- •5В011500 –Құқық және экономика негіздері мамандығына арналған педагогикалық практиканың
- •5В011500 –құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша қр мжмбс 3.08.266-2006 көшірме
- •5В011500 – құқық және экономика мамандығы бойынша
- •4 Курс студенттерінің мемлекеттік диплом алды педагогикалық практикасының оқу бағдарламасы
- •4 Курс мемлекеттік диплом алды педагогикалық практикасы (4 апта)
- •Педагогикалық практика қорытындысын бағалаудың негізгі көрсеткіштері
- •Педагогикалық практика мазмұны
- •Практика бойынша бағалаудың саясаты
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Тарих факультеті
- •Жолдама
- •Сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •2 Кезең
- •V. Рефлексиялық – бағалау бөлімі
- •1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •3. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
- •4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
- •Студенттің өткізген педагогикалық диплом алды практика туралы қорытындысы
- •VI. Бағалау қорытындылау бөлімі
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
4 Курс мемлекеттік диплом алды педагогикалық практикасы (4 апта)
№ |
Практика мазмұны мен міндеттері |
Орындалатын тапсырмалар |
Практиканы ұйымдастыру формасы |
|||
1 апта |
Бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейін анықтау |
диагностика жүргізу |
Бекітілген кластарда бақылау, сауалнама және т.б. жүргізу |
|||
2 апта |
Пән бойынша сабақтан тыс іс-шараны өткізу |
Жоспарланған іс-шараның конспектісін дайындау, бекіту |
дебат, баспасөз конференциясы, сәтті шақ және т.б. |
|||
3 апта |
Оқытудың интерак-тивтік әдістерін қолданып сабақ өткізу |
Сабаққа қажет көрне-кіліктер, дидактикалық материалдар дайындау |
Сабақ |
|||
4 апта |
Педагогикалық практика қорытынды-сына есеп құжаттарын дайындау |
Күнделік, сабақты талдау, сынып жетекшісінің мінездемесі, есеп |
Қорытынды конференциясы- на дайындық |
|||
Ата-аналармен жұмыс
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында:
оқушылардың отбасын зерттеу;
ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;
сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;
сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын педагогткалық басқару;
ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;
ата-аналарды оқушылардың оқу, тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру, хабардар етуді қамтамасыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылуы тиіс.
Ата-аналар жиналысының құрылымы
Ата-аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1- 1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі – 5 минут.
Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау, қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5 – 7 минут.
Тақырып бойынша сөйлеу: шақырылған маман немесе сынып жетекшісінің өзі. Сөз нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс – 5 – 15 минут.
Мәселені ата-аналармен бірге талқылау – 20 минут.
Сынып жетекшісінің сынып үлгерімін талдауы. Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек. Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.
Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рақмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутқа кідіре тұруын сұрайды.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының
негізгі бағыттары
Өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беру ісі еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Еңбекке дұрыс, жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, еңбекті ең маңызды іс ретінде қабылдата білу оқушыға болашақта қызметтің кез келген саласында қажет сапа. Сондықтан бұл шараға оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын әрбір азамат жауакершілікпен қарап, оқушыларға мамандықтар туралы маңызды мәлімет беретін түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруы парыз:
Сынып жетекшісіне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, әдебиеттер жөнінде оқушылар алдында шолу жасау.
Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру.
Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер, нақты бір мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру.
Жұмысты осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру жүйесіне байланысты студент- практикант білуі тиіс ұғымдар:
Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекеттерінің жемісін талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұхбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.
Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К. Платонов. Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден, ата-аналардан, оқу-өндірістік практиканы басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне сүйеніп, сынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді. Кәсіптік білім беру – кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру.
Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:
Оқушылардың білім деңгейі.
Оқушылардың жеке қасиеттері.
Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы көмек көрсету.
Кәсіптік іріктеу - оқушыларды белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктерін, оған мамандық қоятын талаптарды жете білген жөн. Осыған байланысты күні бұрын професссиограмма жасалады.
Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).
