Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар пеед техн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399.36 Кб
Скачать

3.Компьютерлік оқыту технологиясы.

Компъютерлік оқыту технологиялары телекоммуникациялық желісі арқылы іске асады. Ең белгілі, көлемді телекоммуникациялық желісі - ИНТЕРНЕТ.

ТҮРЛЕРІ: Телекоммуникациялық оқу жобасы, телеконференция; дистанциялық оқыту формасы, интернет.

Мультимедиа компъютері – бағдарламалық және аппараттық құралдар жиынтығы бар компъютер, ол арқылы дыбыс, көрініс ақпараттары беріледі (видиороликтер, анимациалық фильмдер т.б.)

Телекоммуникациялық оқу жобасы - бір мақсатта, келіскен әрекет тәсілдері бойынша компъютерлік телекоммуникация арқылы ұйымдастырылған әрекеттің жалпы нәтижесіне жетуге бағытталған оқушы-партнерлердің бірлескен оқу-танымдық, ойын, шығармашылық іс- әрекеті.

Телеконференция- түрлі телекоммуникациялық құралдар арқылы ( телефон, теледидар, видиотелефон, компъютерлік телекоммуникация т.б.) белгілі тақырыптар бойынша электрондық хаттар арқылы пікір алысу.

Даму аймағындағы дербес электрондық – есептеу машиналарындағы қарқынды процесс педагогтарды компьютерге үйренудің жаңа технологиясының жолына түсірді. Үйренудің арнаулы программаларымен қаруланған компьютерлер дидактикалық тапсырмалардың барлығына жуығын орындауға мүмкіншілік береді. Олар бір мезгілде белгілікті хабарлама береді, оны оқушылардың қандай мөлшерде игергендіктерін, өз дәрежесіндегі теориялық біліммен практикалық біліктіліктерін қалыптастырады, электрондық кітапханаларға деген мүмкіншіліктерін, негізі және халықаралық анықтамаларды ашады: санаулы секундтарда қажетті бетті, параграфты, абзацты немесе кітаптың басын таба алады, ең бастысын белгілейді т.б.

Кейбір компьютерлер бейімдегіш аталатындары, оқушылардың ерекшеліктеріне орай үйрену қарқынын бейімдейді, жауаптарына анализ жасап, сол негізде кезекті үйрену мөлшерін орнықтырады, жауаптарын белгілейді, берілген сұрақтардың күрделірік деңгейіне қарай уақытын азайтып немесе көбейтіп, оқушының жауап қайтаруға қажетті мүмкіншілік жасайды.

Компьютерге үйрену технологиясының пайдасын үйрену программасының сапасы мен есептеу техникасының сапасына байланысты. Хабарландыру мен компьютерлендіру жайындағы атомдық және әлемдік тәжірибені қорытындылап, көптеген мамандар 1980 жылдары білім сферасындағы компьютерлендіру сапасы қоғамдың және шаруашылық ағымдарын барлық бағытта басып озуы қажет деген, себебі білім мамандандыру мәдениетін барлық ел бойынша компьютерлендіруге жол ашатындығын айтқан.

Оқытудың компьютерлік технологиясы, компьютерлік бағдарламасы, әр түрлі деңгейдегі күнделікті оқу процесін жалғастыруға мүмкіндік мол. О.И.Агапова, О.А.Кривошеев, А.С.Ушанов компьютерлік оқыту технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойыншы «Компьютерлік технология» - бұл әдістер жиынтығы, адамның даму процесіндегі іс-әрекеттің формасы мен қаруы. Оқыту технологиясының негізі білім беру ақпаратының мазмұнына лайықты құрылу қажет » деп көреді.

  1. Компьютерлік технологияның алғашқы деңгейі өз негізінде оқытудың қалыптасқан түрі мен әдістерін сақтайды. Тірек классикалық оқулықтар мен оқыту кітапшаларына жасалады, бірақ білім беруді жақсарту мен ұғымдарын қадағалауды күшейтуде компьютер қолданылады.

