Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 озиндик жумыс Документ Microsoft Office Wor...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.54 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

"Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университеті”

Факультет Халықаралық қатынас

Кафедра Халықаралық құқық

«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» пәнінен

СОӨЖ, СӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖОСПАРЫ

Оқу нысаны: күндізгі

Курс 2 семестр 4

Кредит саны ___2

Аудиториялық дәріс – 15 сағат

Семинар сабағы – 15 сағат

СОӨЖ – 30сағат

СӨЖ – 30сағат

Барлық сағат саны _90

Емтихан – 2 сағат

Дайындаған:

Халықаралық құқық кафедрасының

аға оқытушысы., з.ғ.м.

Мырзатаев Н.Д.

Алматы, 2014 жыл Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Модуль 1 – 7с.

С1. #1 оқу кейсі: Мемлекет түсінігі және жалпы сипаттама

С2. #2 оқу кейсі: Құқық түсінігі, оның белгілері және қалыптасу әдістері

С3. #3 оқу кейсі: Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы

С4. #4 оқу кейсі: Әкімшілік құқықтың ұғымы, мәні мен мақсаты

С5. #5 оқу кейсі: Азаматтық құқықтың түсінігі мен жүйесі

С6 #6 оқу кейсі: Отбасы құқығының негіздері

С7 #7 оқу кейсі: Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздер.

С8 #8 оқу кейсі: Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері.

Модуль 2 – 8с.

С9. #9оқу кейсі: Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері.

С10. #10оқу кейсі: Қылмыстық құқықтың түсінігі мен құрлысы

С11. #11 оқу кейсі: Еңбек құқығының түсінігі, мәні және ерекшеліктері

С12. #12оқу кейсі: Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері

С13. #13 оқу кейсі: Қазақстан Республикасының жер құқығы.

С14. #14 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері

С15. #15 Халықаралық құқық негіздері.

Пән бойынша студенттердің оқытушылармен өзіндік (соөж) жұмысын ұйымдастыру үшін әдістемелік нұсқаулар.

Студенттің Оқытушымен Өзіндік Жұмыс өзінің кең мәнінде студентті дербес ойлауға, нормативтік акілермен жұмыс жасай білуге және білімге деген құлшынысын арттыруға көмек беретін кез-келген іс-әрекет түрі болып табылады.

Студенттің Оқытушымен Өзіндік жұмыс жеке тапсырмаларды орындау баяндама әзірлеу, рефераттар мен конспектілер жазу түрлерінде жүзеге асырылады. Өзіндік жұмыс оқулықтарда немесе оқулықтардан тыс орындалуы мүмкін.Білім беру стандарттары өзіндік жұмысқа арналған сағат санын реттейді, сөйтіп оның білім беру жүйесіндегі тапқырлығын айқындайды.

«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» оқыту барысында өзіндік жұмыстардың (соның ішінде оқытушының қатысуымен) келесі нысандары қолданылады: жеке тапсырмаларды орындау, жазбаша жұмыстар, баяндамалар әзірлеу, әртүрлі конспектілеу, жағдайлық есептер дайындық т.с.с.

Студенттің Оқытушымен Өзіндік Жұмыстың барлық түрлерінің тиімділігін арттыру үшін ең алдымен негізгі және қосымша әдебиетпен таныстыру қажет. Бұл әдебиеттер әрбір тақырыптық және дәрістік материалдардың алдында талқылануы тиіс. Қажет ақпаратты тыңдап алғаннан соң, оны мұқият оқып, қысқаша конспектілеген жөн. Бұл, әсіресе топ алдында сөйлеуге дайындық үшін қажет болып табылады. Оқытушының басшылығымен орындалатын жұмыстардың өз талаптары бар. Жеке тапсрмаларды атқару ісі де тақырып бойынша материалдармен тапсыруды, қажетті сұрақтарды құрастыруды талап етеді. Мәселелерді қарастырып болғанан кейін қорытындылап үй тапсырмаларын берген абзал.

Мысалы«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» тақырыбын оқыту барысындағы өзіндік жұмыс негізгі әдебиетпен, дәрістік материалдармен тақырыптардан басталады да, нәтижесінде негізгі мәселелер және сұрақтар жөніндегі алғы шартты түсініктер қалыптастырылады. Келесі кезеңде тақырыпқа байланысты моделдер қарастырылады. Ол үшін талап және өзіндік белгілерді анықтау үшін қосымша әдебиет ұсынылып, соларды оқып, үйрену үрдісі жалғаса түседі. Жұмыстардың аяқталу кезеңінде көмекке оқытушының өзі келіп консультация уақытында туындаған сұрақтарды талқылап, түсіндіреді және оларды шешудің оңтайлы жолдары мен әдістеріне талдау жасалады.

