Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
опиэ КАЗПЕЧ практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.03 Кб
Скачать

Жұмыс бағдарламасының аннотациясы

Диплом алды практика студенттерге бакалавриат бағыты бойынша білім беру бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады.

Диплом алды практикасымақсаты мен мазмұнына қарай диплом алдындағы практиканың танымдылық, технологиялық және өндірістік практикадан айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұл практика кезінде студент диплом жұмысының ғылыми жетекшісі берген жеке тапсырма бойынша жұмыс істейді. Ал, практиканың мақсаты – диплом жұмысында қарастырылатын мәселенің нақты жұмысты жасақтауға қажетті бастапқы материал жинау. Диплом алды практика диплом жұмысты ұйымдастыруға байланысты студенттің оқып өткен пәндерінен алған теориялық білімін жетілдіруге, практикалық сабақтарын пысықтауға қол жеткізуге бағытталған.

Диплом алды практикасының мақсаты

Аталған практиканың мақсаты педагогикалық әрекетті ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру, қызығушылығын дамыту тұтас педагогикалық үдеріс және оның субъектісі туралы түсінігін қалыптастыру мақсатын көздейді.

Бұл практика кезінде студент диплом жұмысының ғылыми жетекшісі берген жеке тапсырма бойынша жұмыс істейді. Ал, практиканың мақсаты – диплом жұмысында қарастырылатын мәселенің нақты жұмысты жасақтауға қажетті бастапқы материал жинау. Диплом алды практика диплом жұмысты ұйымдастыруға байланысты студенттің оқып өткен пәндерінен алған теориялық білімін жетілдіруге, практикалық сабақтарын пысықтауға қол жеткізуге бағытталған.

Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Болашақ мұғалімдерді теориялық жағынан оқыту мен олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі өздігінен атқаратын жұмысын байланыстырушы буын болып табылады, студенттерді педагогикалық қызметінің бастапқы тәжірбиесімен қаруландырады.

Практика студентке күтілетін іс-әрекет аясында педагогтың жұмыс мазмұны мен міндеттерімен танысуға және теориялық, практикалық курстарды зерттеу барысында өзінің білімі мен іскерлігін бекітіп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл әр пәннің мұғалімдерін даярлауға біртұтас процесс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру керектігін көрсетеді.

Диплом алды практиканың кредит саны 6.

Сағат саны 8 апта.

1. Практиканы өтуінің мақсаты

Кәсіптік педагогикалықпрактиканың мақсаты:

Диплом алды (педагогикалық) практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.

Кәсіптік педагогикалық практиканың міндеттері:

● біртұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыруда практикант дайындауды қалыптастыру;

  • жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білімдерді және оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен диагностиаканы іске асыру дағдыларын, әдістерін және класта, мектепте біртұтас педагогикалық процесті қалыптастыру;

  • педагогикалық компоненттерді дамыту және ұйымдастыру

  • кәсіби - педагогикалық және жеке тұлға дағдыларын дамыту

  • дәстүрлі және инновациялық технологияларды, оқыту әдістерін

бірлестіріп қолдану, педагогикалық қызметке шығармашылық зерттеу.

Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім: студент пән мұғалімі ретінде өз пәнінің мазмұнын, сабақ берудің әдістемесі мен принциптерінің ерекшеліктерін білуі қажет;

- пән мұғалімі және класс жетекші іс-әрекетінің жұмыс мазмұнын және бағытын білу керек.

білік: педагогикалық міндетті қою және шеше алу білігі;

- қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық пен өзара әрекет ретінде педагогикалық процесті ұйымдастыру білігі;

- балаға, оның жеке дара ерекшеліктеріне бағдарлана білу;

- өз бетінше білім алу біліктері мен дағдыларын жетілдіру.

дағды: кәсіби - педагогикалық дағдыларын дамыту (сабақтың және өз мамандығына байланысты пән бойынша сыныптан тыс сабақтардың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін шешу және анықтай білу); пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық ұжым қызметкерлерімен, ата-аналармен байланыс орната білуі керек.

Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады: (ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 (2009.09.01) (университеттің ПП 08.06/16) және негізгі білім бағдарламасын (НББ) игеру нәтижесіне сәйкес)

жалпымәдени компетенциялар (ЖК)

ЖК- ғылыми және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету.

ЖК - теориялық білім негізінде педагогикалық дағдыны дамыту.

кәсіптік компетенция.

КК - ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, қолданбалы педагогикалық қабілеттерді меңгеру.

КК- біртұтас педагогикалық процесті (БПП) ұйымдастыруда психологиялық, педагогикалық, әдістемелік басшылық жасау.