- •Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы пәні бойынша
- •5В011400 – «Тарих» мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1.Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13. Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14. Баға туралы ақпарат
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сурақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Мазмұны
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары......................................3
- •Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы пәні бойынша
- •5В011400 – «Тарих» мамандығы үшін
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) тарих факультетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының мұражай ісі тарихы» курсын меңгеру бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруда көмектеседі.
Кешенде мамандықтың оқу жоспары мен жалпыға міндетті білім стандарттарына қатаң сәйкестікте құрылған пәннің оқу бағдарламасы берілген.
Дәрістік және практикалық сабақтарға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік материалдар ОӘК пәннің бағдарламасына сәйкес әр бөлім бойынша жеке берілген.
Әрбір бөлім төмендегі пункттерді қамтиды:
1) әр оқытылатын тақырып бойынша дәріс тезистері мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі енген дәріс курстарының оқу-әдістемелік материалдары;
2) практикалық сабақтарға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік материалдар, бұл бөлімде сабақтарды өткізу жоспарлары, әр сабақтың сұрақнамасы, тапсырмалары берілген;
Тапсырмаларды уақытында орындау студенттерге теориялық материалдарды терең меңгеруге, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
3) СОӨЖ және СӨЖ сабақтарына дайындық шеңберінде әр тақырып бойынша берілген ғылыми зерттеулер, ғылыми еңбектер мен мақалалармен жұмыс жасау қажет. Нақты тақырыптар бойынша өзіндік жұмысқа дайындалған кезде қосымша тапсырма ретінде кесте, сызба толтыру, контур картамен жұмыс жасау, реферат, баяндамалар жазу, мақалаларға талдау жасау, мультимдеиялық презентацияларды әзірлеу ұсынылатын болады.
Сонымен кешенде оқытылған материалды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін курстың барлық бөлімдері бойынша бақылау тесттары берілген.
10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар – аталған сабақ түрі қарастырылмаған.
11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып 1. XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
XIX ғ. өлкетану қоғамдары мен статистикалық комитеттер, ғылыми орталықтардың құрылудағы басты себептер.
XIX ғ. өндірістік көрмелердің музей коллекцияларын дамытудағы орны.
Ресейдің Антропология және этнография музейіндегі қазақ халқының бай тарихына байланысты жәдігерлер
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы Қазақстандағы мұражай ісінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтау қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1,3, 4, 6.
Қосымша әдебиеттер: 12,15, 20, 21, 24, 35.
Тақырып 2. Қазақстан аумағында алғашқы музейлердің құрылуы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
Қазақ жерінде XIX ғ. 30-шы жылдары алғашқы музейлердің қалыптасуы.
XIX ғ. музей жинақтарының негізгі бағыты туралы айтыңыз.
Орынбор губерниялық музейінің ашылуындағы В.И.Дальдің қызметі.
Орынбор Ғылыми архивтік комиссиясының қызметі.
XIX ғ. екінші бөлігінде Семей мұражайының құрылуы.
Абай Құнанбаев пен әкесі Құнанбайдың музей қорын толықтырудағы еңбегі.
Ағайынды Белослюдовтардың музей үйі және Семей музейін дамытудағы қызметі.
Жетісу музейінің құрылуы.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау, дискуссия
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы ХІХ ғ.с құрылған қазақстандық мұражайлардың хронологиялық кестесін дайындау.
Негізгі әдебиеттер: 1 – 5, 8, 10.
Қосымша әдебиеттер: 22, 24, 37, 39, 41
Тақырып 3. Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
Н.В.Хлудовтың қызметі.
Қазақстанда алғашқы музей қорларын құрудағы жергілікті өлкетанушылардың қызметі.
Қазақ даласында музейлік маңызы бар заттарды жинақтауда 1898 жылғы нұсқаудың маңызы туралы айтыңыз.
Л.Д.Беркімбаев, Х.И.Имамбаев жинаған құнды жәді-герлер коллекциясының маңызы.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанда қызмет істеген өлкетанушылардың өміріне және қызметіне сипаттама жасау керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 – 4, 8.
Қосымша әдебиеттер: 13 – 18, 21, 24, 38, 42
Тақырып 4. 1917-1930 жж. Кеңес өкіметінің музей ісіне арналған қызметтері
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1917-1920 жж. музей ісі бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы айтыңыз.
1920 жылдардағы А.Байтұрсыновтың музей ісін дамытудағы қызметі.
20-шы жылдардағы Орталық Өлкетану музейінің қызметі.
1924 ж. Қазақ білімпаздарының съезі.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстанда кеңес өкіметінің мұражай ісіне қатысты іс-әрекеттеріне қатысты ғылыми әдебиеттерді оқу.
Негізгі әдебиеттер: 1-7
Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.
Тақырып 5. Қазақстан аумағында музей жүйелерінің құрылуы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
А.Махониннің қызметі.
Қазкомпристаристің құрылуы.
1920-30-шы жылдары құрылған музейлер туралы айтыңыз.
1921 ж. Туркомстаристің (Средазкомстарис 1924 ж.) құрылуы мен қызметі.
М.Е.Массон, Т.А.Шпота, В.П.Тризнаның музей ісін дамытудағы еңбектері
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағында мұржай жүйесінің қалыптасуындағы жеке тұлғалардың еңбегі. Мұражайлардың құрылуы барысы туралы баяндау.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.
Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41
Тақырып 6. 1930-1940 жж. Қазақстандағы музей ісі
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1926-1928 жж. «Средазкомстарис» Хабаршысы.
Мұра жинау, сақтаудағы алаш зиялыларының қызметі.
1922 ж. Талап қоғамының музей ісін өркендетудегі орны.
1925 ж. Шымкент мұражайының құрылуы, алғашқы экспозициясы.
1935 ж. Қазақ өнері музейінің құрылуы.
6. Отан соғыс жылдарындағы музейлер қызметі.
СОӨЖ өткізу түрі: конспект тексеру.
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Тақырыптың сұрақтарына дайындалу барысында мұражайларда құнды жәдігерлерді жинақтаудың кезеңдеріне көңіл бөліп, мұражайлардың құрылуына маңыздылығына көңіл бөлу керек.
Негізгі әдебиеттер: 1-7, 9.
Қосымша әдебиеттер: 15, 19, 21, 24, 35, 39, 42, 41.
Тақырып 7. 1946-1985 жж. музей ісі
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1946-1950 жж. музей коллекцияларының дамуы, музейлердің құрылуы.
1960-80 жж. Қазақстандағы музей ісінің дамуы.
Ө.Жәнібековтің Қазақстандағы музей ісін дамытудағы қызметі.
1970-80 жж. құрылған қорық музейлер және олардың қызметі.
1960-80 жж. Қазақстанда құрылған мемориалдық музейлер.
СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша бақылау жұмысы
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты оқу барысында мұражай коллекцияларының қалыптасуына назар аудару керек және әрбір мұражайлардың маңыздылығын түсіну қажет.
Негізгі әдебиеттер: 2-8, 10.
Қосымша әдебиеттер: 15-19, 22-24, 35-42
Тақырып 8. Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
Қазақстандағы Республикалық маңызы бар музейлер.
ҚР Президенттік мәдениет орталығы.
ҚР Тұңғыш Президентінің музейінің қор, экспозициясы.
ҚР Мемлекеттік Орталыфқ музейі.
Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі.
ҚР Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының музейінің қор, экспозиция ерекшеліктері.
ҚР Кітап музейінің құрылуы мен экспозициясы.
Қазақтың Ұлттық аспаптар музейінің құрылуы.
«Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің экспозициясы.
Қазақстандағы мемориалдық музейлер.
ҚР тарихи-өлкетану музейлері.
Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық музейі.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау, реферативті шолу
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы Тәуелсіз Қазақстанда мұражайлардың қалыптасуын көрсету қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1-7, 10.
Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.
Тақырып 9. Музей ісіндегі халықаралық байланыстар
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
2007 ж. «Мәдениет туралы» заңға енгізілген өзгерістер.
Тәуелсіз Қазақстанда музей ісінің зерттелуі.
Халықаралық және Ұлттық ИКОМ комитеттерінің қызметі.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының музей ісін дамытудағы маңызы.
СОӨЖ өткізу түрі:слайд презентация
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу. Слайд презентация дайындау барысында Интернет ресурстарды қолдану. Мұражай ісінің дамуындағы «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызын көрсету керек.
Негізгі әдебиеттер: 1-5, 8.
Қосымша әдебиеттер: 11–17, 19, 29, 35-42
Тақырып 10. Қазақстандағы мұрағат мекемелерінің қалыптасу тарихы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1. Қазақстандағы мұрағат мекемелерінің қалыптасуының кезеңдері.
2. Ғылыми-ағарту мекемелерінің революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстанның мұрағат мекемелерін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі.
3. Ресейлік және қазақ интеллигенция өкілдерінің революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ даласында мұрағат мекемелерін дамыту бойынша іс-қызметі.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтау қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1,3, 4, 6.
Қосымша әдебиеттер: 12,15, 20, 21, 24, 35.
Тақырып 11. Мұрағат ісінің кеңестік дәуірдегі дамуы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1. Кеңестік Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасуы мен дамуын дәуірлеу.
2.Мемлекеттік мұрағаттардың құрылуы.
3.Кеңестік дәуірдегі мұрағат ісінің даму ерекшеліктері.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау, дискуссия
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы кеңестік дәуірде құрылған қазақстандық мұрағаттардың хронологиялық кестесін дайындау.
Негізгі әдебиеттер: 1 – 5, 8, 10.
Қосымша әдебиеттер: 22, 24, 37, 39, 41
Тақырып 12. Қазақстан Республикасының мұрағат ісі
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1. Егеменді Қазақстанның мұрағат ісін қалыптастырудағы нормативті-құқықтық база.
2. Қазақстан Республикасының мұрағат мекемелері жүйесінің ресімделінуі.
3. Қазақстанның мұрағат мекемелерінің іс-қызметінің негізгі бағыттары.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанна бергі мұрағат ісіне қатысты заңдар мен құқықтық құжаттардың тізімдемесі жасау керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 – 4, 8.
Қосымша әдебиеттер: 13 – 18, 21, 24, 38, 42
Тақырып 13. Қазақстанның қазіргі заманғы мұрағат ісі саласындағы халықаралық қызметтестігі
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1. ХХ ғасырдың 90-жылдары – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның мұрағат мекемелерінің халықаралық қызметтестігінің басым бағыттарын анықтау.
2. ЕВРАЗИКА шеңберіндегі Қазақстанның іс-қызметі.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан Республикасының мұрағат ісі саласындағы халықаралық қызметтестігін бақылайтын негізгі құжаттарды оқу.
Негізгі әдебиеттер: 1-7
Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.
Тақырып 14. Мұрағат мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмысы
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар және слайд презентация дайындау:
1. Мұрағат мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың орны мен рөлі.
2. Мұрағат мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары.
3. Негізгі мұрағат анықтамалары: тізім, каталог, жолкөрсеткіш, құжаттарды шолу, мұрағаттық көрсеткіш, тарихи анықтама.
СОӨЖ өткізу түрі: слайд презентация
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу. Слайд презентация дайындау барысында Интернет ресурстарды қолдану. Мұрағат мекемелерінің ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттерін тірек-сызба түрінде көрсету керек.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.
Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41
Тақырып 15. Мұрағат ісін ақпараттандыру
Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:
1. Мұрағат ісін ақпараттандыру түсінігі.
2. Ақпараттандыру объектілері.
3. Ақпараттандырудың негізгі мақсаттары, принциптері, бағыттары
4. Мұрағат ісін ақпараттандыру және пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету.
СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша бақылау жұмысы
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы мұрағат ісіндегі ақпараттандыру жолдарын анықтау қажет. Ақпараттандыру жүйесі бойынша мұрағаттардың байланысын көрсететін тірек-сызба дайындау керек.
Негізгі әдебиеттер: 1-7, 9.
Қосымша әдебиеттер: 15, 19, 21, 24, 35, 39, 42, 41.
