- •1.Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.
- •2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •V Үйге тапсырма беру:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •2.Үй тапсырмасын беру.
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •Vіі. Үйге тапсырма:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •V Үйге тапсырма
- •3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- •1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.
- •2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •Vііі.Жаңа сабақты қорыту.
- •Бағалау:
- •Үй тапсырмасын беру:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту
- •Vііі.Сабақты қорыту.
- •Бағалау:
- •Үй тапсырмасын беру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •3. Семантикалық карта
- •4. Әдебиет лотосы
- •5. Соңғы сөзді мен айтайын...
- •6. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(М.Мұқағали)
Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу.
Қасым Аманжолов
(1911-1955)
Өмір жолы Шығармашылығы
Қарқаралыдағы Балалар Өлеңдері: Поэмалары:
қызыл деген жер. үйінде «Сарыарқа», «Ақын өлімі
тәрбиеленген «Ертіс» туралы аңыз»
«Жайық» «Қытай қызы»
Соғысқа қатысқан «Орал» «Құпия қыз»
«Мен «Бикеш»
Табиғат «Естай –
бөбегі». Қорлығайын».
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. ұжымдық жұмыс
Лирика түрі –
Тақырыбы –
Идеясы –
Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
VІ. Түсінік тексеру:
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
ІІ деңгей
Өлең құрылысына талдау.
ІІІ деңгей
Ақынның поэтикалық тіліне талдау.
ІV деңгей
«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы»... атты эссе жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
-
Инсерт әдісі
Білемін
Мен үшін жаңалық
Білгім келеді
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
2. ойтолғау жазу.
Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»
Білімділік: Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамыту. Туған жерді қадірлеп, сүйе білуге жұмылдыру. Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, Абайша айтқанда Толық адам тәрбиелеу. Адамның бойындағы ең жоғары қасиет ар-намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу. Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтау, ой жинақтау,көрнекіліктер мен жұмыс, талдау. Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география, өлкетану. Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
2. ойтолғау жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. ІҮ. Қорытындылау: Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан. Анық төмен болмай ма хайуаннан? Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан. Шәкәрім Құдайбердиев. Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап. Абай Құнанбаев. 1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған. Әр бала жатқа білетін, қазақ рухын асқақтатқан “Мен қазақпын” дастанын жазған дара тұлға –ұрпағына өлмес мұра қалдырды. “Жесір тағдыры”, Айттым сәлем”, “Қыран дала”, ”Сел”, ”Байқоңыр баспалдақтары ”т. б дастандары, том-том туындылары, Жұбан Молдағалиев атын ғасырдан-ғасырға жеткізе береді. Біз, ұрпақтары, Жұбан аға есімін Қазақстан мен ҚСРО Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болғаны үшін емес, біртуар ірі Қазақ болғаны үшін ардақтаймыз. Бүгін, біздер, Жұбан атамыздың “Ар-ұят ”туралы өлеңімен танысамыз. Сабағымыздың тақырыбы: “Ар-ұят”туралы. - Балалар, ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер? - Ар, намыс, ұят туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып көрейік. 1. Әрлі болғанша, арлы бол. 2. Ұялмаған арын жейді 3. Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге. 4. Арыңды жасыңнан сақта. 5. Өлімнен ұят күшті. 1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу 2. Өлеңнің мазмұнын талдау. 3. Өлеңге талдау жасау Өлең тармақтардан тұрады. Оны өлең жолдары дейміз. Әр тармақ бунақтардан тұрады. Бунақ дегеніміз тармақтардың ырғаққа бөлінуі. Бунақты буын жасайды. Өлең тармақтарының санына қарай шумақ шығады. Қазақ өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады. Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану. Эпифора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында Қайталану. Ұятпен надандық өлшенеді, Ұятпен адалдық өлшенеді, Ұятпен арамдық өлшенеді. “Ажалдан әркім-ақ бір өлер, Ұяттан бір емес, күнде өлер. Ұят ол – өлімнен күшті “деп, Ұятқа ежелден түнеді ел. Жігіт пен қарияның айтысы: Қазақ қарт - Ол ұят! Автор: - деді сол қазақ қарт, - Қазақ қарт: - Өлсең де ожданнан безінбе!.. Автор: Жас жігіт күлді оны мазақтап: Жігіт: - Ұятың нан болса, езіп же. Қазақ қарт: - Жеп келем, жеп келем туғалы Адам боп жүргенім сондықтан, - Автор: Деп қария тепсініп тулады. Әттең тек жігіт жоқ оны ұққан. Жігіт: - Мен емес ұят деп өлетін, Автор:- деп жігіт айтысты тұжырды. Қазақ қарт:- Сен де бір өліксің ендеше, Тірі боп жүрсең де санақта. Адам ол өледі мен десе Ұяттан айрылған сағатта. 1. Бұл өлеңнің мазмұны не туралы? 2. Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па? 3. Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер? 4. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер? Анафора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану. 5. Жігіт дөрекі сөздер қолданған ба? 1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж. Молдағалиевке ескерткіш орнатылған. Оның ашылу салтанатына Қ Мырзалиев, А. Бақтыгереева, ақынның жұбайы Софья апай мен ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты. Тебіреніп тобылғы мен тораңғы Туған жердің шуағына орандың. Азамат боп кетіп едің бір кезде, Ауылыңа ескерткіш боп оралдың! - деп Қадыр Мырзалиев “Ақын рухымен сырласу” өлеңінде толғаса, Ақұштап Бақтыгереева “Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, үлкендерді Жұбанша сыйлаңдар, Жұбандай әулие ұрпақ өсіріңдер!”- деп салиқалы сөзін жиналғандарға арнаған. Суырып салма ақын Сағынтай Бисенғалиев сол салтанатта Болады бүгін қалай жырым мұңды Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым. Өлеңнің өлкесінде қыран едің, Тауыпсың туған жерде тұғырыңды - деп жүрекжарды арнауын арнады Қорытынды: - Балалар! Біздер бүгін кімнің қандай еңбегімен таныстық. Жерлес, ақиық ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің “Ар-намыс”туралы еңбегімен таныстық. - Нені ұқтық? - Нені білдік? - Қандай болу керекпіз? - Жұбанша елімізді сүйіп, жақсы оқып, үлгілі болу керекпіз.. .
Cабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, тіл байлығын молайту. Тәрбиелік: Өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Түрі: шығармашылық таным сабағы Көрнекілік: С. Мәуленов портреті, шығармалары, Қазақстанның рәміздері, мақал - мәтелдері жазылған кестелер, үнтаспа. Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын сұрау а) Ж. Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өздеріне ұнаған шумақтарды теріп жазып жаттап алу. ә) өлеңдегі айтылған ой - пікірлерге өз көзқарастарын салыстыру 3. Ой шақыру. Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындалуында «Менің елім»әнінен үзінді тыңдау. - Балалар, тыңдаған әндерің не туралы? - Отан туралы. - Ал «Отан»дегеніміз не? - Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері. - Ал, біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы. - Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов ағамыз. 4. Мағынаны тану. 1. Топтастыру Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. - ақынның «Өлеңдер»атты тұңғыш жинағы1948ж жарық көрді. -«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы. - Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ» т. б жазған - А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған. -«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты(1970ж), 1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған 2.«Менің Республикам»өлеңімен таныстыру. 5. Топпен жұмыс, кітаппен жұмыс 1 - топ «Менің Республикам» өлеңін мәнерлеп оқу 2 - топ мағынасын ашу, 3 - топ өлең құрылысына талдау, сөз айшықтарын табу «Екі жақты түсіндірме күнделігі» Өзіме ұнаған өлең шумағы ------------------------------Несімен ұнады? Қызыл бұлттай көрсең қызыл гүлдерін Көрсең ашық Алатаудың күндерін Жерінде гүл, көгінде бір жүзген Ұлан байтақ Республикам бұл менің Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы - қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері кімді болсын таңғалдырады. Әрине осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың. 6. Ой толғаныс. «Еркін жазу» тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу. Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ Бес жолдан тұратын қорытынды 1. Қазақстан 1. Туған жер 1. Тәуелсіз 2. Егемен, тәуелсіз 2. егемен, тәуелсіз 2. аңсаған, тұғырлы 3. дамиды, өркендейді, гүлденеді 3. дамиды, көркейді, жаңарды 3. нығаяды, жарияланды, қол жеткізді 4. Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет. 4. Туған жерім - Атырауым ардақты. 4. Тәуелсіздік - еліміздің жарқын болашағы 5. мемлекет, ел 5. өлке, ел 5. еркіндік, азаттық Бүгінгі сабағымды Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймын. Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н. Ә. Назарбаев Алдағы уақытта біздің басты міндетіміз білім алу, Тәуелсіздік Қазақстан болашағына сапалы біліммен ғана қалана аламыз. Әнұран бәрі қосылып. - Бағалау - Үйге тапсырма: С. М «Менің Республикам» жаттау, тақырыпқа сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев (1925 - 2001) Сабалақ Сабақтың мақсаты: білімділік: «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту. дамытушылық; Оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу тәрбиелік; Оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдіс: Мәнерлеп оқу, талдау, әңгіме, СТО, шығармашылық, ішінара ізденіс. Көрнекілігі: Ақын портреті, Қазақ хандығының кестесі, Абылай хан туралы слайд Пәнаралық байланысы: тарих ( Аңырақай шайқасы) тіл білімі (лексика) Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығына, сынып тазалығына көңіл бөлу) 2. Білімді жан жақты тексеру. – Балалар мен сендерге мақал - мәтелдер айтайын сендер жалғасын табыңдар. 1. Батыр туса........... (ел ырысы) Жаңбыр жауса,........ (жер ырысы) 2. Бірлік бар жерде....... (тірлік бар) Осы мақалаларды не үшін айтты деп ойлайсыңдар. – Қашанда еліне жау шапса, қиыншылық туғанда елін аман алып қалған кім? (Батыр) – Батыры, шешені бар елміз ғой. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қ. Шаңғытбаев « Сабалақ» өлеңі. Сабалақтың Аңырақай айқасында көрсеткен ерлігі, өлеңдерінің ұлтжандылығы, ел бірлігі туралы жайында болмақ. 2. Оқушының қызығушылығын ояту. ( Ой шақыру) Сабалақ. Аңырақай. Абылай. Деген сөздерді естігенде қандай ой келді?(оқушылар өз болжамдарын айтады) ендеше «Сабалақ» өлеңін оқып көрейік 1. Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығы туралы және Аңырақай шайқасы жайлы слайд жүргізіледі. 2. «Сабалақ» өлеңі мәнерлеп оқылады. 3. 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқиды. (Мәтінмен толық танысқан соң, мәтін талдау жұмысы жүргізіледі.) Мәтінді талдау: 1. Өлең мазмұнын қандай ой бөліктеріне бөлуге болады? 1. Аңырақайдағы айқас 2. Әбілмәмбет хан. 3. Тосқауылдан жауға тиген қазақ жауынгері 4. Майдан даласы (жеңіс) 5. Сабалақ 6. Ақын арманы немесе түйіні. 2. Мәтінді талдау жұмысы. Ақын Аңырақайдағы соғысты қалай суреттейді. Тілін тарихпен салыстырып көрейік. 3. Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті? «Сиреп қалған серіктерден сескеніп, Әбілмәмбет бас бармағын шайнайды» 4. Әбілмәмбеттің шешімі? «Ата нәкес, жықты ма жау туымды», Деп ызаға Әбілмәмбет буынды. «Ала кетем жастығымды мен де» деп, Қынабынан алдаспанын суырды. 5. Жауға бүйірден тиген қазақ жауынгерлерін ақын қандай сөздермен бейнелеп көрсетеді? 6. Мәтіннен Сабалақ бейнесін тауып оқы. «Қыран қанат қас қабағы түйілген, Жеңіл ғана шидем шапан киінген, Келе жатыр қол басын бір жігіт Қаршығадай тас қолданып шүйілген». 7. Сабалақ қандай тұлға? Сабалақ 8. Әбілмәмбет кімге көңілі толды? Не үшін? Әбілмәмбет Сабалақ Абылай (Әбілмансұр) Абылай сұлтанның немере інісі. – Осы ұрыста ол «Абылайлап» ұран сап, «кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырады. Жұрт ұранына қарап оның төре тұқымы екенін біліп, төбеге көтеріп құрмет көрсетеді. Мән – жайды білген Әбілмәмбеттің ұсынысымен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып Әбілмансұрды (Сабалақ) Абылайды хан сайлайды. Ел аузында Абылайды алғаш Атығай – Қарауыл хан көтеріп, алты отау тігіп берген деген сөз бар. («Қазақ хандығының кестесі» бойынша сөз болады) Абылай ел билігін ұстаған кезінде Қытаймен жақындаса түсуге кеңес беріп, Ресеймен келісімді сақтау керек деп тапсырды. Жеке басының кісілігімен,ақыл - парасатының кеңдігімен жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтың қадір - құрметіне ие бола білді. Халық оны бірден хан көтерді. Абылай «Шешен, саясаткер, парасатты болған». Кестені толтыр: Абылай кім? Абылай - ел мақтанышы №9 Өлеңге талдау №1 Өлең жолдарында кездесетін «Ер қаруы – бес қару» атауларын теріп жаз. №2. Өлең жолдарында кездесетін көркемдік өрнектерді ( сөздерді) теріп жаз. №3. Абылай хан қай жүздің ханы болған? Ой толғау. 1) Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме жаз. ( Аңырақай, айқас, қазақ, қалмақ, Әбілмәмбет, Сабалақ, Абылай). 2) Ақын арманы қандай? Белгілі ғой айтпасам да аржағын Сол Сабалақ – Абылай ата тарланың, Абылай тағы туа ма деп қазақтан, Тосып келем, сол ендігі – арманым – дейді. ( Оқушылар өз ойларын айтады). Бүгінгі өміріңіздің Абылайы кім деп ойлайсыз? Қорыта келгенде, ақын өз шығармасында Абылай атын алғаш танытқан Аңырақай соғысының көрінісін ерекше сипаттап береді. Өлеңінің тарихи негізі зор. Үйге тапсырма: Абылай хан туралы деректер жинау
Сабақтың тақырыбы: «Фантазия» (М.Мақатаев) 5-сынып
Сабақтың мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары
Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Абылай хан туралы деректер жинау
Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұнын сұрау
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.
Ассоциация стратегиясы
Ақын образын сомдау
(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)
Менің анкетам
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- ...
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Мұқағали Мақатаев өмір жолы
Уақыт |
Оқиға |
1931 жыл 9 ақпан |
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. |
1941жыл |
Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған. |
1948 жыл |
Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды. |
Өмір өткелдері |
Ерте есейген балалық Ауылдық кеңес хатшысы Қызыл отаудың меңгерушісі Комсомол қызметкері Жеті жылдықмектептің мұғалімі |
1954-62 жылдар |
Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған. |
1962 жыл |
Алматы қаласына көшіп келеді. |
1962-72 жылдар |
«Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. |
1972-73 жылдар |
Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. |
1976 жыл 5 наурыз |
Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. |
1985 жылдан бері |
Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған. |
Шығармалары
Жылдары |
Шығармалары |
1962 жыл |
«Аппасионата» |
1964 жыл |
«Ильич» |
1966 жыл |
«Армысыңдар, достар» |
1968 жыл |
«Қарлығашым, келдің бе» |
1970 жыл |
«Мавр» |
1972 жыл |
«Дариға-жүрек» |
1974 жыл |
«Аққулар ұйықтағанда» |
1975 жыл |
«Шуағым менің» |
1976 жыл |
«Өмір дастан» |
1978 жыл |
«Өмір-өзен» |
1981 жыл |
«Бәсіре» |
1982 жыл |
«Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық) |
1984 жыл |
«Шолпан» |
1988 жыл |
«Қош махаббат» |
1989 жыл |
«Жырлайды жүрек» |
2001 жыл |
Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді |
Балалар, қайтадан ақынның өзіне құлақ түрейік:
(Компьютерден ақынның «Фантазия» өлеңі тыңдалады)
Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.
Мағынаны тану
І топ Анықтау
Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)
Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял
Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс
Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем
Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып
Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді
Жай – найзағай, жасыл
Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз
Қиял – фантастикалық ой, арман
Галилео Галилей – ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы
Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалымы
ІІ топ Талдау
Өлең құрылысына қарай талдау
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а
Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.
ІІІ топ Зерделеу
Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу
Жеті қатжерің мынау төңкерілген –
Жеті қатаспанменен көмкерілген –
Ертеңімен табысу –
Ғаламаттар туылған ертегіден –
Ғаламдық ақиқат –
Ертегіден қала тұрған –
Ертегіден ғұлама дана туған –
Жер бетіне сыя алмау –
Қиылмен қанаттану –
Жайды ұстау –
ІҮ топ Салыстыру
Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру
Ой толғаныс
Бес жолды тұжырым
1 зат есім
2 сын есім
3етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним
Фантазия
Бай, ұшқыр
Шарлатады, шарықтатады, шалқытады
Адам фантазиясы шексіз бай.
Қиял
Фантазия
Шалқар, дария
Шабыттанып шырқатар шарықтата
Адамның қиялындай бар ма, сірә?
Арманда
Қорытынды
Ақын күнделігінен
14 ақпан 1976 жыл
«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеі (жаттау)
Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)
Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға және өнерсүйгіштікке баулу;
Дамытушылық: Көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы
баланың ой-қиялын дамыту;
Сабақтың түрі: Жинақтау, бекіту сабағы:
Сабақтың әдісі: ҰО, СТО әдістері;
Сабақтың көрнекілігі: Ақан портреті, С. Жүнісов «Ақан сері» романы,
І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, элетронды оқулықтар
(«Құлагер» фильмінен үзінді), суреттер, үлестірмелер, т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: а) Құлагер тобы ә) Көктұйғын тобы
(Оқушылар өз топтарының аттарын қорғап шығады)
Сабақ жоспары:
1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру)
2. Салыстыру
3. Семантикалық карта
4. Әдебиет лотосы
5. Соңғы сөзді мен айтайын…
6. Жасыл ел
С. Жүнісов кім? Оның «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан үзінді? Бұл шығармаға кімнің тағдырын арқау етті?
1. Топтастыру
Айтыс-кер
ақын
әнші
құсбегі
Өнерпаз
сері
сазгер
атбегі
2. Салыстыру. Балалар, Ақан сері тағдыры жайлы жазған тағы кімдердің шығармаларын білеміз?
(Бейнефильмнен үзінді жасырылады, оқушылар оны шығармадан тауып, «Ақырғы бәйгемен»
Салыстырады. «Аттың сыны», «Бәйге жарысы»)
