Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар пеед техн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399.36 Кб
Скачать

Лекциялар.

Лекция1.Оқытудың педагогикалық технологиялары

1.Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері.

2. Дәстүрлі оқыту технологиялары.

3. Педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік.

4. Педагогикалық технологиялар түрлері, жіктемесі.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Энциклопедия педагогических технологий , Санкт-Петербург , 2006 жыл.

2. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Алматы , 2004 жыл

3. В.С.Кукушкин Педагогические технологии- Москва, Ростов на-Дону , 2004.

4.. Қ.Көнеева,А.Қалықова , « Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану» , // Білім – Образование // , № 3 , 2006 , 22 – 26 бет.

Білім сапасын көтеру білім саласындағы дағдарыстан шығуға ықпал жасайды.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып , әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

«Технология» - грек тілінен (техно - өнер, шеберлік болса, «логос» - ғылым, заң деген ұғымды білдіреді) шыққан.

Технология ұғымы - өндірісте өнімді өңдеу, шығару, дайындау, практикада тиімді пайдалану және экономикада өндірістік үрдісті ұйымдастырып жүргізуде қолданады.

Педагогикалық технология ұғымының даму тарихына экскурсия жасасақ мынаны көрсетеді:

-20жылдадары педология шеңберінде рефлексология идеяларына негізделген «педагогикалық технология» ұғымы туындады (А.А.Ухтоминский).

-40-50 жылдары «білім берудегі технология» термині оқытудың техникалық құралдарын пайдалану арқылы даму алды.

-60 жылдары педагогикалық технология қандай да бір әдістемені, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негіздей отырып қолданылуы тиіс деген түсінік қалыптасты.

-70 жылдары педагогикалық технологиялар қоры кеңейе түсті. Жалпы

оқытуды құрудың ерекше технологиялық тәсілі туындады. Педагогикалық әдістер технологиясы, яғни, оқу үрдісін немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың түңғыш перзенті және педагогикалық технологиялардың іргетасы болып табылатын бағдарламалық оқыту өріс алды.

  • 70-80 жылдары мектеп жүмысын басқару технологиясы жөніндегі көзқарастар пайда болды.

  • 90 жылдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, басқару технологиялары, білім сапасын басқару технологиясы өріс алды.

« Педагогикалық технология» термині 1960 жылдың басында пайда болды. 1966 жылдан бастап Англияда педагогикалық технология мәселесіне назар аударылған.

Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту технологиясы

Аталған технология оқушыға білім, білік, дағдыны беруге негізделген. Мұнда оқушыға білім мазмұнын, беру арқылы бақылау және бағалау репродуктивті деңгейдегі сапада беріледі.

Бұл технология ертеден қалыптасқан, қазіргі кезде барлық мектептерде кең тараған, оның негізгі мәні төмендегідей болып келеді.

Жаңаны оқыту, үйрету – бекіту – бақылау – бағалау үрдісі болып табылады.

Технологияның түп негізі білімдендіру парадигмасына құрылған, оқушыға өмірдегі іс-әрекетін жүзеге асыру көлемінде ғана білім беруге негізделген.

Оның негізгі оқыту әдісі:

    • көрнекіліктер арқылы түсіндіру

    • оқушының басты іс-әрекеті тыңдау және тоқып алу

    • оқыту кезінде еш қателік жібермеу сияқты негізгі талаптар қойылады.

Оқушының білім алу нәтижесіне тоқталатын болсақ:

  1. көркемдік (иллюстративті)- түсіндірмелі

  2. шеңберлі (рецепті)- ақпаратты

  3. өмірлік білік пен дағдыны қалыптастырмаған

  4. мұғалі м тапсырма беруші

  5. оқушы тек жақсы орындаушы болып қалыптасады.

Дәстүрлі дидактиканың қарстыруы бойынша оқу мазмұны, әдісі, ұйымдастыру формасы тағы басқаларды дұрыс мақсат қою нәтижесінде білім беру, дамытуға болады деп көреді.

Дәстүрлі оқыту технологиясының мақсаты:

Білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру

Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру

Әр оқушының жан-жақтылығын қалыптастыру

Алдын-ала белгіленген қасиеттерге тәрбилеу.

