- •3. Морфологиялық талдау.
- •4. Дыбыстық талдау.
- •III. Жаңа білімді қалыптастыру
- •V.Семантикалық карта.
- •VIII.Венн диаграммасы
- •X.Қорытынды.
- •XI.Бағалау
- •Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
- •Қызығушылықты арттыру:
- •2.Сызбамен жұмыс:
- •4. Сабақты семантикалық картанымен жұмыс жасай отырып бекіту.
- •7.Оқушыларды бағалау
- •Қысқаша түсінік беру:
- •4.Сабақты қорытындылау:
- •6.Бағалау.
- •IV.Ой толғаныс.
- •Алтын сақа
- •Көлік түрлері
- •2.Мағынаны ашу.
- •Тапсырма /Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу/
- •5.Суретпен жұмыс:
- •6.Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту:
Көлік түрлері
Көлік атауы-кіслердің,тауардың,хабардың,мәліметтің және басқа нәрселердің бір жерден екінші жерге жеткізулуімен тікелей байланысты.
Айналыдағы өзіміз көріп жүрген барлық нәрсені ,тауарды,жиһазды,азық-түлікті,тұрмыстық бұйымдарды тасымалдау кезінде ,қандай да көлік түрі пайдаланады.Бір жерден екінші жерге жету үшін де әртүрлі көлікті пайдаланамыз.
Көлік түрінің негізгі төрт категориясы бар.Олар-қара жолмен,темір жол-мен,су жолымен, және әуе жолымен жүретін көліктер.
(68 сөз)
(Интернет желісінен)
Тапсырма: күрделі етістіктердің астын сыз.
ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір – бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі – екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4 – 5 – тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6 – дан 10 – ға дейін.
Ү.Үйге тапсырма: Етіс түрлерін қайталау.Келесі сабақта шағын тестілеу жұмысы алынатынын ескертемін
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1)Берілген мәтіннің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне мән бере отырып, тірек сөздерді жүйелеу, сол тіркестерді қатыстыра отырып мазмұндау. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындау.
2)Оқушының теориялық білімі мен берілген тапсырманы дұрыс орындау дағдысын дамыта түсу. Сауатты жазу дағдысын меңгерту, сөздік қорын молайту, тауып сөйлеу, ойын анық жеткізе білуге баулу.
3)Адамгершілік, өзінің туған жерін, салт-дәстүрлерін қастерлеуге тірбиелеу.
Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ
Әдісі: қатемен жұмыс, таратпа карточкадағы мәтін, талдау, мазмұнын айту
Көрнекілік: оқулық, мәтін, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /2 минут/
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ.Диктант дәптерлері таратылады.
1.Қатемен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар 10 минут ішінде жіберген қателермен сөздік жұмыстарын жүргізеді, дәптерлері жиналып алынады.
ІІІ.Тіл ұстарту сабағы
Әр қатардағы оқушыларға жеке кеспе қағаздарда жазылған мәтін таратылады немесе интерактивті тақтаға жазып көрсетуге де болады
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Тапсырмалар:
Мәтінді мәнерлеп оқып, өз сөзіңмен баянда.
Өзің де осы мәтін тәрізді туған жерің туралы шағын әңгіме жазып көр.
Ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз –сөздеріне морфологиялық талдау жаса.
Мәтіннен нақыл сөздерді теріп жаз. Мағынасын аш.
Отан туралы мақал-мәтелдермен толықтыр.
Үйге тапсырма: Етіс туралы тестік жұмыстар құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Есімше
Сабақтың мақсаты: Есімшенің туралы толық мағлұмат беру. Білімділік: Есімше-етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің жұрнақтары туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушылырға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету; Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.
Көрнекілік: Оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
-Оқу құралдарын тексеру;
ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша тестік жұмыс:
1.Етіс дегеніміз не?
А.Тек қана іс қимылоды білдіреді;
Б.Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.
В.Қимылдың, іс-әрекеттің болуғ болмауын білдіреді.
2.Етістің неше түрі бар?
А.5
Б.2
В.4
3.Сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі:
А.ырықсыз етіс;
Б.өздік етіс
В.өзгелік етіс
D.ортақ етіс
4.Қимылды, әс-әрекетті орындауыш өзге біреу /ұимылды өзге біреуге орындатады/
А.ырықсыз етіс;
Б.өздік етіс
В.өзгелік етіс
D.ортақ етіс
5.Қимылды орындаушы өзі істейді.
А.ырықсыз етіс;
Б.өздік етіс
В.өзгелік етіс
D.ортақ етіс
6.Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді
А.ырықсыз етіс;
Б.өздік етіс
В.өзгелік етіс
D.ортақ етіс
7.Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді.
А.ырықсыз етіс;
Б.өздік етіс
В.өзгелік етіс
D.ортақ етіс
8.Жасалу жолдары:
А.ырықсыз етіс: -ыл,-іл, -л, -ын,-ін,-н
Б.өздік етіс: -ын,-ін,-н;
В.өзгелік етіс: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз,-т
D.ортақ етіс: -ыс, -іс, -с.
ІІІ.Жаңа сабақ:Есімше
Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.
Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады.
