- •3. Морфологиялық талдау.
- •4. Дыбыстық талдау.
- •III. Жаңа білімді қалыптастыру
- •V.Семантикалық карта.
- •VIII.Венн диаграммасы
- •X.Қорытынды.
- •XI.Бағалау
- •Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
- •Қызығушылықты арттыру:
- •2.Сызбамен жұмыс:
- •4. Сабақты семантикалық картанымен жұмыс жасай отырып бекіту.
- •7.Оқушыларды бағалау
- •Қысқаша түсінік беру:
- •4.Сабақты қорытындылау:
- •6.Бағалау.
- •IV.Ой толғаныс.
- •Алтын сақа
- •Көлік түрлері
- •2.Мағынаны ашу.
- •Тапсырма /Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу/
- •5.Суретпен жұмыс:
- •6.Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту:
IV.Ой толғаныс.
Берілген болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар:
Бар-барма асық-асықпа бөгел-бөгелме ти-тиген емес
Көр-көрме жүгір-жүгірме сүрін-сүрінбе ұмыт-ұмытпа
Сыз-сызба шула-шулама күл-кұлме жоғалт-жоғалпа
Тіз-тізбе айқайла-айқайлама жағалас-жағаласпа атта-аттама
Айт-айтпа тарық-тарықпа сыз-сызған жоқ секір-секірме
Түс-түспе кешік-кешікпе теп-тепкен жоқ боя-бояма
Ескертпе: болымды етістіктерге жоқ, емес көмекші сөздерінің тіркесіп келуі арқылы да болымсыз етістік жасалады.
Барған, келген –барған жоқ, келген емес
Айтқан, кеткен-айтқан жоқ, кеткен емес
Салатын-салатын емес т.б.
228-жаттығу: Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар. /ауызша орындату/
V.Тестік жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.
1.Болымсыз етістіктің жұрнағын табыңыз.
А) –а, -е. В) –ба, -бе. С) –жоқ. D) –емес. E) –ды, -ді.
Дұрыс жауап: В
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Мекендейді.В) Болады.С) Жазып отыр.D) Ұзын болады.E) Көрінбейді.
Дұрыс жауап: Е
3. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
А) Табиғат- халық қазынасы.
В) Адамдардың табиғатсыз күні болмайды.
С) Табиғаттың байлығын қорғай білуіміз керек.
D) «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылған.
E) Қазақстанда аң-құстар, өсімдіктер қамқорлыққа алынған.
Дұрыс жауап: В
4.Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.
А) Жаңбыр В) Жауса. С) Біз. D) Ешқайда. E) Бармаймыз.
Дұрыс жауап: Е
5. Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Аяқта. В) Жу. С) Тісте. D) Жуын.E) Баста.
Дұрыс жауап: В
6. Етістік тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
А) –шы. В) –у. С) –ла. D) –ға. E) –рақ.
Дұрыс жауап: С
7.Туынды етістікті табыңыз.
А) Мырзалық. В) Жеңілдік. С) Сәндік. D) Ойлану. E) Тазалық.
Дұрыс жауап: D
8.Күрделі етістікті көрсетіңіз.
A) Есептеледі.B) Қарамаған.C) Басылған.D) Сенеміз.E) Кездесіп тұрады.
Дұрыс жауап: E
VI.Үй тапсырмасы:
1.Ережені түсініп оқу;
2. 231-жаттығу: Сөйлемдердің құрамындағы етістіктерді тұлғасына қарай үлгі бойынша талдаңдар.
232-жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқып, өлең жолдарындағы болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғандығын анықтаңдар.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы:Салт және сабақты етістік.
Мақсаты:Етістіктің мағынасына қарай бөлінетін түрі салт және сабақты етістіктер туралы түсіндіру.
Білімділік:Салт және сабақты етістіктердің жасалуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, өнер-білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі
-оқушылармен сәлемдесу;
-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
-оқу құралдарын ретке келтіру, бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Болымды және болымсыз етістіктер туралы қайталау.
-Болымды етістік дегеніміз не?
-Болымсыз етістік дегеніміз не?
-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
Ә)Жаттығуларды тексеру:
231-жаттығу: Сөйлемдердің құрамындағы етістіктерді тұлғасына қарай үлгі бойынша талдаңдар.
232-жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқып, өлең жолдарындағы болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғандығын анықтаңдар.
ІІІ.Жаңа сабақ: Салт және сабақты етістік.
Мағынасына қарай |
|
Салт етістік |
Сабақты етістік |
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді. |
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал. |
Ескертпе:
1.Кейде етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады.