Дәстүрлі оқыту технологиясы әдістемесінің ерекшелігі:

Орташа оқушыға бейімделуі.

Оқыту процедураларының өктемділігі.

Тексерудің жалпыға бірдейлігі.

Оқушы позициясы:

Оқушы оқыту процедураларының бағынышты объектісі. Оқу үрдісінде оқушының өзіндік сипатының ескерілмеуі.

Мұғалім позициясы:

Мұғалімнің білмеуге, қателесуге қақысының болмауы.

Түсіндіруші

Көрсетуші

Бағалаушы

Түзетуші

. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.). Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).

И.П. Волков: «Педагогикалық технология бұл жоспарланған оқу нәтижесіне жету процесінің нұсқауы, ал оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің негізгі процесуалдық бөлігі»- деп атайды.

В.Б.Беспалько:«Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер-оның құрамды бөлігі»

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. (М.Кларин)

Педагогикалық технология – оқу үрдісіне белгілі мақсатты көздей әсер ететтін педагогикалық ықпал. ( Б.Лихачев)

Бүгінгі таңда Г.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы , Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы , М.Чошановтың модульді оқыту технологиясы , Г.Третьяковтың , К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.Монаховтың , В.Беспальконың тағы да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Технологияларды таңдап оларды бірнеше түрлерге бөлген ғалым – педагогтар Г.К. Селевко, А.Я. Савельев, В.М. Максимова, В.Н. Тушенко, М.М. Поташкин, Н.Д. Хмель және т.б. Ал Қазақстанда Ш.Қаланова , Ж.Қараев , Ш.Тауабаева , Қ.Қабдықайыров , С.Лактионова , К.Жанпеисова , Ә.Жүніспек , Қ.Нағымжанова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты қарастырылады. Оқыту технологиялары:

Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу , олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.(Ш.Амонашвили)

Ойын арқылы оқыту технологиясы – дидактикалық , тәрбиелік , дамытушылық , әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық , өзіндік талап – талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік , танымдық , шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. (Л.С.Рубинштейн , Д.Б.Эльконин , З.Фрейд)

Проблемалық оқыту технологиясы – оқушының өз бетімен ізденуге үйрету , олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы – (В.Ф.Шаталов) мынаны көздейді - білім , білік , дағдыны қалыптастыру , барлық баланы оқыту , оқытуды жеделдету.

Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы – (С.Н.Лысенкова) барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі , жүйелілігі , саралау , әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы , бағдарламаның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу , қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

Деңгейлеп саралап оқыту – міндетті нәтижелерге негізделген . Білім , білік , дағдыны меңгерту , мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.Әр оқушыны оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту , оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу , ыңғайлау.

Бағдарламалап оқыту – (Б.Скиннер , Н.Краудер , В.Г.Беспалько) ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру , баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту , жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы - (Л.Джинна Стил , С.Куртик) Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы , қажетке жарауын қалыптастырады.

Өз-өздігінен даму технологиясы – (М.Монтессори) баланы жан – жақты дамыту , дербестікке тәрбиелеу , бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әреке - тінің бірігуі.Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек , сонда бала өзін - өзі дамытады.

Дамыта оқыту технологиясы – (Л.С.Выготский , Л.В.Занков , Д.Б.Эльконин . В.Б.Давыдов) баланы оқыта отырып жалпы дамыту , яғни бала бойында еркіндік , мақсаткерлік , ар – намыс қасиеттерін дамыту.

Модульдік оқыту тетехнологиясы – (В.Б.Монахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау , алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзу , мұғалімге нәтижені талдап , түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру . Оқушылармен жүргізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. В.А. Максимова технологияларды былай ұйымдастыруды ұсынды:

1. Ойын технологиалары

2. терминдік технологиялар

3. ақпараттық технологиялар

4. диологтық технологиялар

5. құрылымдық ойлау технологиялары

Казіргі кезде В.А. Максимованың бұл топтастыруы әрі қарай дамытылып, күрделендіріле кеңейтілді.Жалпы педагогикалық технологиялар 3 топқа бөлінеді.

