өте жоғарғы жиілілік-алаңымен, импульсті шулармен жұмыс істейтін ракеталық, танктік және әуе-десантты әскерлердің жеке құрамының еңбек гигиенасына қойылатын талаптарды зерттеу, әскери қызметтердің организміне ұрыс жағдайының көптеген себеп шарттарының әсер ету мәселелері және әсіресе адам-машина жиынтығын әсер ету мәселесі зерттеледі.

  • Жұқпалы ауруларды алдын алудың жаңа тәсілдерін табу үшін зерттеулерді жүргізу.

Әскердегі барлық гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыстың негізінде алдын алу принципі қойылған-жеке құрамның өмірін, тіршілігін және іс -қимылын қадағалау және әскердегі жұқпалы аурулардың пайда болу ықтималдығы мен жайылуының алдын ала сақтандыру. Ол ең алдымен жеке құрамның соғыс қабілетін сақтау және денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды өткізуді, жеке құрамның жұқпалы ауруларға тұрақтылығын жоғарылату және олардың әскерге енуінен алдын ала сақтау, эпидемияға қарсы кедергілер жүйесін жасауды ескереді. Осы принциптің іс жүзіне асуы жұқпалы аурулардың ошақтарын таратпау олардың тасымалдау жолдарымен жайылуының және қимылдағы әскерден мемлекеттің ішіне енуінің алдын алу.

Санитарлық гигиеналық және эпидемиологиялық шаралардың және олардың іске асуы ұрыс және оперативтік жағдайға сәйкес болуы керек және әскерлердің алдында тұрған міндеттерді табысты шешуге ықпал ету керек.

Сонымен әскерде санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық шараларды уақтылы және толық өткізу әскерді медициналық қамтамасыз етудегі міндеттерді табысты шешудегі қажетті шарт болып табылады. Осы шараларды өткізу бөлімнің, құраманың және медициналық мекеменің барлық медициналық құрамының міндеті болып табылады.

Қарулы Күштердің алдын алу санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық шараларды және экологиялық қамтамасыз етудің орны мен өзара байланысы.

Егер әскери қызметкерлердің денсаулығын медициналық (алдын алу) қамтамасыз етудің тарихи орны болса онда, экологиялық тек 1992 жылдан құрыла бастады.

Қарулы күштерді экологиялық қамтамасыз етудің мақсаты болып,

  1. ден олардың тіршілігінің экологиялық қауіпсіздігі

  2. ден табиғи және антропологиялық шарттардың әсеріне ұшырайтындарды, әскериліктен туындайтын шарттарды қосқанда, жеке құрамды қорғауға жету.

Сонымен жеке құрамды экстремальды шарттардың әсерінен қорғауды экологиялық қамтамасыз етудің астыртын мақсаты деп қарау орынды. Өз кезегінде қоршаған табиғи ортаны қорғауды қадағалау алдын алуды (санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы) қамтамасыз етудің астыртын мақсаты болып табылады.(Дәріскерге ескерту)

Әскерде осы шараларды өткізу мен ұйымдастыруды басқару және олардың орындалуын қадағалау бөлімдер мен құрамалардың медициналық қызметінің бастықтарына артылады.

Осы шараларды өткізудің басқаруын бөлімдер мен құрамалардың командирлері іс жүзіне асырады, ал медициналық қызмет олардың дер кезінде, толық және сапалы орындалуын қадағалайды.

Әскердегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық шаралар әскердегі санитарлық гигиеналық және эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып ұймдастырылады және өткізіледі.

Гигиена, эпидемиология аумағындағы уақытылы білімдер, әскердегі эпидемияға қарсы құралдар мен жабдықтау әскерді жұқпалы аурудың эпидемиясынан кез келген жағдайда сенімді қорғауға мүмкіндік береді.