
- •3. Морфологиялық талдау.
- •4. Дыбыстық талдау.
- •III. Жаңа білімді қалыптастыру
- •V.Семантикалық карта.
- •VIII.Венн диаграммасы
- •X.Қорытынды.
- •XI.Бағалау
- •Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
- •Қызығушылықты арттыру:
- •2.Сызбамен жұмыс:
- •4. Сабақты семантикалық картанымен жұмыс жасай отырып бекіту.
- •7.Оқушыларды бағалау
- •Қысқаша түсінік беру:
- •4.Сабақты қорытындылау:
- •6.Бағалау.
- •IV.Ой толғаныс.
- •Алтын сақа
- •Көлік түрлері
- •2.Мағынаны ашу.
- •Тапсырма /Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу/
- •5.Суретпен жұмыс:
- •6.Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту:
Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру. ә) дамытушылық: Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту. б) тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қорыту, танымдық ойындар. Сабақтың түрі: ойын сабағы. Көрнекіліктер: тест жұмысы, жұлдызша, кесте сөздер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі. І. Ұйымдастыру. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. ІІ. Есіңе түсір (қайталау сұрақтары) Жаңа сабаққа қатысты болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт»ойыны бойынша қайталау. 1. Зат есім қандай сөз табы? 2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? 3. Жалпы, жалқы зат есімдер. 4. Сын есім қандай сөз табы? 5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 6. Туында сын есімдер қалай жасалады? 7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? 8. Сан есім қандай сөз табы? 9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 10. Құрамына қарай қалай талданады? Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын. ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс) «Тілдік тренажер»арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау. 1) Кітап 2) қора 3) он екі 4) Ақсу 5) сұлу 6) ұзын бойлы 7) жеті 8) оқушы 9) майлы 10) сексен тоғыз 11) көктерек 12) қызыл ала 13) бір 14) ауыл 15) шуақты ІҮ. Анықтама (жаңа сабаққа түсінік алу) Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады. Есімдіктер есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімнің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) Жіктеу есімдігі 2) Сілтеу есімдігі 3) Сұрау есімдігі 4) Өздік есімдігі 5) Жалпылау есімдігі 6) Болымсыздық есімдігі 7) Белгісіздік есімдігі Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі аталады. Жекеше І жақ Мен (айтушы) ІІ жақ Сен (тыңдаушы) Сіз ІІІ жақ Ол (бөгде жақ) Көпше І жақ Біз (тыңдаушы жақ) ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ) Сіздер Олар (Бөгде жақ) Ү. Құрастыр (жаңа сабаққа сөйлем ойлау) Бекіту мақсатында құрамында есімдік бар 4 - 5 сөйлем ойлату. Мысалы: - Сен мені білмеуші ме едің? ҮІ. Іске асыр. Жаттығу жұмысы. 193 - жаттығу. ҮІІ. Нәтиже. (Тест жұмысы) 10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін. 1. Есімдік қандай сөз табы? а) Заттың сынын білдіреді? ә) Есім сөздер орнына қолданылады. б) Заттың атын білдіреді. 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? а) 7 ә) 5 б) 6 3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар? а) 3 ә) 2 б) 4 4. Сан есімдерді белгіле. а) он бір, табиғат, сары ә) адам, оқушы, жеті б) алты, он бір, екі мың екі 5. Дара сын есімдерді көрсет. а) қызыл ала, қара шұбар ә) ақ, қара, ащы б) қара көк, сұлу, сары 6. Жалқы зат есімдерді анықта. а) Астана, Мұхтар, Ұлан ә) қала, оқушы, сана б) Көксу, ой, газет 7. Зат есім қандай сөз табы? А) Заттың қимылын білдіреді. Ә) Заттың атын білдіреді. Б) Заттың санын білдіреді. 8. Жинақтық сан есімдерді тап.