М.В.Кларин «педагогикалық технология» ұғымына аса мән беріп, мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу саласындағы іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастырумен байланыстырады.

Педагогикалық технологияны көпжақты ұқсастықтары және жалпы белгілеріне қарай төменедегіше топтастыруға болады.Селевко Г.К.

1.Қолдану деңгейіне қарай: а) жалпыпедагогикалық; ә) жеке методикалық (жеке пәндік) б) жергілікті (модульдік)

2.Философиялық негізде: а) ғылыми және діни ә) гуманды және әміршілдік

3.Тәжірибені игерудегі ғылыми тұжырымдама негізінде: а) рефлексті-ассоциативті ә)биховристік б) дамытушы в) интериоризаторлық

4.Тұлғаның құрылымдық бағытына қарай: а)ақпараттық(ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру жолы) ә)эвристикалық(шығармашылық даму шыдамдылығы) б) қолданбалы (практика-іс-әрекеттік сферасын қалыптастыру)

5.Дәстүрлі оқытуды жаңалау ерекшелік жағдайына қарай: а) оқу-шының іс-әрекетін белсендендіру және жандандыру технологиясы ә) оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың гуманизация мен демократияға негізделген технологиясы б) оқу материалын дидактикалық негізде жаңалау технологиясы және т.б.

Мектепте педагогикалық технологияларды қолдануды жоспарлай алу өте маңызды мәселе. 1 – 11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады:

Бастауыш мектеп – дамыта оқыту технологиясы , дидактикалық бірліктердің ірілендіруі , нәтижелі әдістемелеу және қабылдау , іс - әрекетті бағалау , оқулықсыз оқыту , ойын әдістемесі және оны қабылдау, М.Монтессори , Р.Штейнердің жүйесін қабылдау .

Орта буында – мәселелік оқыту , іздену , зерттеу әдістері , нәтижелі технологиялар , тірек және тірек конспектісі көмегі арқылы оқыту , өзіндік жұмыс әдістері , бағдарлы оқыту , оқытудың коммуникативті оқыту әдісі , дискуссиялық әдіс және дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптарда – оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау , өзіндік жұмыстың әдістемесі , іздену зерттеу әдістері , нәтижелі технология , жобалау әдісі , даралап оқыту , «мектеп – парк» моделін қабылдау ( М.Балабан) . Оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар , «өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі (Г.Альтшулер) бағдарламалы оқыту , әлеуметтік педагогикалық сынау , әлеуметтік мәні бар ойындар , профильді және кеәсіптік бағдар бере отырып оқыту , тірек конспектісін қолдану , диалогтік әдістеме , дискуссия негізінде оқыту , модульдік технология , семинар – сынақ түрлері , өз бетімен білім алу (компьютер арқылы)

Лекция №2. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану жолдары.

1.Белсенді оқыту технологияларына сипаттама.

2. Миға шабуыл әдісіннің мазмұны.

3.

4. Жобалап (проектілік) оқыту технологиясы

5.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Белсенді оқыту технологиясы – бұл танымдық іс әрекетке қатыспауға мүмкін емес етіп ұйымдастырылатын оқыту үрдісі: не әр қатысушының белгілі ролдік тапсырмалары бар, не оның әрекеттесуімен топ алдына қойылған танымдық міндеттер сапалы орындалады.

Интерактивті әдіс. Оқу процесінде оқу ақпаратын меңгеру және қабылдау өзара танымдык карым-катынас арқылы жүзеге асырылады. Интерактивті әдіс ретінде біз мұғалім мен оқушының өзара байланысын, яғни оқу-танымдық ойын түріндегі іс-әрекетін түсінеміз. Мұның нәтижесінде оқушыда оқу процесінде табыска жетуге деген ұмтылыс, ішкі сезімі мен т.б. сфераның жетілуі мүмкіндіктері туындайды.

Синектика (миға шабуыл әдістемесін дамыту) - ұқсастыққа құралған әртүрлі элементтерді біріктіру әдісі: тура ұқсастық (ұқсас міндеттердің шешілуі);жеке немесе эмпатиялық ұқсастық (тапсырма объектісі көзқарас бойынша пайымдау); символдық ұқсастық (тапсырма мәніне бейнелік анықтама беріледі); фантастикалық ұқсастық (осы тапсырманы ертегі кейіпкерлері мен басқа планеталықтар қалай шешер еді).

Миға шабуыл.Шығармашылық тапсырмаларды шешу идеялары ұжымдық іске қосу әдісі ретінде « миға шабуыл» әдісін А.Ф. Осборн ұсынған. Оның 1953 жылы Америкада («Басқармалы елес») «Управляемое воображение» атты кітабы шықты. Онда ол өз идеясын шығармашылық тапсырманы топталған адамдар арқылы шешу керектігін түсіндірді. Бұл идея дүние жүзіне тез тарады. Бұл әдістің мақсаты шығармашылық тапсырманы шешу үшін мүмкіндігінше көп мөлшердегі идеяларды жинауға, ойлау салғырттығынан босауға, үйреншікті ойлау жолынан өтуге негізделеді. Бұл әдістің негізгі ұстанымы мен ережесі – қатысушылар ұсынған идеяларды сынау мүлдем рұқсат етілмейді. Мұның өзінде мүмкін болған барлық әзілдер көтермеленеді. Әдісті қолдану сәттілігі көбінесе пікірсайыс барысын шебер бағыттай алатын, ынталандыратын сауалдар қоя білетін, жеңілдіктер беретін, әзілдер – оспақтар қолдана алатын пікірсайыс басшысына байланысты болады. Ол миға «шабуылдың» барлық ережелерін орындауға қамтамасыз етеді.

Жобалап (проектілік) оқыту технологиясы.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Отандық мектепте жобалап оқытуды кірістіру әрекеті жасалды. Д.Дьюидің және оның ізбасарларының теориялық идеалары негізінде проектілік оқытудың жүйесі немесе өз қызығушылығы арқасында оқытушыларың мұғаліммен бірге қандай да бір практикалық міндеттің шешімін проектілеу әдістерін жасады. Әр түрлі оқу пәндері материалдары комплекстік проектілерге біріктірілген.

Бұл технологияның негізде Д.Дьюидің қарапайым өмірден алынған практикалық міндеттерді шешу туралы оқу әрекетін ұйымдастыру идеалары жатыр.Д.Дьюи білім берудің стандарттаналған құрылымының қадеттігімен келіспейді және шын мәнінде оқытуды бала қызығушылығына негізделген практицизиммен ұштастырады. Жобалап оқыту технологиясы тиімді оқыту идеаларын практикалық жүзеге асырудың бір варианты болып табылады. Тиімді оқыту (дәстүрлі оқытуға қарғанда) білім беру үрдісінде жеке тиімді әрекетшілдік тәжірибесінің болуымен сипатталады.

Жобалау кезеңдері: жобаны дайындау (тақырыбы мен мақсатын айқындау); жоспарлау (ақпарат көздері мен ақпартты алу тәсілдерін, есеп берудің түрін, жобаның міндеттерін анықтау); ақпаратты іздеу, зерттеу, қойылған міндеттерді шешу; алынған нәтижелерді талдау, шешім шығару; нәтижелер бойынша есеп беру (ауызша, жазбаша); жоба жұмысының бағалануы. Жобалап оқыту технологиясының мақсаты белгілі көлемдегі білімді меңгеру емес және білімдік бағдарламалардан өту де емес. Оның мақсаты – оқушы білімді тиімді пайдалану, даму және өз дүниетанымын байыту. Бұл технологияның авторларынң сөзіне қарағанда, әр баланың өзінің даралығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оны байытуға шынайы мүмкіндігі болуы керек. Бұл тұрғыдан келгенде оқушыларды ғылыми жоба жазуда үйретуде таптырмайтын негізгі технология болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлауға американдық профессор Дэвид Клаустер төмендегідей анықтама береді. Оның анықтамасы бес пункттен тұрады.

1. Сыни түрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, ойлау өзіндік сипатта болу қажет. Ең негізгісі - оқушы нені ойлау керектігін өзі шешу керек.

2. Берілген ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункті болып табылады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастайды.

3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Америка педагогі әрі философы Джон Дьюи «сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады. Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.»

4. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды, дәлелге ұмтылады. Бұлай ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

5.Сыни түрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүріледі.Сын тұрғысынан ойлау әдіснамалық жағынан философияға негізделіп құрылса, оны жүзеге асыруда жүздеген стратегиялар қызмет атқарады.Сыни ойлау технологиясының сабақты жүргізу құрылымы дәстүрлі құрылымнан өзгеше болып келеді.

Лекция №3. Пдагогикалық технологиялар қолданудағы мұғалімдерінің дайындығының қалыптасу жолдары. Инновациялық бағытта қызмет атқаратын мұғалім.

Жоспар:

1. Зерттеген ғалымдар. Мұғалімнің инновациялық қызметі

2. Мұғалімнің инновациялық қызметіне сипаттама.

3. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері, кезеңдері.

4. Басшылыққа алатын принциптер.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты , жан – жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін - зерделік , кәсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді , өзін - өзі дамытып , оқу – тәрбие үрдімін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Пед. технологияларды қолдану үшін мұғалімнің арнай дайындығу болумен қатар, ол инновациялық бағытта жұмыс жасай білуі керек.

Инновация « жаңалықты еңгізу » дегенді білдіреді. 50- жылдардың соңына қарай Германияда, АҚШ- та және т.б. елдерде педагогикалық жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, білім беру саласындағы жаңашылдыққа арналған басылымдар шыға бастады.

Инновация, сонымен,жаңалық жеткізуші,жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз. Зерттеген ғалымдар: И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лищенко зерттеулерінде инновациялық іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылды.

2.Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей

педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:

1. таңдаған ( жаңа ) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;

2. жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне сәйкестігі;

3. жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;

4. таңдаған әдістің мектептің материалдық – техникалық базасына сәйкестігі;

5. жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.

Инновациялық әрекет деп мұғалімнің өз тәжірибесінде әлдеқайда жоғары нәтиже беретін белгілі сатыда біртіндеп енген жаңалықтың сапалы өсу динамикасын айтады. Инновациялық іс-әрекет бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі межеден ауытқу тудырады.Инновациялық іс-әрекет жаңалықтың пайда болуы, іске асырылуы сияқты кезеңдермен ерекшеленеді. Педагогикалық үрдіс те басқа үрдістер секілді инновациялық іс-әрекетті талап етеді. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет негізінен жаңадан пайда болу, өңдеу және тарату кезеңдерімен сипатталады.Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізгі мақсаты: мұғалім-оқушы арасындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; педагогикаылқ үрдіс кезеңіндегі оқушының жеке басының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық еңгізуге дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық үрдіске жаңалықты еңгізгеннен кейінгі соңғы кезең.

Жаңалықты еңгізуге дейінгі алғашқы кезеңде мұғалім жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді.Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрект деңгейінің репродуктивті деңгейімен анықталады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі: мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқарас танытып, оқыту мен тәрбие беруде баламалы технологиялардың қажеттігін түсінеді, мемлекеттік білім стандарты жаңа шешім табуға ізденіс жасайды, әдістемелік – оқу кешендеріне аздаған өзгерістер еңгізу арқылы, өз тәжірибесінде пайдалануымен сипатталады.

.Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің екінші эвритикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты белгілі бір мақсатпен жүйелі ендірумен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады.Педагогикалық үрдіске жаңалықты еңгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сұраптама жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді.

Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:

1. Жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау.

2. Жаңалықтың жетіксіз жақтарын анықтап, оны еңгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу.

3. Жаңалықтардың басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау.

4. Жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.

Бұл міндеттерді шешу үшін мынадай қосымша міндеттер шешілуі қажет:

1. арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдарынан жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау.

2. өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.

Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қодану жоспары жасалады:

1. Ұйымның іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:

- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;

- оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыру;

- оқушыларды әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;

- шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

- сабақты таңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі.

2. Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:

- оқушымен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;

- оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту;

3. Дамытушы тұрғыдағы әрекетті іске асыру.

- инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;

- оқу үрдісіне оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;

- алдағы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.

Лекция №3. Педагогикалық процесті демократияландыру, ізгілендіру негізіндегі технологиялар.

1. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар.

2.Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру педагогикалық идеялары,

3.Е.Н.Ильиннің жеке адамды қалыптастыру технологиясы.

4.И.С.Якиманскаяның жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Жеке тұлғаға бағытталған технология мазмұнының ерекшелігі:

-Білім бағдарламаларының әр оқушының индивидуалдық интеллектісіне, оқушы мүмкіндігіне сай жоспарлануында.

Жеке тұлғаға бағытталған технология әдістемесінің ерекшелігі:

-Оқу материалдары оқушының субъектілік тәжірибесін, оның алдыңғы

білімдерін анықтауды қамтамасыз етуі қажет

-Мұғалімнің оқулықтағы білім мазұнын оқушыға жеткізудегі міндеті оны

кеңейту немесе құрылымын жасау, мазмұнын жинақтау емес, оқушының

өзіндегі барын (тәжірибесін) түрлендіруге бағыттау.

-Оқыту барысында оқушы тәжірибесі берілетін білімнің ғылыми

мазмұнымен үнемі келісіліп отыруы қажет.

Мұғалім позициясы:

-Әр оқушының даралығын дамыту.

-Әр оқушының өздік құндылығын, өзіндік болмысын, даралығын

қабылдау.

-Әр оқушының субъектілік тәжірибесін дәріптеу.

Оқушы позициясы:

-Оқу-тәрбие үрдісіндегі таңдау еркіндігі.

-Өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі жүзеге асыруы

Бұл технологияны іс жузінде іске асырған ғалым педагог Шалва Александрович Амонашвили. Мектепке – алты жастан деген идеяның авторы.

Алты жасар балалар – балалар мемлекетіндегі ерекше халық . Сондықтан мына біздерге , олардың тәрбиешілері мен мұғалімдеріне , біріншіден , қандай проблемалар тууы мүмкін екенін , екіншіден , партада жеті жасар немесе сол сияқты балалар емес , басқа балалардың толық сезіне отырып , олармен басқаша жұмыс істеу керектігін , үшіншіден , өзінің педагогикалық позициясы және оқытудың тәрбиелеудің ең бастысы , алты жастағы балалармен жұмыс жүргізудің сол позиция тудырып отырған формалары мен тәсілдерін анықтай білу керек.

Алты жасар балалар мұғалімдеріне тән қасиеттер мынадай болуы керек:

1. Мейірбанды болып , балаларды қаз қалпында сүйюіміз керек , шолжаңды да тіл алғышты да , ақылдыны да , миғұланы да , жалқауды да , ынталыны да бірдей жақсы көруіміз керек. Оның үстіне тағы да біз өзіміздін жаңашылдығымызды әрбір нақты жағдайға сәйкес шәкірттерімізге алаламай , тең үйлестіруіміз керек. Балаға деген мейірімділігіміз бен махаббатымыз ішкі жан күйзелісіміздің көрінісі ғана емес , сонымен бірге баламен немесе бүкіл сыныппен қарым-қатынасымыздын педагогикалық қызметтің ең басты дәлелі болуы тиіс деген.

Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік олармен дөрекі сөйлесуге , олардың жеке басы мен намысына тиюге , ұрысып қорқытуға , олардың әрқайсысының қайғысына ортақтасып , қуанышын бөліспеуге , оларға тез арада көмекке келмеуге , күдік тудыруға жол бермейді деген.

2. Біздер балаларды түсіне білуіміз керек . Бала кішкентай болғанымен оның ісімен қарекеті үлкен . Балаларды түрлі ғылымға баили отырып , біз оларға ойынға жан – тәнімен берілген балаларға қарағанда маңызды тәрбие бердік деп жорамалдаймыз ғой .

