
- •1.Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.
- •2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •V Үйге тапсырма беру:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •2.Үй тапсырмасын беру.
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •Vіі. Үйге тапсырма:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •V Үйге тапсырма
- •3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- •1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.
- •2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •Vііі.Жаңа сабақты қорыту.
- •Бағалау:
- •Үй тапсырмасын беру:
- •1.Оқушылармен сәлемдесу.
- •2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту
- •Vііі.Сабақты қорыту.
- •Бағалау:
- •Үй тапсырмасын беру.
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі. Түсінік тексеру:
- •3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- •1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- •2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •3. Семантикалық карта
- •4. Әдебиет лотосы
- •5. Соңғы сөзді мен айтайын...
- •6. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша.
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. « Қыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Карточка:
№1
Ыбырай Алтынсарин кім?
Ы.Алтынсарин дүниеге келген жер?
№2
Ыбырайдың әкесі неше жасында қайтыс болады?
Орыс қазақ мектебі қашан ашылды?
№3
Ы.Алтынсарин мектепте неше жыл оқиды?
Ыбырайдың қандай өлеңін өттіңдер ол не туралы?
ІІІЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІV Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.
А.Құнанбайұлы
поэзиясы

прозасы
өлеңдер
поэмалар
қарасөздер
2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.
Арғы атасы қажы еді,
Бейістен татқай шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті.
Мал түгіл, жанға мырза еді
Әр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ-жітік
Аңсап алдын кернепті
Бәрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Әділ, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек-ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек-ті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.
Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.
Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.
Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.
Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.
Абайдың табиғат лирикасы:
Абайдың табиғат лирикасы – ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі – түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, «көгорай шалғын» мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жазда сонда, ақтүтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреген қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына көшеді. «Жаз» өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз-келіншектер суреттелсе, «Қыс» өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға «бет қарауға шыдамай, сырт айналып» мұз жастанған жылқышылар, бет – ауызын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы –ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып,мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы қыруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Ит жегенше Қондыбай, қанай жесін,
Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.
3.Өлеңдерге талдау жасау.
1) Автор қысты кімге теңеп тұр? (Кәрі шалға)
2) Шалдың киімдері қандай болған? (Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3) Киім деп отырғаны не? (Жауған қар, қатқан мұз)
4) Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (аяз атаға)
5) Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Қатал, соқыр, мылқау)
6) Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ештеңені көрмейтін, аямайтыны)
7) Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау, суық)
8) Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы)
ІV Шығармашылық жұмыс
«Қыс келбеті» атты ойтолғау жазу
V Түсінік тексеру:
Суретпен жұмыс: сендер қыс бейнесін көз алдыларыңа қалай елестетесіңдер? Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен?
Сөздікпен жұмыс:
Ұшпа – шашыранды бұлт.
Шидем – қойдың жабағысынансыртын қаптап тіккен тон.
Қондыбай, Қанай – кедей ауылдың аттары немесе адам аттары.
VІ Жаңа сабақты бекіту.
Өлеңді қандай бөлімдерге бөлуге болады?
(«Қыстың сипаты», « Қысқы ауыл»)
Оқушыларға әр бөлімді жеке – жеке оқыту.
Сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлу.
Сұрақтарға жауап беру: Не білдік? Не үйрендік? Не білгің келеді?Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.
VІ Сабақты қорыту:
Бағалау :
Үй тапсырмасын беру:
Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың өтілген күні
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбаев. «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату,
Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың типі:
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Көрнекілігі: Абай туралы толық деректер, үлестірме материалдар, ереже, нұсқаулар, сабақ тапсырмасы бойынша слайд.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: