Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать
  1. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары.

Жоспар:

  1. Бағдарлама. Мектепке дейінгі балаларға білім беру стандарты және тұжырымдамасы.

  2. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасының қалыптасу тарихы.

  3. «Балбөбек» бағдарламасы. Балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары.

  4. ТМД елдерінде қалыптасқан бағдарламалар мазмұны.

  5. Бағдарламалардың құрлымы, ерекшелігі. Сабақ кестесі.

  6. Базистік оқу жоспары. Оқу сағаттары.

  7. Мектепалды даярлық оқулықтар және олардың мазмұны.

  8. Мектепалды даярлық оқу-әдістемелік кешендері.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығы мен күтімін жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту – ҚР-ның Қаулы-қарауларынан тыс қалған емес. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарлама-сы» — мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие жұ-мысының мақсатын, міндеттерін, мазмұнын айқындап беретін мемлекеттік қүжат. Мектепке дейінгі тәрбие жәніндегі орталық әдістемелік кабинет талқылап, даяр-лаған бағдарламада нәрестелік, бөбектік, сәбилік және мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты тәрбие беру л-ііндеттері карастырылған.

«Бағдарламада» халыққа білім беру жуйесінің ал-ғашқы басқышы ретінде балалар мекемелерінің ала-тын орны, әр турлі жастағы топтарда жургізілетін оку-тәрбие жумысының мазмуны мен міндеттері ашылып, тәрбиешінің басшылық ролі керсетілген.

«Бағдарлама» балалардың денесі шыныққан, акыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбекке кабілетті, достыққа берік, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін кояды. Онда әрбір баланың даму, жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психологиялық ерекшелігі еске алынады. Бағдарлама балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды, олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмунды, қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оку) уйымдастырады. Балалардың көңіл күйшің сергек, қуанышты болуын кездейді. Балабақшада педагогикалық істі ұйымдастырып, басқарушы тәрбиеші. Ол «бағдарламаның» талаптарын орындауға жауапты. Тәрбие ісін бірізді, жүйелі жүргізу үшін тәрбие бағдарламасының маңызы зор. Онда мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасының дамуындағы жаңалықтар қорытылған. Тәрбиеші осы бағдарламаға сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбие ісін дұрыс құрып, бір топта жүргізілген тәрбие жұмысын келесі топта қайталамайды. Балалар мекемелерінін. сан жағынан өсе түсуі пе-дагог кадрлар даярлау міндетін қоюмен бірге бақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, оларды бірыңғай педагогикалық талаптарға сай ұйымдастыру үшін бағдарлама мен әдістемелік қүралдар жасау міндетін де койды. Біздің типтік бағдарламамызда балабақшалардың ролі, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасының дамуындағы жаңалықтар мен жетістіктер жинақталып көрініс тапқан. Еліміздегі «Балабақшада оқыту және тәрбиелеудіц типтік бағдарламасы» төмендегі принциптерге: 1) бағдарламалық материалдардың ғылыми-идеялық мазмұны тәрбиенін, мақсат, міндеттеріне, балалардын, жас және жеке психологиялық-физиологиялық ерекшелікте-ріне сай келуіне, 2) оқыту мен тәрбиенің бірлігіне, 3) баланың нәрестелік шағынан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиесі мен оқытуы сияқты педагогикалық процестің үздіксіздігі мен біртүтастығына, 4) материалдар бағдарламада белгіленген міндеттерді кешенді түрде шешуге ыңғайлы, бірізді, жүйелі орналасып, бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделене түсуіне және бөлімдерінің езара байланыстылығына, 5) сан түрлі іс-әрекеттердін, балаларды жан-жақты, үйлесімді дамытуда басты роль атқаратынын ескеріп отыруға не-гізделіп жасалған. Осы принциптер негізінде «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» туғаннан алты жасқа дейінгі балалар үшін жасалды, ал жеті жасқа қараған балаларды оқыту-тәрбиелеу бағдарламасы жеке басылып шықты.

«Бағдарламадағы» оқу, тәрбие мазмүны тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай айқындалған. Әрбір топта балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру және тәрбиелеу, сабақтарда оқыту мәселелеріне басты кеңіл бөлінген бағдарламада балалардың жас ерекшелігі жөніндегі мінездемелер нақтыланған. Ондағы негізгі жаңалықтар — балалардың жасына қарай әр топтың кун тәртібінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар анық көрсетілген. Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру, ойын-сабақ өткізу, сенсорлі тәрбие беру әр тоқсанға бөлініп берілген. «Бағдарламада» баланы кунделікті адамгершілікке баулудың мазмуны жуйеленш, бірізділігі сақталған, баланың дербес әрекетін уйымдастыру, оны өзгелердің -әрекетімен уйлестіруге жаттықтыру нақты көрсетілген. Оқьгуға арналған материалдар, әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыка мәдениеті жаңа шығармалармен толықтырылған. «Айналамен таныстыру», «құрастыру» арасындағы заңды байланыстар «Бағдарламада» балалардың ұғымына лайықты етіп берілді, айналадағы ортамен таныстыру (бөбектер тобынан бастап) білім беретін арнаулы бөлім ретінде бірінші рет енгізілді, сондай-ақ «Тіл дамыту» жөнінде арнайы бөлім беріліп, жұмыс мақсаты айқындалып, мазмұны нақтыланды. Ондағы жаңалықтардың негізгілері — сауат ашу деңгейі белгіленіп (сөздің дыбыстық құрамын ажырата білуге үйрету), қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру белімінде естиярлар тобы ушін 5-ке дейінгі, ересектер тобы ушін 10-ға дейінгі сандарды цифрлармен белгілеу енгізілді. «Бағдарламаның» «ойын» бөлімінде баланың өзіндік ойын-әрекетін қалыптастыру міндеттері өз алдына жеке көрсетілді. Типтік бағдарлама негізінде мектепке дейінгі қазақ мекемелеріне бағдарлама жасалып, кейбір бөлімдер жаңа материалдармен байытылды. Атап айтсақ, әр топта окылатын көркем әдебиет, бейнелеу өнері, табиғатпен, айналадағы ортамен таныстыру, музыкалық тәрбие, ойын, еңбек жумыстарының мазмуны республиканың ұлттық ерекшеліктерін қамтитын төл туындылармен толықтырылды.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жаңа бағдарлама балалардың дене және психикалық дамуының бірнеше сатысын камтиды: нәрестелер—туғаннан бір жасқа дейін, бөбектер — бір жастан екі жасқа дейін, сәбилер (1-тобы) —екі жастан үш жасқа дейін, сәбилер (2-тобы) —үш жастан терт жас-қа дейін, естиярлар — төрт жастан бес жасқа дейін, ересектер — бес жастан алты жасқа дейін. Ал мектепке даярлық топтарына жаңа типті бағдарлама жеке жасалған.