Балаларды түсіну дегеніміз – демек олардың позициясында тұру , олардың сезімін бағалап , қам – қарекеттері мен істерін елеулі түрде қабылдау , олармен санасу деген сөз. Олардың қам – қарекеттері мен істеріне немқұрайлы емес , ілтипатпен қарап , мүдделі , іскерлік көңіл бөлу керек. Балаларды түсіну дегеніміз оларға өктелдік көрсетпей , олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып , ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз.

3. Біз оптимистер болуымыз керек. Тәрбиенің жасампаздық күшіне сенуіміз керек, әрі сенуге міндеттіміз.

4. Біз болашақтың адамын , жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз.

Адамгершілігі бар ұстаз балаларды білімге баулумен бірге оларға өзінің мінез-құлқын да дарытады , олардың алдында кісіліктің үлгісі ретінде тұрады

Балалық шақ дегеніміз адамдардың бастапқы өміріндегі белгілі бір кезең . балалық шақ деген өзі кішкентай адамдардың алаңсыз өмірімен байланысады. Егер бала талабын қанағаттандырудан басқа ештеңе ойламаса , егер оған ойыннан көңіл көтеру мен рахаттанудан басқаның қажеті болмаса онда ол балалық.

1. Қазіргі балалар ата-аналарының бәрінде де әдетте орта және кәсіптік білім , ал олардың көпшілігінің тіпті жоғары білім бар. Мұның өзі бала өсетін әлеуметтік ортаны сапалық жағынан өзгертті. Оның дамуына бұқаралық информация құралдары - телевизия , радио , балаларға арналғанжурналдар , кітаптар мен кинофильмдер үлкен әсер етуде. Баланың дамуы мен тәрбиелеуін жеделдетуде мектеп жасына дейінгі балалардың басым көпшілігін қамтитын балалар бақшалары зор рөл атқарады. Онда олар қажетті білім алып , адамгершілік – этикалық нормалардың әліппесімен танысады , тәрбиешілердің жетекшілігімен олардың тілі , ойлау қабілеті , еңбекке икемділігі , эмоциялық еркіндік аясы мақсатты дами түсуде жеті жасқа қарай бала оқуды , жазуды , қарапайым есептеуді үйренеді.

Жеті жастағы балаларға бүгінгі күні ұсынылып отырған білім берудің мазмұны Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша олардың даму өрісінде болмай отыр , сондықтан да оны белсенді түрде ыньаландыра алмайды.

2. Алты жас – баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы кезең . мұндай алғышартты пайдаланып , оны жүзеге асыру керек . Әйтпесе қажетті , осы жасқа лайықты ақыл – ой және ізгілік қорегінсіз және ересек адамдардың парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығынан ашылмай қалуы мүмкін . Ұйымдастырылған жүйелі түрдегі білім бері мен тәрбиелеу баланың мақсатты дамуының басты формасы мен шарты болып табылады. Бұл жаста оның тілін ойдағыдай жетілдірудегі , жаратылысынан дарыған құщтарлығын оятуға, оқу қызметінің қарапайым әдістеріне үйретуге болады.

Әлеуметтік жетілуге қоршаған ортамен адамның өмірімен тәртіптің жалпыға бірдей қабәлдаған нормасымен ұйымдасқан түрде танысу ықпал етеді. Алты жасар оқушы мұғалімдермен және белгілі бір міндеттер жүктелген , жолдастарымен сөзге араласып ортақ мүддені көздеген іс - әрекеті жайында келіседі. Жалпыға бірдей пайдалы қызметіне араласып , ойлануға және басқаларға қамқор болуға үйренеді. Әр алуан мақсатқа меңзелген іс - әрекеттерге бай жарқын оқиғаларға толы мектеп өмірі кішкентай оқушы өз мүмікдігін , қабілетін белсенді түрде көрсетуге өзінің ішкі күш-қайратын жүзеге асыруға жағдай табатын қолайлы орта болып табылады.

3. Бастауыш мектептің тұтас жүйесіне алты жасар балаларға арналған кластарды еңгізу , оқу жсопарлары мен программаларын неғұрлым ұтымды құруға, мектеп оқушыларына түсетін сабақ жүгін азайтуға (ана тілін , математиканы , еңбекті , музыканы) бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]