Жеке тапсырмалар тізбегі болуы дұрыс деп есептелінеді.Ол ол ма студенттің ұсынысы бойынша тапсырмаға өзгерістер енгізіп, оның ғылыми жолдарын ескерген жөн.Әртүрлі тақырыптар бойынша алған білімдерді жүйелеу үшін салыстырмалы сараптама жүргізу ұсынылады.

Курстың ерекшелігі зерттеу обьектісінің көп түрлілігінде болса керек, сондықтан заң актілеріменжұмыс жасау және қорытындылау, аталған пәнді игерудің негізгі әдістеріне жатады. Ал, әдістерді жүзеге асырудың әртүрлі (мысалы,баяндама дайындау, тесттер, күрделі сұрақтарды қалыптастыру) мүмкіндіктері қарастырылған.

1.Реферат. Студентте бір тақырыпты таңдау құқығы бар, осы тақырып бойынша ол материалдарды жинап, қорғау үшін реферат әзірлеу тиіс. Рефераттардың қорғалуы оқытушымен тағайындалған мерзімде өткізіледі (сабақ кестесіне сәйкес).

Рефераттарды дайындау және рәсімдеу бойынша нұсқаулар

Рефератты жазғанда осындай жағдайларға назар аударылады:

Реферат ғылыми әдебиеттерде, сондай-ақ басқа ақпарат көздерінде (интернет, газеттер мен журналдар және т.б.) белгілі өзекті тақырып бойынша жарияланған концепциялардың айқындалуы болып табылады. Рефератта ешқандай жаңалықтың элементтері болуға тиісті емес, бұл жерде бірнеше қайнар көздерінде көрініс тапқан берілген тақырыптағы негізгі идеяларды сауатты айтып беру және оларды әр түрлі көзқарастар бойынша топтастыру жеткілікті болып табылады.

Рефераттың көлемі 5-тен кем емес және 15 баспа беттен артық емес болады. Рефератты Word 6,0 немесе 7,0 (Windows'2000) редакторы пішінде теру керек, бет үлгісі – А4; қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14.

Мәтінде артық, тақырыптан басқа жаққа алып кететін, керегі жоқ мәліметтер болмау тиіс. Реферат мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестілігі бағалаудың маңызды критериі болып саналады. Сондықтан рефераттың бас мақсаты ақпарат көздерін толық пайдаланып, авторлардың пікірлерін дұрыс түсіну және жұмыста оларды өзгертпей көрсете білу.

Рефераттың құрылымы қойылған міндеттемелерге байланысты.

Реферат титулдық беттен басталады. Одан кейін мазмұны көрсетіледі. Мазмұны рефераттың жоспары болып табылады, бұл жерде әр бөлімнің қасында тиісті беттердің нөмірі көрсетіледі.

Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді, сонымен бірге негізгі мәселелер, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, пайдаланған қайнар көздері сипатталады.

Жұмыстың негізгі бөлімі реферат логикалық қатарының басты элементі болып табылады. Ол бірнеше тараудан немесе біртұтас мәтіннен тұрады. Негізгі бөлімде кезегімен, тараулар арасындағы логикалық байланыстың сақталынуымен кіріспеде қойылған мәселесі сипатталады, осы сұрақ бойынша алуан пікірлер көрсетіледі, авторлық көзқарасы негізделеді. Қажет болған жағдайда рефераттың мәтіні суреттер, кестелер мен сызбалармен толықтырылады.

Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының теориялық мәселелеріне қатысты басты-басты қол жеткен тұжырымдары көрініс табады.

Рефераттын соңында библиографиялық тізімі яғни пайдаланылған әдебиеттер мен басқа қайнар көздерінен тізімі көрсетіледі.

Рефераттың рәсімделенуі де жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады, себебі рефераттың дұрыс рәсімделгені қорытынды бағаға ықпал етеді. Өзекті, қызықты жазылған рефераттың құнтсыз рәсімделуі бағаны төмендетуге негіз бола алады.

2. Жазбаша жұмыс. Белгілі бір тақырып немесе бірнеше тақырып, сондай-ақ бүкіл курс бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беруге дайындалу.

3. Логикалық тапсырмалар: студенттерге курсының әр тақырыптары бойынша логикалық тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынылған әдебиеттердің негізінде жазбаша нысанда орындалады.