Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сынып қазақ тілі дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.79 Кб
Скачать

Алтын сақа

Жас он сегізден асқан Зере ана аяғы ауыр тартып, ай-күні толар мезгілде таңғажайып бір түс көреді. Түрлі-түсті суреттер алмасқан түсінде ері Өскенбай алтын сақаны иіріп отырған көрініс айрықша жадында жатталып, жас ана түсін жақсылыққа жориды. Мұны естіген үлкен-кішілер де «Өскенбай иірген алтын сақаны «аймаңдай ер бала дүниеге келеді» екен деп долбарласады.

Айтса айтқандай, сәт сағаты туып, дене бітімі өте кесек, сүйегі іріліктің баршы нышанын танытып, қол аяңы балғадай перзент шыр етіп дүниеге келеді. Ежелгі дәстүр бойында, үш күндік мерзім ішінде нәрестеге ат қойып, құлағына үш рет үшкіргенде сыйлы ауыл қариясы немесе шежіреші дана адам нені мақсат тұтынып, нендей жайға ырымдағаны белгісіз, әйтеуір сәбиді «Құнанбай» деп ныспылапты.

Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы, қыр мұрын, сұлу болған. Балғын, зор денесі балуандыққа, өткір көзі ерлікке, басы адалдыққа біткен. Әкесі молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған.

Зерек, алғыр, өте ұғымтал, сонымен қатар қатал, пысық, еті тірі Құнаш өзінді қасиеттермен көзге түсіп өседі.

Тапсырмалар:

а)Мәтіннің мазмұнын түсініп айту;

ә)Сөздікпен жұмыс:

Ныспылапты-

Долбарласады-

Үшкіргенде-

Шежіреші-

Қол аяғы балғадай-

Б)Оқушыны логикалық ойға жетелейтін сұрақ қою:

1.Зере ананың түрлі-түсті суреттер алмасұан түсі?

2.Үлкен-кішінің түсті жоруы?

3.Өмірге келген нәресте кім?

4.Құнанбайдың келбеті?

В)Мәтінге сипаттама жаз:

Мысалы: Мәтін маған өте әсерлі болды, өйткені мәтіннен....

Г)Мына сөздерге синонимдік қатар құра.

Нәресте - перзент, бала, ер бала, бөпе т.б.

Ныспылапты- атапты, есімін қойыпты т.б.

Ырым - салт дәстүр, ата салт т.б.

Сүйегі ірі- үлкен, алпамсадай, қапсағай т.б.

Ғ) қария, шежіреші, нәресте сөздеріне фонетикалық талдаулар жаса.

ІҮ. Қорытынды: Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Ауызша тестік сұрақтар қойылады.

1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.

А) –а, -е. В) –ба, -бе. С) –жоқ. D) –емес. E) –ды, -ді.

Дұрыс жауап: В

2.Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді. В) Болады. С) Жазып отыр. D) Ұзын болады. E) Көрінбейді.

Дұрыс жауап: Е

3. Туынды етістікті белгілеңіз.

А) Келеді. В) Жеңілдік. С) Тазала. D) Таза. E) Келуші.

Дұрыс жауап: С

4.Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта. В) Жу. С) Тісте. D) Жуын. E) Баста.

Дұрыс жауап: В

5. Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) –шы. В) –у. С) –ла. D) –ға.E) –рақ.

Дұрыс жауап: С

Ү.Үйге тапсырма: Етістіктер туралы толық қайталау.

ҮІ.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Етістер

1)Етіс туралы толық түсінік бере отырып, оның түрлерімен таныстырып өту.Жасалу жолдарын көрсету, айырмашылықтарын айқындау.

2)Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру.

3)Адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: деңгейіне қарай сатылай оқыту

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге етістіктен өткенді қайталап келу берілген.

Ол үшін кестені қолдану және төрт балаға қайталауға арналған карточка беру.

Етістік

Түрлері

Мысалдар

1.Тұлғасына қарай

Негізгі

Оқы, жаз, бар, кел, кел, бер

Туынды

Тұзда, гүлде, ойна, ойла, кешік, тазар

2.Мағынасына қарай

Салт

Бар, кел, отыр, жүр, тұр,шық

Сабақты

Жаз, ал, бер, айт, аш, аш, жап

3.Құрамына қарай

Дара /негізгі/

Жаз, оқы, ойна, гүлде

Күрделі /көмекші етістіктер/

Барып кел, кіріп шық, келіп кет, алып бар, алып қайт

Алдап-сулап, қабыл ал, арып-ашып т.б.

