Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
опиэ КАЗПЕЧ практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.03 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

Экономика және құқық институты

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАЛАРДЫҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

МАМАНДЫҚ 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»

БАҒЫТЫ (гуманитарлық және жаратылыстану)

1 - 4 КУРС

Ақтөбе

2014

5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының педагогикалық практикаларының оқу-әдістемелік кешені ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012ж), мамандық стандарты (жылы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасының отырысында қаралды

«____» ______ 2014жыл Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі ___________________

5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының оқу-әдістемелік кешенінде төмендегідей практика түрлері:

  • 1-2 курс үшін оқу практикасы

  • 3 курс үшін өндірістік, оқу (педагогикалық) практикасы

  • 4 курс үшін кәсіптік – педагогикалық практикасынан, бақылау графигі, бағалау саясаты, есеп құжаттарының тізімі т.б. қарастырылған.

Аталған оқу-әдістемелік кешен күндізгі бөлім студенттеріне, практика жетекшілері мен әдіскерлеріне арналған.

Алғы сөз

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Педагогикалық практика барысында ғана студент – практиканттар өзін - өзі тәрбиелеу, өздігінен білімін жетілдіру, кәсіби дайындық деңгейлерін көтеру, теориялық білімдерін нақты іс жүзінде қолданудың іскерліктерін қалыптастырып, дамытады. Студент практиканттардың педагогикалық практика барысындағы іс- әрекеттері мұғалім қызметінің аналогы болып табылады, себебі ол нақты мектеп жағдайында мұғалім қызметінің мәні мен мазмұнына негізделіп ұйымдастырылады.

Педагогикалық практика - болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыратын алғашқы әдістемелік оқу-тәрбие шараларының бірі.

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру базасы жалпы білім беретін орта мектеп пен инновациялық типтегі мектептер болып келеді.

5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша практикалардың бөлінуі

Практика атауы

Семестр

Өтіліу мерзімі

1

Оқу практика

1-2

1-2 апта

2

Оқу практика

3-4

1-2 апта

3

Өндірістік, оқу практика

5-6

2-3 апта

4

Диплом алды педагогикалық практика

7-8

8апта