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз Ә) үшеу, сегіз, он Б) біреу, екеу, жетеу 9. Туынды сын есімдерді белгіле. А) бойшаң, сөзшең, таулы Ә) сары, әдемі, көркем Б) ұзын, салқын, ақ 10. Сан есімнің сұрағын анықта. А) қандай? Қай? Кімнің? Ә) қанша? неше? нешінші? Б) кім? не? несі? ҮІІІ. Өзіңді бағала. Тақтаға тестің жауабын ілемін. Сол бойынша бағаларын шығарамыз. «5» - 9 «4» - 7 «3» - 6 «2» - қалғаны. Тест, жұлдызшаларын есептеп, бағаларын қою. ІХ. Үйге тапсырма: 195 - жаттығу. Көшіріп, жіктеу есімдігінің астын сызу. Х. Оқушыларды бағалау:
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі. Сабақтың мақсаты: 1. Сан есім бойынша алған білімдерін жинақтап қайталау және есімдіктермен байланыстыра отырып түсіндіру. 2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ой – өрісін, сезім, қиялын, түсінігін дамыту. 3. Оқушыларға өз – өзіне сын көзбен қарауға үйрету.Елін сүюге, ана тілін оқып меңгеруге арналған жауапкершілікті жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схемалар, тест сұрақтары, кеспе қағаздары, ақын – жазушылар портреті, т.б. Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау, сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, сурет арқылы ойландыру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, сурет, тарих, т.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жинақтау кестесі. ІІ. Үй тапсырмасына шолу. 1. «Қайталау білім –анасы». 2. «Жүйрік болсаң шауып көр». ІІІ. Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақ 1. Кітаппен жұмыс. 2. Ой толғаныс сатысы. Ү. Жаңа сабақты пысықтау. ҮІ. Үйге тапсырма. ҮІІ. Бағалау. І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты төрт топқа бөлу. 1. Қайрат 2. Ақыл 3. Жүрек 4. Ғылым Оқушылар өз топтарының атына мінездеме береді. Қайрат: Құдайға лайықты ғибадат қылу. Күнәһарлықтан, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқару. Ақыл: Дүниеде не ахиретте не пайдалы, не залалды екенін білдіру. Мінез пайданы іздей алмау, залалдан қаша алмау, ғылымды ұғып үйрене алмау. Жүрек: Адам дененің патшасымын, қанменен тарайды, жан менде мекен қылады. Адам баласын алаламау. Әділет, ұят, рахым мейірбан менен шығады. Ғылым: Үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Бір кісіден табылсаңдар, қасиетті адам -сол. Мұғалім сөзі: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек. Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп ақын Абай атамыз айтқандай ыстық қайратымыз, нұрлы ақылымыз жылы жүрегімізді ғылымменен байланыстыра отырып сабағымызды жалғастырамыз. ІІ. Үй тапсырмасына шолу. «Қайталау білім анасы» 1 – топ: Сан есім дегеніміз не? (Ережесі, сұра мысал келтіру) 2- топ: Сан есім құрамына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір. 3 – топ: Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір. 4- топ: Сан есімнің емлесі дегеніміз не?Қанша жолмен жасалады. Мысал келтір. ІІІ. «Жүйрік болсаң - шауып көр» тестпен жұмыс. 1- топ: 1. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Осы өлең авторы кім? А) Жамбыл *Ә) Абай В) Ахмет Байтұрсынов С) Ыбырай Алтынсарин 2. Осы өлең жолында мың деген сан есімге жалғанып тұрған қай жалғау? А) Тәуелділік Ә) Көптік В) Жіктік *С) Септік 3. Септік жалғау болса қай септік А) Табыс Ә) Атау *В) Көмектес С) Барыс 4. Қарағым, айналайын, қамқор анам, Арнап хат жазайын деп алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтай, Көруге жазған еді хақ тағалам. Бара алмай өтірікші болып әбден, Семейдің түрмесінде отыр балаң, Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Авторы кім? А) Жамбыл Ә) Абай *В) Ахмет Байтұрсынов С) Ыбырай Алтынсарин 2- топ: 1.Осы өлеңдегі сан есім қандай сан есім?(он үшімде) А) Болжалдық Ә) Есептік В) Реттік С) жинақтық 2.Осы «он үшімде» деген сөзге жалғанып тұрған жалғауларды ата. *А) Тәуелдік - септік Ә) Септік-тәуелдік В) Тәуелдік - жіктік С) Тәуелдік – көптік 3.Осы «он үшімде» деген сөз сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? А) Анықтауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш 4.Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Абай өлеңінен алынған үзіндіде сан есімнің қай түрі кездеседі? А) Болжалдық Ә) Есептік В) Реттік С) Жинақтық 3- топ: 1. Мына мақал адамның жас мөлшеріне байланысты айтылған, қай сан есімді қоюға болады? ... орда бұзбасаң, ... қыр аспайсың. А) 40-50 *Ә) 30-40 В) 50-60 С) 60-70 2.Осы мақалда айтылған сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады? *А) Анықтауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш 3. «Ер қаруы» деп бастап, біздің халқымыздың ер қаруының нешеу болатынын айтатын мақалы бар. Сол қай санға байланысты? А) 3 Ә) 7 В) 6 *С) 5 4. Тамақ, күлкі, ұйқы. Осы сөздер киелі сандарға байланысты қай ұғымға жатады? А) Үш кедейлік
*Ә) Үш арсыз В) Үш асыл С) Үш байлық 4- топ: 1. Өздерің оқыған бір ертегінің аты сан есіммен басталады. А) 30 Ә) 40 *В) 20 С) 60 2. Дұрыс жазылған сан есім қайсы? А) 16-қатар Ә) Ү - том *В) 7 сынып С) ХХІ – ғасыр 3. Мына мақалдағы сан есім қандай қызмет атқарады? Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. А) Бастауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Анықтауыш 4.С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі қай жылы жазылды? А) 1916 Ә) 1914 В) 1920 С) 1922 ІҮ. Жаңа сабақ. Сілтеу есімдігі. Есімдік зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп аталады. Мағынасына қарай 7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Сілтеу есімдігі: меңзеу, нұсқау және көрсету, мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі. Мысалы: сол, мынау, аналар, міне, т.б. Сергіту сәті: «Жан аға» әні. Ү.Кітаппен жұмыс. 196- жаттығу (жазбаша) ҮІ. Ой толғаныс сатысы. Оқушылар «Сүйікті Қазақстаным» тақырыбына берілген сөздердің көмегімен сілтеу есімдігін қатыстырып, өлең шумағын құрайды. 1- топ: ... ... .... ойладым, ... .... .... бойладым. ... .... ....мен балаң ... ... ....ойнадым. 2- топ: ... .... ....көркем едің, ... .... .... есейгенмін. ... .... .... туған елім, ... .... . ... көркейтемін. 3-топ: ... .... ... жайнаған, ... .... .... қайнаған. ... .... ....ұлымын, .... .... .... ойнаған. 4-топ: ... ... ....түсінгенге, ... ... ....толысар күшім деме. ... ... ...мән бермейміз, ... .... ....пайдалы ісің елге. ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау. 1. Есімдік дегеніміз не? 2. Есімдік деп қандай сөз табын айтамыз? 3. Есімдік мағынасына қарай қаншаға бөлінеді? 4. Құрамына қарай қаншаға бөлінеді? 5. Сілтеу есімдіктері қандай мағынаны білдіреді?(Мысал келтір) ҮІІ.Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына мәтін құрап, ішінен сілтеу есімдігін тауып, астын сыз. ҮІІІ. Бағалау.
Пәні:
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - сұрау есімдіктерді түсіндіре отырып, бір – бірінен ажырата білуге үйрету, есімдіктің мағыналық түрлеі жөніндегі білімдерін тиянақтау;
Дамытушылық - Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдір, танымдық қызығушылығын дамыту, шығаамашылық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік - Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалы ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиа.
Пәнаралық байланыс: әдебиет сабағы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар білгендерін жазады
Жұмбақтар кезеңі
1. Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен (пияз)
2. Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас (шық)
3. Ол күнді күзетеді,
Күн оны күзетеді. (күнбағыс)
4. Ол келсе, орман шулайды,
Толқып теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды.(Жел)
5. Өзін көзің көрмейді,
Барлық тілде сөйлейді.
Сен мен десең, мен дейді,
Сен кел десең, келмейді (Жаңғырық)
Жаңа сабақты кесте арқылы түсіндіру
Есімдік түрлері |
Сұрау |
Ережесі |
Жауап алу, мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады) |
Жасалу жолдары |
кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? |
Мысалдар |
Кезекті қай оқушыға береміз? Сендерге бұл кітапты кім берді? Бұл ұстаздық еткен отыз жылдың ішінде алдымнан кімдер өтпеді дейсің? |
Мәтінмен жұмыс.Бұғы ана туралы ғажайып ерте
Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін. Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді. Атасынан жаттап алған сыбырлап айта бастады. Бұл баяғыда болған хикая. Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста Сібір дейтін жрде ағатын көрінеді. Осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды, жағасын әр алуан ел жайлапты.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Берілген мәтіннен есімдіктерді тапқызу. Есімдіктің қай түріне жатады?
2. Есімдіктерге талдау жасаңыз.
І топ. ІІ топ. ІІІ топ.
Осы - Сол - Бұл –
3. Морфологиялық талдау.
Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін.
4. Дыбыстық талдау.
І топ. ІІ топ. ІІІ топ.
Осы - Сол - Бұл –
О - С - Б -
с - о - ұ -
ы - л - л -
Жаңылтпаштарды оқып, құрамындағы есімдіктерді тауып, түріне ажыратыңыз.
1. Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кеше ішік піштім?!
2. Шеше, кеше, неше есе кесе көп алдыңыз.
Шеше, кеше неше есе кем алдыңыз?!
3. Менің нем кем деп ең,
Бер үйді ең кең деген.
Бер үйді ең кең деген
Менің нем кем деп ең?!
Берілген сұрау, сілтеу есімдіктерін құрастырып сөйлем құраңыз.