4.Іс-әрекеттің орындалуына қарай

БОЛЫМДЫ

Бар, кел, оқы, жаз

БОЛЫМСЫЗ

Барма, барған жоқ, келген емес

ІІІ.Жаңа сабақ:Етістер. Өздік етіс

Етістер іс істеуші мен іс-әрекеттің арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің ерекше бір түрі. Ол төрт түрге бөлінеді.

Өздік етіс орындаушы әрекет

Жұрнағы:-н, -ын, -ін

Мысалы: көр-ін-ді, тара-н-ды

Өзгелік етіс орындаушы әрекет

Жұрнағы:-қыз,-кіз,-ғыз,-гіз

-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір,-т

Орындатушы Мысалы: ашқызды, бергізді, ойдырды, оқытты

Ортақ етіс орындаушы Әрекет Орындаушы

Жұрнағы:-ы, -ыс,-іс

Орындаушы Мысалы: атысты, тарасты

Ырықсыз етіс ? Әрекет

Жұрнағы:-ыл, -іл, -л,-ын,-ін, -н

Мысалы:терілді, шегеленді

IV. Тақтамен жұмыс

Мысалдар:

1.Жанат жуынды, таранды, киінді.

2.Омар Әсияға кітап оқытты, мазмұнын айтқызды.

3.Студенттер егін жиысты, алма терісті.

4.Мәдениет үйіне орындық қойылды, шам жағылды.

/Балалар тақтадағы сөйлемдерден етістіктерді тауып астын сызады/.

1-сөйлемде жуынды, таранды, киінді. Мұнда қимыл іс жасаушы кім? Қимыл жасаушы да,қимылды жұмсайтын нысан да өзі (Жанат).

Осы жерде ереже шығады: Қимыл бір адамнан шығып, өзіне бағытталған етістің түрі өздік етіс деп аталады. Жұрнақтары: -н, -ын, -ін.

2-сөйлемде қимылды істеуші Әсия да /оқытты, айтқызды/, оған ұйтқы болған Омар, кітап-нысан. Яғни істі орындаушы мен орындатушы бар. Іс-әрекетке қатысты адам-екеу. Етістің мұндай түрын-өзгелік етіс дейміз

3-сөйлемде жиысты, терісті деген қимылды орындаушы көп, бір адам емес, бірнеше адам, ортақтасып істейді. Сондықтан мұндай етісті ортақ етіс дейміз.

4-сөйлемде: қойылды, жағылды дегенде қимылды орындағандар айтылмайды.Іс-әрекет өзінен-өзі істелген сияқты. Демек істеуші көрсетілмейтін етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.

Ү.Суретпен жұмыс:

Сөйлем құрау:

1.Мұғалім Зәуреге тақтаға сөз жазғызды. /өзгелік/

2.Апай шәкіртіне сабақ айтқыздырды /өзгелік/

3.Зәуренің күнделігіне бестік қойылды /ырықсыз/

ҮІ. Оқулықпен жұмыс:

238-жаттығу:Берілген сөздерден өздік етіс жаса.

Сабақты етістік

Жұрнақтар

Өздік етіс

Ора

Оранды

Көр

-ін

Көрінді

Сез

-ін

Сезінді

Жасыр

-ын

Жасырынды

Сыла

Сыланды

Тазала

Тазаланды

Сүрт

-ін

Сүртінді

Ки

-ін

киінді

239-жаттығу:Көшіріп жазып өздік етістің астын сызыңдар.

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

  1. Сонымен етіс дегеніміз не?

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын ,тістіктің түрі етіс деп аталады.

2.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

Ү.Үй тапсырмасы:

Етіс туралы ережені түсініп оқу;

240-жаттығу: Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аудару. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.Мәтіндегі көнерген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

ҮІ.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы:Өзгелік етіс

1)Етіс туралы толық түсініктерін қайталата отырып, өзгелік етістің жасалу жолдарын көрсету, айырмашылықтарын айқындау.

2)Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру.

3)Адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

Етіс туралы ережені еске түсіру:

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын ,тістіктің түрі етіс деп аталады.

2.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

3.Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

-Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады.

240-жаттығу: Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аудару. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.Мәтіндегі көнерген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ: Өзгелік етіс

Қысқаша түсінік:

Ө згелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің, яғни субьектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтары -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз:отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз;

-дыр,-дір, тір, -тыр,-ыр,-ір: сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр;

-т: жаса-т, сөйле-т т.б.

ІҮ. Тақтаға мысалдар жазып, талдау:

Ол баласына өлең айтқызды.Үй иесі бізге малды күзеттірді.Сен жұртты сөйлетпедің.

