Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдебиет 5 дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.29 Кб
Скачать

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Шоқандай болғым келеді». Шығарма тексеру.

«Бала Шоқан» мазмұнын сұрау

ІІІ. Білім тексеру:

  • Портрет деген не?

  • Кейіптеу деген не?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді халық. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған. Иса ақын жас шағында ән – жырдың, сұлулықтың өшпес нұрына қанық болып өседі. 1900 жылы Павлодар облысының Ертіс өңірінде Иса дүниеге келеді. Тоғыз жасында шешесі өліп, нағашы атасының тәрбиесінде өседі. Туған нағашысы Рахмет жақсы әнші болған екен.

Иса өткір әрі отты өлең шығаратын ақын еді. Ол туралы Елубай Өмірзақов деген қазақтың даңқты әртісі «Өз жасында Исадай ақынды көргем жоқ» деп жазған. Тамаша әртіс, домбырашы, ақын, әнші болып елді риза етіп жүрген. Оның әйгілі «Құралай сұлу» дастаны, « Алтай аясында», «Қойшының ертегісі» , «Кавказ» атты шығ армалары бар.

.

Vі. Түсінік тексеру:

Бұдан кейін «Жазғы кеш» өлеңін байыппен әр жолын зер сала мәнерлеп оқимын. Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға тізбектей оқытамын. Өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп, алма кезектей оқи отырып әр шумақтан соң Блум токсономиясын пайдаланып, сұрақтар қою арқылы барынша өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында жұмыс жасалады.

Жазғы кеш

Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген,

Жібектей жерге жасыл гүл себілген.

Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,

Жерге кеп алыс аспан төңкерілген.

Шымқаған көкжиекті қызыл арай,

Көтерген күн шапағын қызыл тудай.

Тарауы сан жамырап көкке самғап,

Серпілген көк теңізі әрмен қарай.

  1. Табиғатын көрінісін осылай суреттеуді көркем шығармада не дейміз?

  2. Жазғы кештің батуын қандай суретті сөздер арқылы берген?

  3. Соңғы екі тармақтан нені байқайсыңдар?

IV. Жаңа сабақты бекіту

Өлеңге кешенді әдеби талдау жүргіземіз. Тақтада авторлық идеяға бағындырыла сұрақ қою арқылы жүргізілген әдеби телдаудың сызбасы тұр. Оқушылар бұл сызбаны толтырады.

Ө леңнің тақырыбы:

М азмұны:

Ө лең шумағы:

Б унақ, ырғақ:

Ұ йқас:

Т армақ:

Б уын саны:

Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру үшін екі топқа бөлеміз. (дәптермен жұмыс).

Ітоп. «Жазғы кеш» өлеңінен әдемі суретті сөздерді табу.

ІІтоп. Ақын өлеңі бойынша төрт жолды өлең құрау.

Екі топпен дебат ойыны

Vііі.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру.

  1. И.Байзақов өмірі туралы түсінік.

  2. «Жазғы кеш» өлеңді жаттау.

Пән аты:Әдебиет

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа,уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясыныңбілім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.