  2. Компьютерлік оқыту технологиясының екінші деңгейі дәстүрлі мазмұнға негізделіп құрылады. Сондағы классикалық және оқыту әдістемесінің системалық комбинацияларына жатпайтындары қолданылады. Қолдауды ол қалыптасқан оқулықтардан, есептер жинақтарынан және методикалық кітапшалардан, сонымен бірге компьютерлік программалар мен білім беру жүйелерінен, негізінде жан-жақты зерттелген шынайы өмірдегі процестерден табады.

  3. Компьютерлік технологияның үшінші деңгейі біріккен білімдік процесс болып, дәстүрлі емес мазмұнға, түрге, әдіске және оқу жүйесіне негізделеді. Үшінші деңгейде компьютерлік оқыту технологиясы көмекші оқыту технологиясы емес, ол негізгі қажеттіліктердің біріне айналады.

Лекция №10. Этнопедагогикалық технологиялар.

1. Этнопедагогикалық технологияларды қолдану мақсаты.

2. Этнопедагогикалық технологияларды қолдану жолдары.

Бүгінгі күні мәдени-этникалық тәрбиеге деген ерекше мән берушілік пен қызығушылық қалыптасуда.

Көп мәдениеттілік білімнің басты мақсаты-мәдениетаралық хабардарлықты дамытуға көмектесу. Ол сонымен бірге этникалық тектестікті сақтауға, жалпы мәдениеттің аясында тиімді әрекет етуге бағытталған. Джеймс Бенкстің көп мәдениеттілік білім тұжырымдамасы пайда болды.

Көптеген елдерде (әсіресе латинамерикан елдерінде) мәдениетаралық қос тілділік білім тұжырымдамасы жасалып, іс жүзінде қолданыс тапқан. Мұндай білімнің мақсаты - бір мезгілде екі тілді жетік меңгерген (оның бірі- мемлекеттік тіл) қос тілді азаматтарды даярлау. Мәдениетаралық құрылым бір жағынан жеке тұлғаның этносаралық түсіністік, этникалық байсалдылыққа бейімділігі мен көп қырлылығының, екінші жағынан – түрлі мәдениеттермен тектесу, оқушыларға тән мәдени-этникалық ерекшелікті сақтау мүмкіндігін қалыптастырады.

1996 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының этникалық- мәдени білім беру тұжырымдамасының негізгі идеясы-этникалық топтардың өзіндік ерекшелігін сақтауға, сонымен бірге өзге мәдениеттердің құндылықтары мен қалыптарын игеруге бағытталған тәрбие беру үлгісін жасау болып табылады.

Этникалық-мәдени білім беру стратегиясы өзара байланысты екі мақсатты көздейді: этникалық сәйкестендіру мен мемлекеттік интеграция.

Этникалық-мәдени тәрбие берудің негізгі міндеттері ретінде мыналар ұсынылады:

-жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдайлар жасау. Мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстау;

- көп тілді жеке адамды қалыптастыру: ана тілінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзінің этникалық тобына қатысты да, мемлекетіне қатысты да «бірдей адалдық» үлгісін іске асыру.

Ең алғаш «этнопедагогика» терминін қолданған ғалым Г.Н.Волков болды. Өзінің «Чувашская народная педагогика» және «Этнопедагогика» анықтауы бойынша халық педагогикасы – бұл халықтың тілегіне сәйкес жеке адамның бойына қасиеттерді дарыту мақсатымен еңбекшілердің педагогикалық дәстүрлердің, тәсілдердің, тәрбие мен оқытуда өзара тәуелділік мақсаттардың, міндеттердің және құралдардың жиынтығы. (19)

Бұл жерде халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдардың халық педагогикасы туралы ұғымның анықтамасы жайлы пікірлеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Мағжан Жұмабаев (1922) «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «Ұлт тәрбиесі баяғыдан сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»- деп жазды.

Этнография, этнопедагогика, этнопсихологияны зерттеген ойшыл-жазушы Мұхтар Әуезов әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын әркез ескеріп отырған. Ол халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр, салт, әдет-ғұрып т.б.) ұлт психологиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді.

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Қ.Жарықбаев, профессор С.Қалиев тағы да бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда. Ж.Жарықбаев пен С.Қалиевтың бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания в Казахстане» (Алматы,1990ж.) атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде бірсыпыра мәселелер қарастырылған.

Ж. Наурызбаев өзінің «Ұлттық мемлекеттің ұлы мұраты» атты кітабында Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасының аса қажеттілігімен тың ізденіс екендігін атап көрсете отырып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын білдірді

Төл мәдениетті терең білу үшін - басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу - рухани баю мен дамудың негізі болады.

1995 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік - кеңесші орган ретінде Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды.

Қазіргі уақытта ассамблеяға 350 адам мүше. Ұлттық мәдени орталықтарда жыл сайын Наурыз, Құрбан айт, Масленица мен Рождество сияқты халық мерекелері мен діни мейрамдарды өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай мерекелерге қатысу жас жеткіншектерді көркем, қолданбалы, фольклорлық мәдениеттің асыл қазынасын қастерлеуге, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікке үйретеді.

Қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен гүлденуі көбіне-көп қазақ халқының және республиканы мекендеген басқа ұлт өкілдерінің арасындағы татулыққа, өзара түсінушілікке және сыйластыққа тікелей байланысты. Ұлтаралық қатынас мәдениеті әртүрлі ұлт өкілдерінің бойында татулықты, өзара түсінушілікті, сыйластықты, ізгіліктілікті, имандылықты тәрбиелеу, өз халқының өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа ұлт пен ұлыстардың өскелең өмір тәжірибесін, тұрмыс салтын, дәстүрін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, өнерін, мәдениетін меңгеруге ұмтылушылық сезімін қалыптастыру, ұлттық менмендікке, шовинистік дандайсушылыққа, басқа ұлт пен ұлыстарды көрушілікке ымырасыздықты орнықтыру. (27)

Сонымен «Ұлтаралық қатынас мәдениеті» - белгілі ұлт арасындағы байланыс, қатынас түрі. Олардың негізінде әр түрлі ұлт өкілдері, діни көзқарастарына т.б. белгілеріне қарамастан рухани құндылықтарымен, ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасуы, бір-біріне шыдамдылық, құрмет таныту.

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесінің барлық жақтарында қамтылады. Ол туралы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін тәрбиелік сағаттарда, еңбекке, өнер мен ісмерлікке баулу сабақтарында, туған Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілік, оны мекендеген барлық халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға құрмет пен достық сезімдерін орнықтыруды көздейтін интернационалдық және патриоттық тәрбиеде, Болғар халқының ерекшелігі шыдамдылық, бейбітсүйгіштік, Кавказ халықтарында үлкендерге деген құрмет,қазақ халқында қонақжайлық т.б. жақсы қасиеттерді ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі күні маңызды мәселе.

Жалпы білім беретін мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу мақсатында атқарылатын іс-шаралардың түрлері көбіне көп төмендегідей болып келеді:

11.Тақырып сұрақтары: Бағдарламалап оқыту технологиясы.

1.Бағдарламалап оқыту технологиясы туралы түсінік.

2. Б.Скиннердің бағдарламалап оқыту технологиясы

3. Н .Краудердің тармакты оқыту технологиясы.

Бағдарламалап оқыту технологиясы ХХ ғасырдың 50-жылдары пайда болған. Бұл идеяны ұсынған Б.Скиннер. Бағдарланған оқу бағдарламасы ЭВМ, бағдарлық оқулықтар және кинотренажерлар көмегі арқылы оқушы білімді меңгереді.Оқу материалын қабылдауын басқару мақсатында оқу ақпаратын белгілі порциямен оқушыға жеткізіп тексеруді ұсынды. Оның ұсынысы бойынша оқу материалын сызықты бағдарлама бойынша беруді ұсынды. Оқушы бір тапсырманы орындамай екінші тапсырманы орындауға мүмкіндік алалмайды. Кейн Н.Краудер тармақты бағдарлама түрін жасаған.

Бағдарламалап оқыту технологиясының принциптерін В.П. Беспалько жасаған. Бағдарланған оқу бағдарламасының басқару құрылымының иерархиясы бірінші принципі. Екінші принцип ол қатысушы мен ЭВМ ның арасындағы кері байланыс.Үшінші принцип-

Бағдарламалық оқытуда білімді қадамдар жасау алу арқылы меңгерілуі, бұл принциптің іске асуында бір бірімен байланысты үш мәселе іске асады: ақпарат алу, кері байланыс және тексеру. Төртінші принцип арқылы әрбір оқушының дара қабілеті арқылы іске асады. Бесінші принциптің мәні, ол белгілі техникалық құралдар арқылы іске асады, онда оқушының шапшаңдығы, реакциясы т.б. әсер етеді.

Бағдарлап оқыту технологиясын қолдану жағдайында оқыту технологиясының артықшылығы белсенді және дербес қызметі: ол міндетті және қосымша әдебиетті оқу, мазмұндамалық жұмыс, әр түрлі деңгейлі қиындықтары бар тапсырмаларды орындау, лабораториялық және практикалық жұыстарды орындау, мұғаліммен жеке жұмыс, білімді бақылау т.б.

Бағдарлап оқыту технологиясы барлық түрдің бақылауын іске асыруды болжайды; мұғалім басшылығы, өзіндік бақылау, техникалық құралдарды қолдану арқылы бақылау және машинасыз бақылау программалары т.б. дәстүрлі оқыту технологиясына қарам-қайшы байланыс, үйретуші функцияны нашар орындайтын, олардың арасындағы қарым-қатынастың мүлдем басқа қарым-қатынасты көптеп енгізеді.

Оқу үрдісінде бағдарлау технологиясы түрлі кезеңмен ұсынылуы мүмкін.

  1. Жаңа оқу материалын түсіндіру (мұғалім барлықоқушыларды оқытады)

  2. Өдігінен сабақ дайындау, сыныппен, мұғаліммен бірге, жеке жұмыс жасау.

  3. Қатысушылардың өзіндік жұмысы бағдарлап оқыту технологиясының қолдану басымдылылығы болып табылады.

Лекция №12. Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірбиелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі. Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең-оқулықтағы жаттығулар-өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қортындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Жаңа технологияны сабақ үрдісіне қолдану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Ж.Қараев білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттің бағалауы ерекше орындалады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар 4 деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында "танып-білу" және үлгі бойынша "қолдану" арқылы орындалады. Яғни, бүгінгі өткен жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.

2-деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша, 3-деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі. Ал 4-деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты.

Осы оқытудың педагогикалық технологиясы талап етіп отырған мақсатты деңгейлер тізбегін құру, яғни ол диагностика түрінде анықталынады.

Деңгейлік саралау технологиясы мақсатты өз бетңмен дамиалатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетңн белсенді білімді оқушы тәрбиелеу. Бұл технология бірден дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыру.мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын , елестету мен есте сақтаудың ынтасын, белсенділігін белгілі сапасынның дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік стандарттың деңгей алуына кепілдік береді. Деңгейлік саралау технологиясы оқушылардың да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.

13-лекция. Модульдік оқыту технологиясы.

1. Модульдік оқыту технологиясының пайда болу тарихы.

2. Модульдік технологиясының құрылымы.

3. Мұғалімнің іс -әрекет-қадамдары

4. Оку модулін даярлау технологиясы.

5. Тәжірибеде іске асыру жолдары.

Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Я.Юцявиченя, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Қазақстанда К.Жанпейісова аталған технологиямен жұмыс жасады.

Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.

Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]