Қызметі:
ЕСІМШЕ
септеледі
көптеледі
тәуелденеді
жіктеледі
етістік
есімдерше
Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады
№ |
Есімшенің жұрнақтары |
Мысалдар |
1. |
-ған,-ген,-қан,-кен |
ал-ған, кел-ген, айт-ұан, кет-кен |
2. |
-ар,-ер,-р Болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін –с жұрнағы жалғанады |
бар-ар, жүр-ер оқы-ма-с |
3. |
-атын,-етін,-йтын,-йтін |
жаз-атын, өр-етін, қара-йтын, кел-ме-йтін |
4. |
-мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек |
бар-мақ, кел-мек,айт-пақ, кет-пек |
ІҮ. Тақтамен жұмыс:
Арман бағана кетіп қалған./баяндауыш/ Сыпайы сырын сақтар. /баяндауыш/ Сөзді тыңдайтынға айт. /толықтауыш/ Естігенді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар./толықтауыш/ Оны көрген сайын баласы есіне түседі./пысықтауыш/
Оқулықпен жұмыс:
250-жаттығу: Мәтінді көшіріп жазып, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.
Ү. Тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, есімшелердің астын сызыңдар:
Ел қон-ба-с-а жер азады,
Жер бол-ма-с-а-ер азады.
Қатарынан оз-атын ұл биікте жүреді,
Ез атынып оз-атын ұл йықта жүреді.
Ат қадірін біл-ме-ген,
Есек ет-ер көлігін.
Тура биде ту-ған жоқ,
Ту-ған-ды биде иман жоқ.
Қара қылды қақ жар-ған.
ҮІ. Сергіту сәті. /Оқушыларға көз жаттығуларын жасату/
ҮІІ. Сабақты семантикалық картаның көмегімен қорытындылау.
Мысалдар |
Өздік етіс |
Өзгелік етіс |
Ырықсыз етіс |
Ортақ етіс |
Есімше |
Айтылды |
|
|
+ |
|
|
Жаздыр |
|
+ |
|
|
|
Көрген жоқ |
|
|
|
|
+ |
Айтармын |
|
|
|
|
+ |
Айтыс |
|
|
|
+ |
|
Киіндім |
+ |
|
|
|
|
Көрсетті |
|
+ |
|
|
|
Сөйлесермін |
|
|
|
+ |
+ |
Бастамаспын |
|
|
|
|
+ |
Келмес |
|
|
|
|
+ |
Бітірген |
|
|
+ |
|
+ |
Барған |
|
|
|
|
+ |
Келген |
|
|
|
|
+ |
Сұрайтын |
|
|
|
|
+ |
ІХ. Үйге:
Есімше туралы ережені түсініп оқу;
Есімшелері бар 5 мақал-мәтел жазып келу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: Есімшенің жасалуы жайында толық мағлұмат беру. Білімділік: Есімше-етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдарына тоқталу. Дамытушылық: оқушылырға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету; Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.
Көрнекілік: Оқулық, дидактикалық қосымша, есімшелердің жұрнақтарын плакатқа жазып қою.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
-Оқу құралдарын тексеру;
ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша:
Етіс дегеніміз не?
Етістің неше түрі бар?
Жасалу жолдары, етістің жұрнақтары қандай?
Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
Оқушылар дайындап әкелген мақал-мәтелдерін оқиды.
ІІІ.Жаңа сабақ:Есімшенің жасалу жолдары.
Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.
Есімше бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады.
Қызметі:
Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады.
ЕСІМШЕ
септеледі
көптеледі
тәуелденеді
жіктеледі
етістік
есімдерше
Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады.
ІҮ. Оқушылар мысалдарды тақтаға жазады, талдайды:
Көрген көзде жазық жоқ.
Адасқанның айыбы жоқ.
Айтар сөзіңді айтып қал.
Көрмес түйені де көрмес.
Бітіргендер сыртқа шықты.
Тест тапсыратындар отырып дайындалды.
Ескертпе: Есімше етістіктің және туынды түбірлеріне , сондай-ақ етіс пен болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар қосылу арқылы жалғанады.
-ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады.
-ар,-ер,-р және болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін –с жұрнағы жалғануы арқылы болжалды келер шақ жасалады.
-атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады
-мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады
Ү. Жаттығулар орындау
251-жаттығу Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Түсінгенде, болар, түсінбейтін, мал қимайтын, айтқаның, айтпаған, қалағандарың, келмеген, сенбеген т.б.
252-жаттығу.Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, сөйлемдерді талдаңдар.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
Есімшенің жасалу жолдары туралы?
Есімше сөйлемде қандай қызмет атақарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
ҮІІ. Үй тапсырмасы:
Есімше туралы ережелерді оқиды, ереже дәптерлеріне жазады.
Сыныпта үлгермеген жаттығуларды, мәтінді аяқтайды.
Есімше туралы сөзжұмбақ, ребус, тестік жұмыс құрастырып келу тапсырылады.
Сабақтың тақырыбы: Көсемше
1.Оқушылардың көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой-өрісін, білім-біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
2.Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Әдісі: хабарлау, баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылықьты ояту, мағынанны тангу, ой-толғаныс.
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Көрнекілік:оқулық, әдістемелік, сызбалар, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
-Оқу құралдарын тексеру;
ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша:
Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
Есімшенің жасалу жолдары туралы?
Есімше сөйлемде қандай қызмет атақарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
Есімше туралы сөзжұмбақ, ребус, тестік жұмыстарын көрсетіліп, талданады.
ІІІ.Жаңа сабақ: Көсемше
1.Қызығушылықты ояту: /3 минут ішінде оқушыларға тіл туралы өлең жолдарын айтқызуға болады/
Менің тілім - Өзгелерден ерек тым Тілім барда қысылмаймын, өжетпін! Орыстардың шолақ келер сөздерін, Қазақ тілмен кестеледім, көп еттім! Өзге тілдің ұзақ сонар сөйлемін Мақалменен нұсқа айтып дөп еттім!
