Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд практика 2015г. ко (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.65 Кб
Скачать

47

5В011500 –Құқық және экономика негіздері мамандығына арналған педагогикалық практиканың

Оқу-әдістемелік кешені

Ақтөбе

2015

050115 – Құқық және экономика негіздері мамандығына арналған педагогикалық практиканың оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖМБС 5.03.253 -2009, ҚР МЖМБС (Кәсіби практика) 5.03.005-2009, АқМПИ. Кәсіби практика туралы нұсқалары 03.04.2008, «Білім» мамандықтары бойынша практикаға арналған типтік оқу бағдарламасы – Алматы, 2007 негізінде құрастырылды.

Оқу-әдістемелік кешенді дайындағандар:, аға оқытушы Килибаева С.К.

Құқық және экономика негіздері кафедрасы мәжілісінде қаралды.

« » 2012 жыл № хаттама

Кафедра меңгерушісі: Саимова М.Д.

Педагогикалық практиканың оқу-әдістемелік кешені құрамына «мемлекеттік педагогикалық» практикадан өту барысын бақылау графигі, бағалау саясаты, практика қорытындысы бойынша есеп құжаттары және портфолио үлгісі енгізілген.

ППОӘК ЖОО-ң күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне, педагогикалық практика жетекшілеріне, әдіскерлеріне арналған.

АЛҒЫ СӨЗ

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.

Халықтық білім беру органдарының, әсіресе мектептің алдына қойған мақсат халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етуге қабілеті бар, сауатты адамдар дайындау және өскелең ұрпақ бойындағы құқықтық мінез дағдыларын тәрбиелеу. Осыған байланысты, берілген мамандықтар бойынша мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында құқықтық және экономикалық пәндерден кәсіби практика өткізіледі. Студенттер педагогикалық практика барысында «Қазақстан республикасындағы құқық негіздері және экономика негіздері» мектеп немесе колледж курсының мазмұны, құрылымы, міндеттер туралы білім алулары, оқушыларды оқыту барысында курстың әдістемелік ерекшеліктерін біліп ескеруі, курстың өзге оқулықтармен байланыстылығын қамтамасыз ететін құқықтық және экономикалық оқыту әдістемесін игерулері практика да негізгі мақсат болып табылады.

Практиканы өту барысындағы мақсаты:

Студенттерге құқықты және экономиканы оқыту әдістемесі арқылы іргелі білім қалыптастыру және мазмұнның сипаты мен жалпылау дәрежесіне орай жіктеу.

Практикадағы курс міндеті:

Кәсіптік ойлауды, құқықтық және экономикалық мәдениеттілікті қамтамасыз ету және болашақ ұстаздарға педагогикалық шеберлік шыңдау міндеттеледі.

Сабақ барысында жаңа материал түсіндіру барысында көрнекіліктер қолдану және мақсатына жету үшін талмай жұмыс істеуге үйрету.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Үздіксіз педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық практика мына талаптар арқылы өткізіледі:

  • мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

  • студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

  • Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

  • Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау.

  • Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;

«Қазақстан Республикасының Мемлекетгік жалпыға бірдей білім беру стандартына», психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезендерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі және мыналарды қамтиды:

  1. 1 курс студенттерінің («Мектеп күні») психологиялық - педагогикалық практикасы.

  2. 2 курс студенттерінің («Мектеп күні») оқу-тәрбиелік практикасы.

  3. 3 курс студентгері үшін оқу-өндірістік педагогикалық практикасы.

  4. 4 курс студентгерінің мемлекетгік педагогикалық практикасы.