Міне, мынау, қанша, бұл, кім, осы, қайда, әне
Үлгі: Міне, біздің үйіміздің төбесі көріне бастады
Жұмбақтардың шешімін тауып, есімдіктерді тауып,
түрлеріне қарай ажыратыңыз.
1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін
Айтшы, ол не екенін. (көз)
2. Бұл не деген шебер еді,
Ормандағы ағаштарды
Тұмсығымен шегеледі (тоқылдақ)
3. Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау үй емес.
Бір орнында тұрғаны
Не болды, бұл кәне? (тау)
4. Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоянға бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі? (Бүркіт)
Сабақты қорытындылау.Есімдіктердің түрлеріне қарай ажыратыңыз.
№ |
Мысалдар |
Жіктеу есімдігі |
Сілтеу есімдігі |
Сұрау есімдігі |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 |
Олар Мыналар Біздің Қайда Әне Сені Осынау Қалай Сіздер Нешінші Міне Нешеу |
|
|
|
Логикалық ойындар жүргізу
Бұл қай есімдіктер?
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)
2. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен, сен)
3. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдігі)
4. Біреулерді көрсетіп, нұсқап тұрады.(Сілтеу)
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігі
Мақсаты:
Оқушылардың сана сезімін,ойлау қабілетін жетілдіру,тіл байлығын арттыру.Шығармашылық,ізденіс қабілетін жетілдіру,талдау жұмыстарына дағдыландыру,сауаттылыққа төселдіру.
Адалдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік қорларын молайту,білімдерін дамыту
Саб.түрі: аралас
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,тест,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Кестелер,сөзжұмбақтар
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу,түгендеу .Сыныпты сабаққа даярлау.
ІІ.Үй тапсырмасы «Кім айта алады?»
1.Есімдік дегеніміз не?
2.Мағыналық түрлері қандай?
3.Сұрау есімдігіне сұрау қойыла ма?
4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ
Өздік есімдікті түсіндіру.Өздік есімдігінің септелуі үлгісін интерактивті тақта бойынша түсіндіру.
Өздік есімдігі тәуәлденіп барып септеледі.Сондай-ақ тәуелденіп барып жіктеледі.
Кейде өздік есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмасалады. Мысалы:
Мен өзім айттым.
Сен өзің айттың
Сөз өзіңіз айттыңыз
Ол өзі айтты.
Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен,өзінен-өзі,өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
168-жаттығу Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып,мағынасын түсіндіріңдер.
Өздік есімдігін тауып қандай тұлғада тұрғанын табыңдар.
Мыс,өз-түбір тұлғада,өзімнің-өз түб.ім-т.ж.І ж.нің-ілік септ.жалғ.
169-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқыңдар.Өздік есімдігінің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын тауып,сөз құрамына талдаңдар.
Мыс: өзін - өз-түб. І-т.ж.ІІІ жағы,н таб.септ.жалғ.
Ү.Есімдік және әдебиет.
1.Абайдың қай өлеңдерінде есімдік сөздер кездеседі?Шумағын жатқа айт.
2.Аттары есімдіктен басталатын қандай романдарды білесіңдер?/Кім жазықты?,Сендер бақыттысыңдар/
3.М.Жұмабаевтың есімдіктен басталатын өлеңінің аты? «Мен-кім?»
ҮІ.Бұл да қызық Сөзжұмбақты шешу. ЕСІМДІК.
1.Жіктеу есімдігі /мен,сен/
2.Сілтеу есімдігі/осы/
3.Сұрау есімд./кім?/
4.Өздік есімдігі/өзіміз/
5.Белгісіздік есімд./бірдеме/
6.Болымсыздық есімд./ешбір/
7.Жалпылау есімдігі /бүкіл/
ҮІІ.Бұл қай есімдіктер?
/Жұмбақ сұрақтар/
1.Етікші аспабымен ұқсас есімдік./біз/
2.Басқаның бәрін сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды./өз/
3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды./мен,сен/
ҮІІІ.Сабақты бекіту
Интерактивті тақтадан тест сұрақтарын көрсетіп орындату.
Өздік есімдікке байланысты 2-3 мақал жаз.
Өздік есімдігінің ережесін айту.
Қорыту. Оқушыларды бағалау.
Үйге: «Менің қиялымдағы-болашақ Қазақстан.»
Бағалау.
Пәні:
Күні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Жалпылау есімдігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Жалпылау есімдігі туралы түсінік беру және оған жататын сөздерді үйрету, олардың жалғауларға түрлену жолдарын практикалық жолдармен меңгерту.
Тәрбиелік: Туған елге деген сүйіспеншілікке баулу, елін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: біріктірілген, жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, ойын түрін қолдану
Көрнекілігі: каоточкалар, кесте плакаттар, қоржын, сандық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сөзжұмбақ, сөйлем талдау, ереже айту.