Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1111_tolyktyrylgan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.9 Кб
Скачать

1. Қаржы менеджменті және оның міндеттері.

Қаржы менеджменті – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар және кәсіпорындардың қаржы ресурстарын, ақшалық заттар қорын, ақшалық айналымды басқарудың күрделі процесі.

Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – фирма және оны қаржыландыру көздері арасындағы (сыртқы, ішкі, иуақытша ішкі) қаржы ресурстарының тиімді қозғалысын қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдау.

2. Басқарудың матрикалық құрылымы.

Матрикалы басқару құрылымы екі сызықтық және бағдарламалық-мақсатты құрылымды біріктіру жолымен құрылады. Бағдарламалық-мақсатты құрылым кезін

жетекшілік іс-әрекеті белгілі бір мақсатты міндетті орындауға бағытталған, оны шешуде ұйымның барлық буындары қатысады.

Сызықтық құрылымға сәйкес ұйым қызметінің жеке сфералары бойынша басқару құрылады: НИОКР, өндіріс, өтім, жабдықтау және т.б.

Бағдарламалық-мақсатты құрылым шеңберінде бағдарламаларды (жобаларды, тақырыптарды) басқару ұйымдастырылады

3. Мақсаттың нақтылығы деген нені білдіреді?

4. Тосу (күту, үміттену) және әділдік теориясының мәні.

Мотивацияның үш негізгі процессуальды теориясы бар: күту (үміттену) теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулер моделі.

Күту (үміттену) теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді. Күту (үміттену) – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның бағалауы. Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын көрсетеді: еңбек шығыны – нәтижелер; нәтижелер – марапаттау; марапаттау – валенттілік (марапаттауға қанағаттану).

Адамдар өз күштерін алға қойған мақсатқа жету үшін қалай бөледі және бағыттайды – бұған жауапты әділеттілік теориясы береді. Яғни адамдар алған марапаттаудың жұмсалған күшке қатынасын субъективті түрде анықтайды және оны басқа ұқсас жұмыстарды орындаған адамдардың марапаттауымен салыстырады.

5. Шешімнің түрлері.

Басқару шешімдерін әртүрлі көзқарастан қарастыруға болады:

  • Ұйым болашағына әсер ету дәрежесі бойынша стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық ұйым дамуының негізгі жолдарын анықтайды, тактикалық – нақты тәсілдерін көрсетеді.

  • Уақыт шегіне сәйкес перспективалы шешімдер болады, олар болашақта орындалуға ар-налған; ағымдағы шешімдер – күнделікті қажеттіліктерді шешуге арналған.

  • Шешімді жүзеге асыру мерзімінің ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімдік (5 жылдан жо-ғары), орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейінгі) және қысқа мерзімдік (1 жылға дейінгі) болады.

  • Шешімнің орындалу міндеттілігіне байланысты директивті, ұсыныстық және бағыттаушы болуы мүмкін, ол практикада бірқатар жағдайларға байланысты болады, мысалы, шешім қабылданатын деңгейге, мерзіміне, ұйым үшін маңыздылығына.

  • Функционалдық орындалуына байланысты ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, белсендіру және бақылау шешімдері болады.

  • Қабылдау тәсіліне байланысты таңдамалы және жүйелі шешімдер болады. Біріншісі қарастырылатын мәселенің аспектілері ұқсас бір немесе бірнешеуіне ғана тиісті болады, ал екіншісі мәселені толығымен қамтиды.

  • Шешімді қабылдауға қатысушылардың санына байланысты жеке қабылданған және ұжымдық болып бөлінеді.

  • Қамту кеңдігіне байланысты жалпы және арнайы шешімдер болады.

  • Басқару шешімдері алдын ала анықтылығы бойынша бағдарланған және бағдарланбаған болып бөлінеді.

  • Жүзеге асыру сферасы бойынша өндіріспен, өтіммен, ғылыми зерттеулермен, кадрлармен және т.б. байланысты шешімдер болуы мүмкін, ал мазмұны бойынша басқару шешімдері техникалық, экономикалық, әлеуметтік болып бөлінеді.

  • Қабылдау тәсілі бойынша интуитивтік және адаптациялық шешімдер деп бөлуге болады.

Вариант 11