Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1111_tolyktyrylgan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.9 Кб
Скачать
  1. Фармациядағы басқару құрылымы.

Басқару жүйесі сияқты оның құрылымы да көп қырлы, бірақ онда базалық элементті – басқару субъектілерін (органдарын) және олардың арасындағы байланысты, яғни басқару және коммуникациялық құрылымдарды бөлуге болады.

Басқарудың тиімді құрылымдарына келесілер тән:

  • өзара тәуелділік, жеке буындардың өзара әсері, яғни бірінің екіншісіне тигізетін әсері оларда сәйкес өзгерістерді тудырады;

  • динамикалығы және икемділігі, тез өзгеру, жаңа сыртқы және ішкі жағдайларға бейім-делу қабілеттері, ол үшін басқару құрылымы минимальды дәрежеде инертті болуы керек;

  • тұрақтылығы, яғни ішкі және сыртқы факторлардың ашу тудыратын әсері кезінде тепе-теңдікті сақтау қабілеті.

Басқару құрылымы ұйымдағы алатын орны және қызмет сипатымен анықталады.

3. Ұйым мақсатын қою кезінде қандай жағдайларда қателіктер туындайды?

4. Басқарудың функционалдық құрылымын құрудың ерекшеліктері.

Функиональды басқару сызықтық басқару жүйесінде шешім қабылдауда қажетті нақты жұмыс түрлерін орындауға маманданған бөлімшелердің жиынтығына жүргізіледі.

Бұл жерде нақты сұрақтар бойынша жеке функцияларды орындау мамандарға жүктеледі. Бір профильдегі мамандар бір құрылымдық бөлімшеге біріктіріледі, мысалы, маркетинг бөлімі, жоспарлау бөлімі, бухгалтерия және т.б. Сонымен ұйымды басқарудың жалпы міндеті орта деңгейден бастап функционалдық критерий бойынша бөлінеді. Басқару аппаратының функционалды бөлінуі ұйым қызметінің нәтижесін жоғарылатады.

5. Мәселелердің жіктелуі.

Себеп-салдарлық талдаудың алдын-ала сілтемесі және нәтижесі пайда болған мәселелерді жіктеу болып табылады, оны бірқатар белгілері бойынша жүргізуге болады.

  1. Ұйым үшін маңыздылығы. Мысалы, инвестицияға қаржының жетіспеуі немесе өндірістік аппараттың құрылымының ескіруі ұйымның күнделікті жағдайына ғана емес, болашақтағы алатын орнына да әсерін тигізеді. Дегенмен, маңғыздылығы өте жоғары емес мәселелерден, мысалы қызметкерлердің сыйақысын өз уақытында төлеуге ақшаның болмауы, ештеңе де болмайды.

  2. Мәселенің масштабы, ол осы мәселе қандай да бір дәрежеде қатысты болатын ұйым мүшелерінің санымен сипатталады.

  3. Қауіп-қатер дәрежесіне байланысты, ол ұйым үшін тілек етілмеген жағдайлардың болуымен өлшенеді және де ұйым тұрақтылығына әсекрін тигізетін жаңа мәселелердің пайда болуына әкеледі. Қауіп-қвтермен бірге жүретін мәселелер тездетіп шешілуі керек.

  4. Мәселелерді құрылымына және қалыптасу дәрежесіне байланысты бөлуге болады. Кейбір мәселелерді элементтерге бөлуге болады, олардың арасындағы өзара байланыстар арқылы сандық көрсеткіштерде беру оңай және оларды әрі қарай математикалық модельдеу немесе формальды әдістердің көмегімен шешуге болады. Келесі мәселелерді элементтерге бөлу мүмкін емес, сандық көресткіштерде берілмейді және тек негізгі бөлігін ғана сипаттауға болады. Ал үшінші мәселелер тек сапалық сипаттауға ғана келеді.

  5. Мәселелер сонымен бірге шешілу мүмкіндіктеріне қарай жіктеледі. Кейбір мәселелерді мүлде шешу мүмкін емес, ондайлар көп болмайды. Екіншілері қазіргі уақытта шешілуі мүмкін емес, оның себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы қаржының жетіспеуі, ал үшіншілері оңай шешіледі және кез келген уақытта жүзеге асырылады.

Вариант 9