/бұл сөйлемдерде

А йту

К үзету қимылды істеуші:ол, үй иесі, сен

С өйлеу

қ имыл, іс-әрекетті екінші біреу арқылы баласы, біз, жұрт

арқылы істеп отыр

Ү.Оқулықпен жұмыс:

241-жаттығуБерілген сөздерден жұрнақ жалғау арқылы өзгелік етіс

жасаңдар.

Көбей-т-тір, ойлан-дыр, оқы-т-қыз, өсір-гіз, жуын-дыр, айқайла-т-қыз, ал-дыр-т, өшір-гіз-дір,құтқар-т-қыз, жина-т, жап-тыр-т, түсір-т-тір, сын-дыр-т, күй-дір-гіз, өт-кіз т.б.

242-жаттығуы: Сөйлемдердің құрамындағы өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тарт-тыр+ып, ізде-т-тін-ген-дей, бөге-т, өт-кіз-іп, іш-кіз-ді, ер-т-іп, жат-қыз-ып

Тоқта-т-ып, оз-дыр-дық, ал-дыр-ып, түйдек-те-т-іп, оқы-т-тыр-ып, таны-т-ып.

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

  1. Сонымен етіс дегеніміз не?

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын ,тістіктің түрі етіс деп аталады.

2.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

3.Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

-Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады.

4.Өзгелік етіс деген не, жұрнақтарын ата:

қимылдың, іс-әрекеттің, яғни субьектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтары -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз:отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз;

-дыр,-дір, тір, -тыр,-ыр,-ір: сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр;

-т: жаса-т, сөйле-т т.б.

Ү.Үй тапсырмасы:

Өзгелік етіс туралы ережені түсініп оқу;

243-жаттығу: Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркестері мен сөйлем құраңдар.

ҮІ.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс

1)Етіс туралы толық түсініктерін қайталата отырып, ырықсыз етістің жасалу жолдарын көрсету, айырмашылықтарын айқындау.

2)Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру.

3)Адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

1.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

2.Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

-Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады.

3. Өзгелік етіс деген не, жұрнақтарын ата:Қимылдың, іс-әрекеттің, яғни субьектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтары -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз:отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз;

-дыр,-дір, тір, -тыр,-ыр,-ір: сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр;

-т: жаса-т, сөйле-т т.б.

243-жаттығу: Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркестері мен сөйлем құраңдар.

Жүктерді түсірткіз. Асан апасының жүктерін түсірткізуге көмектесті.

Мұражайды көрсеткіз. Зәуреш ауылдан келген анасына Қарағандыдағы мұражайды көрсеткізді.

Мәтінді оқыттыр. Қазақ тілі мұғалімі тіл ұстарту сабағында мәтінді мәнерлеп оқыттырды.

ІІІ.Жаңа сабақ:Ырықсыз етіс

Ережесі

Жұрнақтары

мысалдар

Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істететіндігі көрініп тұратын етістің түрі

-ыл,-іл,-л

Түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғанады.

Сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй тазала-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т.б.

ІҮ.Мағынаны тану:

Тақтаға сөздер ілінеді оқиық: ашылды, қойылды, айтылды, берілді, салынды, шешілді, құйылды, жасалды. Осы сөздерге морфологиялық талдау жасайық.

Әр қатардағы оқушылар 2 сөзге талдау жасайды.  Осы сөздерден сөйлем құрап айтыңдар. Бұл сөйлемдерде етістер қандай іс әрекетті білдіріп тұр? Іс әрекет өздігінен орындалғанын білдіреді. Қимыл иесі айтылмайды. Бұл етістер қандай жұрнақтармен жасалды? ( -ыл, -іл, -л, -ын,-ін, -н)

Ү.Оқулықпен жұмыс:

244-жаттығуды орындау. Оқып шығып, ырықсыз етістерді теріп жазу. Ырықсыз етістердің жасалуын талдау.246- жаттығу. Мәтінді оқу. Ырықсыз етістерді теріп жпзу. Қосылып, тігілген, ағылып, қысылып, бұрылды.

Ү. Салыстыру:

Балалар, ырықсыз етіс қандай етіске ұқсайды? Айырмашылығы мен ұқсастығын

Венн диаграммасы арқылы көрсетейік.

Венн диаграммасы:

Өздік етіс

Ортақ қасиеті:

Ырықсыз етіс

Қимыл

іс иесіне бағытталады

 

-ын, -ін, -н жұрнақтары

 

Қимыл иесі айтылмайды

-ыл, -іл, -н жұрнақтары

VІІ. Сабақты қорытындылау: «Бір айналым сөз» Әр қатардағы оқушылар берілген сөзбен  5 минут ішінде мәтін құрастырады. Бірінші оқушы айтқан сөйлемдегі ойды келесі оқушылар, топ мүшелері, жалғастырады.

