Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИЛИБАЕВА САНИЯ ҚОНЫСҚАЛИҚЫЗЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523.78 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУҒА АРНАЛАҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В011500 Құқық және экономика негіздері мамандығына арналған

АҚТӨБЕ- 2013

УДК

ББК

Т Тоғайбаева А.К.

Т Тоғайбаева А.К. Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша диплом жұмысын орындау ережесі Әдістемелік нұсқау / Ақтөбе қаласы, 2013, -б./

ISBN

Күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша 5В011500 Құқық және экономика негіздері мамандықтары студенттері үшін диплом жұмысын орындау ережесі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес құрастырылған.

ББК

Пікір берушілер:

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық

институты ОӘБ бастығы, п.ғ.д.,профессор Т.Ә.Ботагариев

Қ.Жұбанов атындағы АМУ заң

факультетінің деканы., з.ғ.к А.Қ.Нұрлин

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе

универститетінің «Басқару және кәсіпкерлік»

кафедрасының меңгерушісі., э.ғ.к А.С.Кемалова

Басылымға Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-методикалық кеңесінің шешімімен ұсынылған.

(№ хаттама 2013 жыл)

Т

ISBN © Тоғайбаева А.К.

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................

1

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ……………………..…

1.1

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері…..….……………………………..

1.2

Диплом жұмысының тақырыбын қалыптастыру……………………………….….

2

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ……….…

2.1

«Құқық және экономика негіздері» мамандықтары үшін диплом жұмысының мазмұны және құрылымы…..………………………………………………………..

2.2

Диплом жұмысының аңдатпасына қойылатын талаптар.…....................................

2.3

Мәтінді баяндау тілі және стилі ……………........................................………….…

3

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ……………………..

3.1

Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және тапсырманы рәсімдеу ………...…

3.2

Диплом жұмысына материал жинау………………………………………………..

3.3

Жұмысты ұйымдастыру және диплом жұмысын орындау барысын бақылау …...

3.4

Ғылыми жетекшінің міндеті. ……..…………………..……………………………...

3.5

Диплом жұмысына сын-пікір берушінің міндеті ………………………………..…

4

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ………………………...…

4.1

Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар……………………………….

4.2

4.3

Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі және диплом жұмысын қорғауды ұйымдастыру.................................................................................................................

Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі................................................................

Қосымшалар..................................................................................................................

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 5.03.016-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі» (2009 жылдың 01 қыркүйегінде енгізілген) талаптарына сәйкес, студенттің Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

5В011500 Құқық және экономика негіздері мамандығына диплом жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқауды әзірлеудің мақсаты – құқық және экономика негіздері мамандығы студенттеріне диплом жұмысын міндетті талаптар, ережелер, ұсыныстарға сәйкес орындауға көмектесу.

Диплом жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқауда диплом жұмысының ғылыми деңгейіне, орындалу сапасына, тәжірибелік ұсыныстарға қойылатын талаптар қарастырылған.

Диплом жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау дипломдық жұмыстың мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Диплом жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау диплом жұмысын орындау және рәсімдеуде күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне, ғылыми жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]