Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 озиндик жумыс Документ Microsoft Office Wor...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.54 Кб
Скачать

4. Баяндама.

Баяндаманы әзірлеу жоспары:

  • оқытушымен бірге тақырыпты таңдау;

  • базалық оқулық пен оқу-әдістемелік құралы бойынша тақырыпты зерттеу;

  • баяндаманың негізгі идеяларын айқындау;

  • ұсынылған әдебиетпен танысу;

  • баяндаманың жоспарын құру;

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарымен сөздіктер мен анықтамалықтардың көмегімен танысу;

  • баяндаманың тезистерін әзірлеу;

  • мысалдар мен иллюстрацияларды табу, көптеген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасында орындалған презентацияны көрсету баяндаманы жақсы әшекейлейді;

  • баяндаманың мәтінің дайындау.

Баяндаманың ұсынылатын ұзақтығы – 10 мин.

Баяндаушының сөздерінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап беру және оқытушының тұжырмдамасы үшін уақыт қалдырылады.

Жариялы баяндаманың құрылымы.

Классикалық риторикада ауызша баяндаманың үш бөлімнен тұратын құрылымы қалыптасқан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.

Кіріспе талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың назарын аудару тәсілі. Әдеттей кіріспе баяндама уақытының сегізден бір бөлігін алады.

Негізгі бөлімінде тақырып толығымен ашылып, тиісті мәліметтер және дәлелдер келтіріледі.

Негізгі бөлімінде жиі жіберілетін қателіктерге жатады:

  • тақырыптың шегінен шығып кету;

  • нақты жоспардың жоқтығы;

  • бір сұрақтан басқа сұраққа секіріп кету.

Қорытынды қысқаша және анық болуға тиіс. Сонымен бірге тыңдаушыларға көңіл аударғандары үшін рахмет айтуға болады.

Сөж бен соөж орындау үшін материалдар

СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы). СӨЖ бойынша материалдар үй тапсырмаларын орындау, мәнжазбалар жазу, есептерді шешуді қамтиды. СӨЖ тапсырмасында тақырып атауы, сабақтың мақсаты, сұрақтары, мәнжазбалар тақырыптары, эссе, сұрақтар, оларды орындау бойынша нұсқаулар, әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Студент өзі жеке оқу-әдістемелік материалдардың барлық жиынтығын қарастырады, нақты тапсырманы өзекті жағынан зерттей отырып орындайды.СӨЖ-дің тиімділігі көп жағдайда оның әдістемелік қамтамасыз етілуіне байланысты болады.

Өзіндік дайындыққа арналған тапсырманың басты мақсаты – студенттердің тәжірибелік материалдармен жұмыс істей білуін үйрету, дауларды шеше отырып, нормативтік құқықтық актілерді қолдана білуін меңгерту.

Курс бойынша студенттің өзіндік жұмысы аудиторияда алған білімін бекітіп, тереңдету ғана емес, сондай-ақ студенттердің шығармашылық дағдыларының, бастамаларының дамуына және өз уақытын ұйымдастыра білуіне ықпал ету.

Өзіндік жұмысты орындау кезінде студент теориялық материалдарды, оқу әдебиеттерін қарастырып отыруы қажет, оқытылатын тақырып бойынша нормативтік актілерді талдап, ғылыми мақалалармен танысуы тиіс.

СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы). Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша аудиториялық сабақ түріндегі оқу жұмысы нысандарының бірі. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

  1. Кеңес беру:

А) пәннің әр тақырыбы бойынша студенттің өзіндік жұмысына көмек;

Б) бағдарлама метериалын меңгеру үшін жұмыс әдісін таңдауға көмектесу;

В)студент үшін күрделі тақырыпты қайта тыңдауға мүмкіндік жасау, оқу материалын бекіту үшін тәжірибелік тапсырманы орындау;

Г)оқу материалын тереңірек білуге ықпал ету;

Д)ғылыми саладағы өзіндік жұмысына көмектесу;

2. бақылау функциясы- бұл ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулар мен студенттің оқуға деген ұмтылысын арттыру үшін білімді бағалау барысында жүзеге асырылады.

СОӨЖ- студенттің оқытушымен бірлескен жұмысы, өйткені оқу процесі диологтік режимде, яғни сұрақ-жауап арқылы, әскерлік ойындар, талқылаулар, тренинг, шағын топтарда жұмыс істеу, қысқаша баяндама т.б. тәсілдерде өткізіледі.

СОӨЖ үшін материалдар тақырып атауын, сабақтың мақсатын, өткізу нысанын, теориялық материалға сүйене отырып сабақта талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтарды,бақылау сұрақтарын, тақырып бойынша есептер шығаруды, әдістемелік нұсқауларды қамтиды. СОӨЖ кезінде студент бақылау, курстық және семестрлік жұмыстар үшін тапсырмалар алады, оқытушыдан кеңес алады және білімі бағаланады. Оқытушымен тұрақты түрде студент жетістігін есепкке алу жүргізіліп, арнайы журналға қойылып отырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]