І қатар. «Домбыра».

ІІ қатар. «Ән»

ІІІ қатар. «Би», «Қобыз» деген сөздермен мәтін құрастырады.

Оқушылар жазған мәтіндерден үзінді оқу:

Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы. Онымен әр түрлі күйлер тартылады. Домбыраның сүйемелдеуімен ән де айтылады. Домбыраның үні мені терең ойға батырады. Бұрынғы кезде домбыра әр қазақтың төрінде ілініп тұрған.

Қандай етіс түрлері кездесті?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

245 – жаттығу.Ырықсыз етістерді қолданып мәтін құраңдар.

Етіс туралы ережелерді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс

1)Етіс туралы толық түсініктерін қайталата отырып, ортақ етістің жасалу жолдарын түсіндіру, мысалдар келтіру.

2)Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдам ой қорытуға дағдыландыру.

3)Адалдыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

1.Етіс нешеге бөлінеді?

-Өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс

245 – жаттығу. Ырықсыз етістерді қолданып мәтін құраңдар. /оқушылардың жаттығу желісі бойынша жазған мәтіндері тыңдалып бағаланады.

ІІІ.Жаңа сабақ: Ортақ етіс

Қызығушылықты ояту.

Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешіледі.

1.Сан есімнің мағыналық түрі.

2.Қимыл иесі арнайы айтылмайтын етістің түрі

3.Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы.

4. Кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін септік?

5. Сапалық сан есімді ата.

Т

О

П

т

а

у

Ы

Р

Ы

қ

с

ы

з

Е

Т

І

с

т

і

к

А

Т

а

у

А

Қ

Етістіктің соңғы түрі ортақ етіспен танысамыз.

Ережесі

Жұрнақтары

Мысалдар

Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы орындаушы көп, бір адам емес, бірнеше адам, ортақтасып істейді. Сондықтан мұндай етісті ортақ етіс дейміз.

-ыс, -іс, -с

Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

247-жаттығу: Берілген етістерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар, түбір мен қосымшаның арасын жұрнақ арқылы ажыратыңдар. Сөйлем құраңдар.

Ал-ыс-ты, бөге-с-ті, тасы-с-ты, тіг-іс-ті, бағ-ыс-ты, тазала-с-ты, жу-ыс-ты, айт-ыс-ты, қой-ыс-ты, жөнде-с-ті, апар-ыс-ты, тоқы-с-ты, тер-іс-ті, жаз-ыс-ты т.б.

Алысты, тасысты, тігісті -ортақ етістеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

248-жаттығу: Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрғанын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.

Ортақ етіс

Түбірі

Жұрнағы

Дуылдасып

Дуыл

-да-бұйрық рай тудыратын жұрнақ, -с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ,-ып-көсемшенің жұрнағы;

Татысқан

Таты

-с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -қан-есімшенің жұрнағы;

Сырласып

Сыр

-ла –туынды етістік жасайтын жұрнақ, -с-ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып-көсемшенің жұрнағы;

Жымыңдасып

Жымың

-да- етістік жасайтын жұрнақ, -с –ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып-көсемшенің жұрнағы;

Мәтіннен фразеологизмдерді тауып, мағынасын ашыңдар.

Ү. Сабақты қорытындылау:

Ортақ етіс жасайтын жұрнақтарды атаңдар, мысал келтіріңдер

-ыс, -іс, -с: Арман мерекелік жиында өз өнерін көрсетуге бірден кел-іс-ті. Қарияның қол сөмкесін көтер-іс-ті .

Семантикалық карта толтыру: /тақтаға сызылады немесе әрбір оқушыға сабақтың соңына 5 минут қалғанда таратылып беріледі.

Мысалдар

Өздік

өзгелік

Ырықсыз

ортақ

Жазысты

+

Сөйлесті

+

Отырғызды

+

Салдыр

+

Үй тазаланды

+

Сөз айтылды

+

Көбейттір

+

Оранды

+

Таранды

+

Жуынды

+

ҮІ. Үй тапсырмасы: Етіс туралы өткен тақырыптарды қайталау.

249-жаттығу: Сөлімдерді көшіріп жазыңдар. Құрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасаңдар.

126-беттегі пысықтауға арналған сұрақтар бойынша дайындалу.

ҮІІ.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көлік түрлері»

Мақсаты:

1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.

2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы

Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.

Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

-Сәлемдесу;

-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,

-диктант дәптерлері таратылып беріледі.

ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.

Мәтін: