Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать
  1. Педагогикалық кеңесті өткізу әдістемесі.

Жоспар:

  1. Педагогикалық кеңес тақырыбының өзектілігі.

  2. Әдіскердің педагогикалық кеңеске даярлығы.

  3. Педагогикалық кеңесті өткізуге қолданылатын тиімді әдістер.

  4. Медициналық-педагогикалық кеңесті өткізу әдістемесі.

Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық кеңесі – коллегиялы, тұрақты жұмыс істейтін ұйымдық-әдіскерлік орган, ол тәриешілердің мамандық шеберлігін көтерудің аса маңызды формаларының бірі болып табылады. Оның міндетіне мыналар кіреді: үкімет шешімдері тұрғысынан балаларды тәрбиелеу мен оқытудың актуалды мәселелерін талқылау, ол шешімдерді орындау жөнінде нақты шаралар белгілеу; «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының» жұмысын практикаға енгізу; озат тәрбиені зерттеу, жинақтау және тарату және т.б. Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны жылдық жоспармен белгіленеді. Кеңесте балаларды тәрбиелеу сапасын жақсарту үшін зор маңызы бар мәселелер, мектепке дейінгі мекеме қызметінің айқындаушы перспективалары талқыланады. Педагогикалық кеңес жұмысының тиімділігі, оның әрбір мәжілісін мұқият әзірлеуге, ұсынылған мәселелерді талқылауға қатысатын тәрбиешілердің белсенділігіне, шешімдердің нақтылығы мен олардың орындалуын тексеріп отыруға байланысты. Педагогикалық кеңестің құрамына меңгеруші, тәрбиеші-әдіскер, тәрбиешілер, тәрбиеші-сестралар, музыкалық жетекші, дәрігер (немесе аға медициналық сестра), ата аналар комитетінің төрағасы кіреді. Кеңестің барлық мүшелерінің шешуші даусы бар. Кеңестің төрағасы болып меңгеруші тағайындалады; оқу жылына тұрақты хаттшы сайланады. Кеңестің мәжілісі кемінде екі айда бір рет өткізіледі. Оқу сағаттарын, серуендерді, ойындарды, режимдік процестерді байқау, жұмыс тәжірибесін алмасу мақсатымен жүргізіледі. Оқу сағаттарын байқау меңгерушінің немесе тәрбиеші әдіскердің басшылығымен өткізіледі және міндетті түрде талқылау мен аяқталады, талқылау барысында тәрбиеші жұмысының жақсы жақтары атап көрсетіледі, байқалған кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар айтылады. Таңдаулы тәжірибе нақты жас тобындағы жұмыс ерекшеліктері мен балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қолдауға ұсынылады. Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық кабинеті «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасын» іске асыруда тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету үшін, сондай-ақ олардың жұмысының таңдаулы тәжірибесін жинақтап, тарату мақсатымен ұйымдастырады. Кабинетте қажетті саяси, әдістемелік және балалар әдебиеті, көрнекі құралдар, педагогикалық іс қағаздардың үлгі нұсқалары (жылдық, календарлық жұмыс жоспары, есептер), тәрбиеші музыкалық жетекші жұмысының тәжірибесінен материалдар (баяндамалар, оқу сағаттарының конспектілері, тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарлар мен есептердің үлгі нұсқалары, балалар ойындарының сипаттама жазбалары, ата аналар жиналыстарының, ашық сабақтарды талқылаудың хаттамалары, таңдаулы балалар еңбектері, фотостендер т.б.) болуға тиіс. Меңгерушінің жас топтарын арнайы аралап көруі олардағы оқу тәрбие жұмысының қалай қойылатының зерттеу, ең жақсы тәжірибені ашу, кемшіліктердің алдын алу және жою үшін мекеменің жылдық жоспарларына сәйкес ұдайы жасалады. Меңгерушінің жас топтарын арнайы аралап көруі олардағы оқу тәрбие жұмысының қалай қойылатының зерттеу, ең жақсы тәжірибені ашу, кемшіліктердің алдын алу және жою үшін мекеменің жылдық жоспарларына сәйкес ұдайы жасалады. Балалармен жұмысты қадағалап, талдай отырып, меңгеруші «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының» орындалуын, тәрбиешінің пайдаланатын тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін, балалардың білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының дәрежесін тексеруге мүмкіндік алады. Ол тәрбиешінің мамандық шеберлігі артқандығының, алған білімін практикалық жұмыста қолдана білуінің нәтижелерін бағалайды. Осы мен бірге меңгеруші, әр түрлі жас топтарын аралай жүріп, жекелеген тәрбиешілер мен бүкіл педагогикалық ұжымның жұмысына өз басшылығының пәрменділігін анықтайды.