
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
- •5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
- •Жұмыс бағдарламасы
- •2. Рецензенттер
- •Мазмұны:
- •Өндірістік сараманның мақсаттары мен міндеттері
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •4. Тәжірибені өту кестесі
- •5. Білім алушылардың сараманды өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері
- •6. Өндірістік сараман мазмұны
- •7. Сараман қорытындысын шығару тәртібі және бағалау көрсеткіштері
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
БекітеМІн
Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы
___________Г.И.Нестеренко
(қолы)
___ ___________ 2014 ж.
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
өндірістік сараманды өту жөніндегі
Жұмыс бағдарламасы
Орал - 2014
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтардың ҚР МЖМБС 3.08.-2006 және ҚР МЖМБС 3.08.278-2006 негізінде әзірленді.
Құрастырушы: оқытушы Б.М.Мырзабаева
2. Рецензенттер
Қожабергенова Х.И.- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Жакупов А.К.– БҚО кәсіпкерлік және индустриялды даму басқармасының басшысы
ДТ және ӘСП кафедрасының отырысында қарастырылды.
_____ _______________201_ ж. № ____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі: ___________ А.Ш.Журасова
Тарих, экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
_____ _______________201_ ж. № ____ хаттама.
Факультеттің оқу- әдістемелік
кеңесінің төрағасы: ______________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
Мазмұны:
Өндірістік сараманның мақсаттары мен міндеттері...............................2
Пререквизиттер...............................................................................................2
Постреквизиттер..............................................................................................3
Тәжірибені өту кестесі....................................................................................3
Білім алушылардың сараманды өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері..............................................................................................3
Өндірістік сараман мазмұны.........................................................................4
Сараман қорытындысын шығару тәртібі..................................................5
Ұсынылатын әдебиеттер................................................................................6
Өндірістік сараманның мақсаттары мен міндеттері
Өндірістік сараман жоғарғы оқу орындарында оқу үрдісін аяқтайтын саты, ол теориялық білімді жүйелеуге, бекітуге және кеңейтуге көмектеседі, дербес зерттеу жұмысының дағдыларына үйренуге мүмкіншілік береді. Өндірістік сараман барысында студенттер өздері сараманды өтіп жатқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет тәжірибесімен танысады, сол ұйымдардың басшыларының бекіткен, сараман жетекшілерінің келісімі немесе тапсырмалары бойынша ұйымның басқару және өндірістік қызметтеріне араласады.
Өндірістік сараман мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.
Өндірістік сараманның негізгі міндеттері:
қазіргі әлемде болып жатқан аймақтық және ғаламдық үрдістер бойынша білімдерін толықтыру;
базалық ұйымдар құжаттарымен, оның ішінде шет тіліндегі, танысу, ведомствалық және дипломатиялық құжаттарды дайындау дағдысын игеру;
мамандық бойынша жалпы теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту, тереңдету және қолдану;
кәсіби еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктерін есепке ала отырып, студенттердің қабілеттері мен әдістерін қалыптастыру;
еркін, демократиялық, құқықтық, нарықтық мемлекет жағдайында өз қызметіне жауапкершілігі қалыптасқан мамандарды дайындау;
іскерлік кеңес, отырыс, кездесулерді өткізуді үйрену, шарт, келісім-шарт, ынтымақтастық туралы меморандум, шешімдер жобаларын жасау дағдысын қалыптатыру;
сараманды өту туралы есеп және болашақ дипломдық жұмыс жазу үшін керекті материалдарды жинау және жүйелеу.
Өндірістік сараманнан студенттер ҚР-ның СІМ департаменттері мен басқармаларынан, дипломатиялық және консулдық мекемелерінен, ҚР министрліктері мен ведомстваларының сыртқы байланыс бөлімдерінен, ҚР территориясындағы шетелдік компаниялар өкілдіктерінен, түрлі деңгейдегі әкімдіктерден, халықаралық ұйымдардан, халықаралық үкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік емес кәсіпорындарынан, шетелдік мәдени орталықтардан, туристік фирмалар және т.б. өтеді.