Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodich_ukazanie_po_proizvodst_praktike.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.57 Кб
Скачать

2.2 Сараман базасындағы сараман жетекшісінің міндеттері

Сараман базасындағы сараман жетекшісі міндетті:

  • университетпен тағайындалған сараман жетекшісімен бірге және сараман бағдарламасына сәйкес студенттер жұмысының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;

  • әрбір студентті жұмыс орнымен, сонымен қатар жұмыс орындарында білікті жетекшілермен қамтамасыз етуге. Сараманнан өтушілерге қажетті түсіндірмелер беруге және олардың тапсырылған жұмысты сапалы, уақытылы орындауларын талап етуге;

  • бекітілген бағдарламаға және студенттердің жеке жоспарларына сәйкес сараманға жетекшілік етуге;

  • сараман аяқталғаннан кейін әр сараманнан өтушінің жұмысы туралы жазбаша мінездеме беруге және студенттің жасаған есебін растауға;

  • сараман жетекшісі жұмыс орнында студенттер жұмысына күнделікті басшылық етуге, қажетті түсініктер беруге, тапсырылған жұмысты сапалы және уақытылы орындауларын талап етуге және студенттердің сараман өту күнделіктерін дұрыс толтыруларын бақылауға міндетті.

2.3 Студенттің міндеттері

Студенттер сараманнан шығар алдында өз кафедраларынан төмендегілерді алуға міндетті:

  • бағдарламаны;

  • жеке тапсырманы;

  • толық нұсқаулықты.

Студент сараманнан өтуде атқаруға міндетті:

  • сараман базасына бекітілген уақытында келуге;

  • сараман бағдарламасын толық орындау, бекітілген нысанға сәйкес сараман күнделігін жүргізуге;

  • сараман базасында (ұйым, мекеме) қолданылатын ішкі күн тәртібі ережелеріне бағынуға;

  • еңбек қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және зерделеуге;

  • жеке кестеге сәйкес сараман жетекшісінің тапсырмаларын орындауға;

  • сараман базасының (мекеме, ұйым) өміріндегі қоғамдық өмірге белсене араласуға;

  • сараман жетекшісіне бекітілген нысанмен барлық тапсырмалар орындалғаны жайлы сараман базасы жетекшісі қол қойған жазбаша есеп, күнделікті бекітілген уақытында тапсыруға.

3. Өндірістік сараманға жеке тапсырма. 5в020200 Халықаралық қатынастар және 5в050500 Аймақтану мамандығы студенттеріне өндірістік сараманға жеке тапсырма.

3.1. Сараман жетекшісінің тапсырмасы:

1. Сараман базасының (мекеменің, ұйымның) жарғысымен (ережесімен), өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымымен танысу. Басқарма аппаратының, сараман өту бөлімшесі құрылымының сұлбасын жасау.

2. Сараман материалдарын жинау, атап айтқанда сараман базасының (ұйымның, мекеменің) басқарушылық қызметі туралы ереже, қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларымен, құжат айналымымен, іс-жүргізу құжаттарымен және т.б. танысу.

3. Сараман базасының (ұйым, мекеме) соңғы 3 жылдық қызметін сараптамалық талдау.

4. Халықаралық келісім-шарт, меморандум, нота, келісім үлгісін сараман базасының қызмет бағытына қарай дайындау.

5. Сараман базасындағы бір ресми құжаттың шет тіліне аударылған нұқасын дайындау.

3.2. Сараман базасындағы сараман жетекшісінің тапсырмасы:

1. Қазақстанның халықаралық және сыртқы саяси ынтымақтастығын реттейтін нормативтік құжаттармен танысу.

2. халықаралық және сыртқы саяси қызметтегі аймақтық бағдарламалардың қалыптасуына және жүзеге асуына қатыссты құжаттармен жұмыстану.

3. Сараман базасы шеңерінде өткізілетін шараларға (көрмелер, конференциялар, кездесулер және т.б.) қажетті анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындауға көмек көрсету, үйлестіруші материалдарды көбейту.

4. ұйым тарапынан сараман жетекшісі бекіткен көлемдегі құжат мәтіндерін (хаттар, басқа да ресми ақпарат) аударуды жүзеге асыру.

5. өндірістік сараманды өту барысында алған ақпаратты сараптау және қорытынды есеп дайындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]