
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
- •5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •2. Рецензенттер
- •Мазмұны:
- •1. Өндірістік сараман мазмұны
- •«Халықаралық қатынастар» мамандығының 4 курс студенттері қызметінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •2. Сараман жетекшісі және студенттердің міндеттері
- •2.1 Университеттегі сараман жетекшісінің міндеттері
- •2.2 Сараман базасындағы сараман жетекшісінің міндеттері
- •2.3 Студенттің міндеттері
- •3. Өндірістік сараманға жеке тапсырма. 5в020200 Халықаралық қатынастар және 5в050500 Аймақтану мамандығы студенттеріне өндірістік сараманға жеке тапсырма.
- •3.1. Сараман жетекшісінің тапсырмасы:
- •3.2. Сараман базасындағы сараман жетекшісінің тапсырмасы:
- •4. Сараман қорытындысы бойынша есепке қойылатын талаптар
- •5. Сараман қорытындысын шығару тәртібі
- •Қосымшалар:
- •Сараман есебінің соңғы беті
- •Өндірістік сараман күнделігі
- •2014-2015 Оқу жылы
- •Мінездеме
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік университеті сараманға жолдама №______
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
БекітеМІн
Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы
___________Г.И.Нестеренко
(қолы)
___ ___________ 2014 ж.
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
өндірістік сараманды өту жөніндегі
Әдістемелік нұсқаулық
Орал - 2014
Әдістемелік нұсқаулық Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтардың ҚР МЖМБС 3.08.-2006 және ҚР МЖМБС 3.08.278-2006 негізінде әзірленді.
Құрастырушы: оқытушы Б.М.Мырзабаева
2. Рецензенттер
Қожабергенова Х.И.- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Жакупов А.К.– БҚО кәсіпкерлік және индустриялды даму басқармасының басшысы
ДТ және ӘСП кафедрасының отырысында қарастырылды.
_____ _______________201_ ж. № ____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі: ___________ А.Ш.Журасова
Тарих, экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
_____ _______________201_ ж. № ____ хаттама.
Факультеттің оқу- әдістемелік
кеңесінің төрағасы: ______________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
Мазмұны:
Өндірістік сараман мазмұны……………………………………………….2
Сараман жетекшісі және студенттердің міндеттері……..........................4
Өндірістік сараманға жеке тапсырма.........................................................5
Сараман қорытындысы бойынша құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар......................................................................................6
Сараман қорытындысын шығару тәртібі…..............................................8
Қосымшалар.....................................................................................................9
Ұсынылатын әдебиеттер..............................................................................14
1. Өндірістік сараман мазмұны
Сараман мазмұны базалық ұйым қызметінің сипатымен анықталады. Студент-практикант Қазақстан Республикасының СІМ-де, министрліктердің халықаралық байланыс бөлімдерінде өндірістік сараманнан өте отырып, аударма ісімен және дипломатиялық құжаттарды (ноталық жазбалар, жадынамалық жазбалар, меморандумдар) дайындаумен айналысады, нормативтік-құқықтық актілермен, оның ішінде халықаралық келісім-шарттармен және келісімдермен жұмыс жасайды, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеумен айналысады, түрлі тапсырмаларды орындайды (факс қабылдау-жіберу, бөлімдерге ақпарат тарату және т.б.), жопарланған шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады (конференциялар, семинарлар, кездесулер). Туристік фирмаларда сараманнан өту барысында студент-практиканттар келушілермен жұмыс жасайды, оларды тур бағыттарымен таныстырады, оларға құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі, жарнамалық қызмет үшін елтанушылық мәліметтердің аудармасын жасайды.
Сараман барысында студент базалық ұйым қызметінің ұйымдастырылуымен; базалық ұйым құжаттарымен, оның ішінде шет тіліндегі де, танысуы; ведомствалық және дипломатиялық құжаттарды жазу дағдысын меңгеруі; мамандық бойынша алған жалпы теориялық білімін бекітуі, тереңдетуі және тәжірибеде қолдануы; Қазақстанның шетелдік елдермен әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынасының жағдайымен танысуы қажет.
Сараман орынын университет, студенттердің өздері ұсынуы мүмкін немесе сараман орны мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемкемелердің сұранысы бойынша белгіленеді.
Студенттің жұмыс орнын, органның бөлімшесін, студенттің сараманды өтуіне жауапты жетекшіні ұйымының бірінші басшысы белгілейді. Студенттің сараманнан өтуін жалпы бақылауды мамандық бекітілген кафедра жасайды, сараманға нақты жетекшілікті кафедра бекіткен әдіскер жасайды. Жетекші студентке сараманға кетудің алдында нұсқау береді және сараман кезіндегі студенттің жұмысын бақылайды, сараманның соңында оның нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды жасайды. Сараман мерзімі біткен соң студент кафедраға сараманның нәтижелері туралы есеп, күнделік, сын-пікір және сараман барысында жинақталған құжаттарды тапсыруға міндетті.
Өндірістік сараман есептерін студент кафедраның арнайы құрылған комиссиясының алдында қорғайды, комиссия есеп қорғауды төрт баллдық жүйе бойынша бағалайды (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз). «Қанағаттанарлықсыз» баға алу, тәжірибенің есебін тапсырмау - өндірістік сараманды қайта өтуді талап етеді, ал егер студент өндірістік сараманды өтуге сылбыр-салақ қарайтын болса, сараман кезінде тәртіп бұзушылық жасаса немесе сараман есебін қорғау кезінде студенттің сараман бағдарламасын орындамағаны анықталса, студент университетте сол курста екінші жылға қалдырылады. Өндірістік сараманды екінші рет өту мерзімдері мен тәртібі түрлі жағдайда кафедра және сараман жетекшісі арқылы шешіледі. Сараман нәтижелерінің бағасы теориялық курстардың емтихандық бағаларымен бірге есепке алынады.