- •Педагогикалық тәжірибе.Оны зерттеу мен жалпылау әдістері
- •Сурет 1 - Студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi
- •I кезең - диагностикалық - болжамдық кезең –
- •II кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең –
- •III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең –
- •Сурет 3 - Оқу-тәрбиелiк практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi
- •Сурет 4 - Студенттердiң кешендiк тапсырмаларды орындау кезiндегi бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң қалыптасу динамикасы (%)
Сурет 1 - Студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi
Репродук-тивтiк
Мазмұнды, әдiстердi, формаларды iрiктеп алу
Проблема
Мақсат
Объектiнi зерттеу
Мәселе-лердi нақтылау
Әрекет тәсiлiн таңдап алу
Репродуктивтiк-шығармашылыº
Нә-
тиже
Нәтиженi бағалау
Шығарма-шылық
Диагностикалық-болжамдық
Ұйымдастырушылық - практикалық
Бақылаушылық – нәтижелiлiк
Кешендi тапсырмаларды орындау кезеңдерi
Сурет 2 - Кешендiк тапсырманы орындау моделi
Модельге студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн қамтитын жалпыланған алгоритм, оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған. Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады.
Одан әрi студенттердiң кешендi тапсырманы орындау кезiнде педагогикалық үрдіс кезеңдерiн бейнелейтiн iс-әрекетiнiң құрылымы теориялық деңгейде зерттелiнiп, әзiрлендi:
I - диагностикалық-болжамдық кезең. Мақсат қою – әдіс-тәсілді таңдап алу;
-II – ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған әдіс-тәсілді жүзеге асыру;
III – бақылаушылық – нәтижелiк кезең. Жасалған жұмысты талдау, қорытындыларын шығару.
Әрбiр кезеңде болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсiби мәндi және аса маңызды педагогикалық iс-әрекеттерiнiң, сондай-ақ студенттер кешендi тапсырмаларды орындау барысында игеруi тиiс бiлiмдер мен iскерлiктер жиынтығы анықталды. Iс-әрекет құрылымын зерттеп, әзiрлегенде А.П.Сейтешевтiң педагог-тәрбиешiнiң жалпы педагогикалық iскерлiктерi кешенiнiң тұжырымдық моделi және В.А.Сластениннің педагогикалық мәселердi шешудiң кезеңдерi жөнiндегi еңбектерiн басшылыққа алдық (3-сурет).
Зерттеу барысында біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керектігін ұсындық: тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау; қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.