Өзгелік етістің жұрнақтары:ғыз,-гыз,-қыз, -кіз,-дыр,-дір,-ыр,-ір,-р салт етістікке жалғанса оны сабақты етістікке айналдырады:
салт етістік сабақты етістік
шам сөнді шамды сөн-дір-ді
бала кетті баланы кет-ір-ді
гүл өседі гүлді өс-ір-ді
Ырықсыз етістің жұрнағы сабақты етістікке жалғанып, салт етістікке айналдырады:
Сабақты етістік салт етісті
Әңгімені айтты әңгіме айт-ыл-ды
Хатты жазды хат жаз-ыл-ды
Кітапты түгел оқыды кітап түгел оқы-л-ды
ІҮ. Тақтамен жұмыс:
Оқы, жаз,кел, айт деген сөздерге табыс септігін қажет ететін, етпейтін сөздерді тіркестіріп жаз.
Кітапты оқы, өлеңді оқы, кітап оқылды, әріпті жаз, үйге кел, маған кел, құпияны айт, әңгіме айтылды т.б.
Ү.Жаттығулар орындау:
233-жаттығу: мақал-мәтелдердегі ойды таратып айтыңдар, құрамындағы етістіктерді тауып, олар қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаңдар. Қайсысы сабақты, қайсысы салт етістік екендігін ажыратыңдар.
235-жаттығу: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, салт етістіктердің астын ирек сызықпен сызыңдар.
ҮІ.Сабақты Венн диаграммасы арқылы салыстыра отырып қорытындылау.
Сабақты етістік ұқсастығы Салт етістік
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.Салт етістіктер:барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді
Екеуі де етістіктің мағынасына қарай түрлері.
Етістің жұрнағы жалғанғанда екеуі де өзгеріске ұшырайды
ҮІІ.Үйге тапсырма:
1. Ережені түсініп оқу;
Сыныпта үлгермеген жаттығуларды аяқтау;
236-жаттығу: «Адамгершілік-кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жазу. Оған төмендегі берілген сөз тіркестерін келтір.
ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Өзгерген өңірде»
Мақсаты:
1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.
2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.
3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы
Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу;
-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,
-диктант дәптерлері таратылып беріледі.
ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.
Мәтін:
Өзгерген өңірде.
Біз жылда бақша саламыз. Жиырма-отыз түп ағаш бауымыз да бар. Көбісі алма. Өрік, шие, алмұрттан да құр алақан емеспіз. Бүлдірген, қарақат, қарлығандар жеміс береді. Қауын, қарбыз, помидор, қияр,жуа, сәбіз, қызылша, капуста дегендерді сатып алған емеспіз. Он шақты түптен болса да күнбағыс, бұршақ, жүгері егеміз.Мөлдек-мөлдек картоп айдап тастаймыз. Бұл бір жағынан, оқып жүрген балаларға тиімді. Әрі еңбек, әрі тәжірибе. Жер-ананың жемісін аузымен жеп қана қоймай, оны өсіру қанша- ма маңдай тері мен михнатқа түсетінін білетін болады. Адам қолынан құдіретті не бар! Осыдан бес-алты жыл бұрын бұл өңір елсіз алқап болатын. Бар өсетіні тікенекті тырбық бұта мен кісі бойы қурай болушы еді. Ал қазір ше? 106 сөз. ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.
Мәтін:
Тапсырма: морфологиялық талдау
ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір – бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі – екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4 – 5 – тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6 – дан 10 – ға дейін.
Ү.Үйге тапсырма: Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік түрлерін қайталау.Келесі сабақта шағын тестілеу жұмысы алынатынын ескертемін
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1)Берілген мәтіннің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне мән бере отырып, тірек сөздерді жүйелеу, сол тіркестерді қатыстыра отырып мазмұндау. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындау.
2)Оқушының теориялық білімі мен берілген тапсырманы дұрыс орындау дағдысын дамыта түсу. Сауатты жазу дағдысын меңгерту, сөздік қорын молайту, тауып сөйлеу, ойын анық жеткізе білуге баулу.
3)Адамгершілік, өзінің туған жерін, салт-дәстүрлерін қастерлеуге тірбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдісі: қатемен жұмыс, таратпа карточкадағы мәтін, талдау, мазмұнын айту, түсіндіру
Көрнекілік: оқулық, мәтін, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /2 минут/
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ.Диктант дәптерлері таратылады.
1.Қатемен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар 10 минут ішінде жіберген қателермен сөздік жұмыстарын жүргізеді, дәптерлері жиналып алынады.
ІІІ.Тіл ұстарту сабағы
Әр қатардағы оқушыларға жеке кеспе қағаздарда жазылған мәтін таратылады немесе интерактивті тақтаға жазып көрсетуге де болады
