ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір
хан
атындағы
Батыс
Қазақстан
аграрлық-
техникалық
университеті
Экономикалық емес мамандықтардың студенттеріне арналған
2,1(жедел) курс студенттеріне арналған
Әлеуметтік гуманитарлық модулінің
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша (пән атауы)
оқу бағдарламасы ( силлабус)
Орал – 2014 ж
КЕЛІСІЛДІ «Экономика және бизнес» факультетінің ОӘБ
төрайымы ___________ Досанова А.К. «___» _________ 20__ ж.
БЕКІТЕМІН «Экономика және бизнес»
факультетінің
деканы __________ Габдуалиева Р.С. «___» _________ 20__ ж.
Әлеуметтік гуманитарлық модулінің
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша (міндетті компонент) (пән атауы)
оқу бағдарламасы ( силлабус)
Құрастырушы: аға оқытушылар Жангалиева Е.С., Киматова Р.Г., Кубашева Г.А. лауазымы аты-жөні
«Менеджмент» кафедрасы кафедра атауы
«Экономика және бизнес» факультеті, 403,405 - кабинет Факультет атауы
Оқу бағдарламасы (силлабус) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, 2005 Жалпы білім беру пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары негізінде дайындалып жасалған.
Кредит саны – _____2___/___3___________ ҚР кредиттері / ECTS кредиттері
Дәріс – 10 сағат Практикалық – 20 сағат БАОӨЖ – 15 сағат БАӨЖ – 45 сағат Барлығы – 90 сағат Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды «___»___________2014 ж. №______хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Муфтигалиева А.А.
1. Пәннің сипаттамасы
1.1. Пәннің пререквизиттері: «Экономикалық теория негіздерін» оқудың алдында «Философия», «Қазақстан тарихы» сияқты пәндер өтіледі, олар студенттердің абстрактілі ойлау мен азаматтық позициясының негізін қалыптастырады.
1.2. Пәнді оқудың мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» пәнінің мақсаты студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтері туралы теориялық білім беру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда экономикалық дүниетаным мен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру болып табылады.
1.3. Міндеттер:
- әртүрлі экономикалық жүйелердегі мемлекеттің әрекет ету аясы туралы студенттердің теориялық білімдерін қалыптастыру;
- реттеу объектілері бойынша экономикалық құралдарды пайдаланудың ерекшеліктерін айқындау; - қазіргі экономикалық саясаттың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін танып-білуге студенттерді оқыту;
- студенттерге әртүрлі меншік формаларының мазмұнын, жекешелендірудің кезеңдері мен жүргізу формаларын талдауға көмектесу;
- студенттерге нарық механизмінің элементтерін, кәсіпкерліктің шарттары мен түрлерін түсінуге жағдай жасау;
- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру бойынша студенттердің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік жасау;
1.4. Пәннің қысқаша мазмұны (3-4 сөйлем)
Курстың мазмұны қазіргі нарықтық экономика жағдайында шектеулі ресурстар жағдайында оларды тиімді пайдалану жолдары маңызды болып табылады. Сондықтан да қазіргі экономиканың қызмет етуін түсіну үшін нарықтың әрекет ету механизмін және мемлекеттің экономикаға ықпал ету тәсілдерін анықтау қажет. Бұл мәселелер «Экономикалық теория негіздері» пәнінің циклында қаралған.
1.5. Оқыту нәтижелері: а (білім және түсіну)
- экономикалық мәселелер бойынша ғылыми мұрада жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу
- әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелей алу
В (білім және түсінулерді қолдану)
- шектеулі ресурстар жағдайындағы нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдерін білу - экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидаларын білу
С (пайымдауларыды шығару (құрастыру))
- жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық мүдделері мен стратегиялық басымдылықтарын тану
Д (коммуникативті дағдылар)
- экономикалық құбылыстардың өзара байланыста танудың саналы әдісі ретінде логика мен диалектиканы пайдалану, ақпаратты жүйелеу және қадғалай алу
Е (оқу дағдылары)
әлеуметтік бағытталған экономиканың Қазақстандағы үлгісінің институтционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің дұрыс жолын іздестіруде аналитикалық ойлау дағдыларын игеру
1.6. Пәннің постреквизиттері: Құқық негіздер, экология, институционалдық экономика, кәсіпорын экономикасы сияқты тұтас пәндер экономикалық теорияны оқытуда алынған білімді бекітуге және шоғырландыруға мүмкіндік береді.
