Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать
  1. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына қойылатын талаптар.

Жоспар:

  1. Әдіскер және тәрбиешінің педагогикалық әрекетіне сипаттама.

  2. Әдіскердің, тәрбиешінің педагогикалық әрекетінің компоненттері.

  3. Әдіскердің, тәрбиешінің педагогикалық технологиясы. Педагогикалық шеберлік.

  4. Әдіскердің, тәрбиешінің қызметіне қойылатын қоғамдық, әлеуметтік, дидактикалық талаптар.

  5. Болашақ маманның белсенділігінің түрлері. Әдіскердің және тәрбиеші профессиограммасы.

  6. Әдіскердің жеке тұлғалық сапалары және біліктілігі.

Тәрбиешілерге тән сипат Отан, халық, ата-ана алдындағы өз борышын жауапкершілікпен атқару. Тәрбиешілерге тән қасиет — жан-жақты жетілгендік және экономикалық іліммен қаруланып, білімін күнделікті тәжірибемен ұштастыру.

Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар

Жас ұрпақ бойына тәрбиенің алғашқы негізін қалыптастыратын тәрбиеші адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағдарлай алатын, әдебиет пен өнердің керек.

Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші — әдепті-лігі, қоғамдық

орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі

тәртібі, сүйкімділігі, адам-дармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген

қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көре-ді,

сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар

арасында беделі де зор болады.

Тәрбиешінің дүниеге кезқарасы табиғат пен қоғам-ның даму зандарын терең түсініп, түрақты болуы үшін ол өзінің білімін, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын болуы

үнемі жетілдіріп отыруы кажет Педа-гогтің алдыңғы қатарлы көзқарасы оның өз ісіне сенімі-нен, іс-әрекетінен, принципінен, жүргізген оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерінен көрініс таба-ды. Сенім мен идеялық көзқарас — адамның қос қана-ты, азаматтық айқындамасы.

Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас үрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол, моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жаксы көруі шарт.

Қорыта келгенде, тәрбиешіге педагогикалық байқампаздық, бақылампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдық, адалдық, қара-пайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық қасиеттер қажет. Бүл сияқты адамгершілік сапаларды игерген тәрбиеші баланың әрі қарай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлқында өшпес із қалдырады.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сезі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болатындығына байланысты оның бәрін тез қабылдайды. А. С. Макаренко тәрбиешінің жеке басына төмендегідей нақты талаптар қойған: 1) тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, журіс-тұрысын жөнге сальш, үйымдастыра білуі, 2) арнаулы білім-дағдыны меңгеруі, 3) баламем сөйлесе білуі, 4)көзқарасымен, ыммен де өз ойын тусіндіруі, 5) жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде әзілдесіп, тиісті жерінде көңілді болып, орынды жерінде ашулана да алатын болуы, 6) тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға енеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс.

Білікті маман дайындау үшін жоғары оқу орындарында педагогті тәрбиелеу, үйрету, қажетті педагогикалық техниканы меңгерту керек. Олай болса, шеберлікке жетудің жолы — педагогті жоғары оқу орындарында тәрбиелеу, үйрету, өздігінен педагогикалық теорияларды меңгеру, балаларды, өз мамандығын жаксы көру, шығармашылықпен еңбек ету, тәжірибе жинақтау.

Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі. Жас ұрпак тәрбиесі. сияқты заманымыздың «ұлы ісін» атқарушы тәрбиеші мамандығының кыры да, сыры да көп, қиын да қызықты. Бұл іс тәрбиешіден балалардың күн санап өсуін, ақыл-ойының дамуын, психологиясының, дене қүрылы-сының жетілуін, мінез-қүлқының қалыптасуын, дүние таньшының кеңеюін үнемі көріп, сезіп отыруды талап етеді. Сондықтан тәрбиеші күнделікті жұмысында бала-ларының үздіксіз өсе беруін, білімінің молайып, идеялық, көзқарасының, сенімінің артуын кездеп, оларға жүйелі Ықпал етуді қарастырады. Тәрбиеші әрбір тәрбие сағаты сайын балаларға «жұмбақ дүниенін» қүпия сырын ашады, алғашқы білім сатысына жетелеп, қиялын дамытады. Әрқашан да білуге құштар, көңілі шат, еліктегіш балалардың талабы мен мүддесінен шығып, дұрыс басшылық етіп, бағыт беру үшін тәрбиеші терең білімді, өнерлі, жан-жақты жетілген, өз ісінің шебері болуға міндетті. Қызметінің ерекшелігіне байланысты тәрбиеші педа-гогтік әдепті игеруі керек. Әдеп — мораль, оның шығуы, табиғаты туралы, белгілі адамгершілік принциптер мев нормалардың негізделуі туралы ғылым. Ал, педагогтік әдептен педагогикалық мораль құралады.