Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 ХБН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.09 Кб
Скачать

Химиялық анализді жүргізуге арналған нұсқау №.

Өсімдік жасушаларында пероксидаза ферменті болатыны белгілі, ол фермент сутек тотығын су мен оттекке ыдыратады

пероксидаза

2 H2O2 2 H2O + O2

Өсімдік пен жануардың өсімді ұлпасына сутек тотығын тамызғанда, ақ көбіктің түзілуі, осының дәлелі бола алады.

1. Шикі және піскен картоптың кесілген жеріндегі сутек тотығымен не өзгеріс болғанын тексеріңіз.

Ол үшін шикі және піскен картоптың кесілген жеріне тең мөлшерде H2O2 тамызыңыздар. Нәтижесін баяндап және түсіндіріңіздер.

2. Пробиркаларға біреуінде бауыр етінің бір түйірі, екіншіде шикі және піскен ет түйірі салынған. Екеуіне де 2мл. –нан Н2О2 құямыз.

3.Өздеріңіз байқаған құбылыстарды кестеге жазыңыздар.

4. Теңдеу реакциясын құрыңыз.

5. Есеп дайындаңыз.

6. Өзіңіздің байқауыңызға түсіндірме беріңіз.

Не алдыңыз?

Не жасадыңыз?

Не байқадыңыз?

Түсіндіру

1. Өсімдік ұлпасының тірі жасушалары

2.Өсімдік ұлпасының өлі жасушалары

3. Жануар ұлпасының тірі жасушалары

4. Жануар ұлпасының өлі жасушалары

Қорытынды: картопты, етті пісіргенде каталаза ферментінің нәруызында денатурацияға ұшырайды, нәруыздың 3-ші құрылымы бұзылады, ол ферменттердің белсенді ортасының бұзылуына әкеледі.

Шикі картоп пен етке Н2О2 әсер еткенде оттегінің бөлінуі, каталаза ферментінде –нәруыздың каталитикалық қызметінің белсенділігін байқаймыз: 2Н2О2= 2Н2О+О2

Ферменттер - тірі табиғаттың катализаторлары болып табылады.

Катализатор дегеніміз не? (химиялық реакцияны жылдамтатын, бірақ реакция процесін өзгертпейтін заттар)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]