Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

«Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару» пәні бойынша

Лекция жинағы

  1. Кіріспе.

Жоспар:

  1. «Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару» пәні, маңызы, мақсат, міндеттері.

  2. Меңгеруші әдіскердің балабақшада алатын орны және мамандығына кәсіптік сипаттама.

  3. Педагогикалық ұжымдағы меңгерушінің, әдіскердің орны, қызметі.

  4. ҚР Конститутциясы және нормативтік актілер.

  5. Шетел тәжірибелері.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен жүргізілетін әкімшілік-шаруашылықты ұйымдастыру, басқару, әдістемелік мәселелерге байланысты жұмысқа даярлауда «Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру және басқару» пәнінің орны ерекше. Мазмұны болашақ мамандарға меңгерушінің, әдіскердің педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарын, жұмыс жоспарын, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін, бақылау және басшалақ жасау түрлерін меңгертіп, білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Пәннің мақсаты мамандығына қажетті білім, білік, дағдысы, кәсіби құзырлығы қалыптасқан маман даярлау.

Міндеттері:

  • «Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыру;

  • басқару мен басшылық жасаудың әдістемесін меңгерту;

  • әдіскердің тәрбмешілер білімін көтерудегі міндеттерімен таныстыру, олардың мамандығына деген қызығушылығына тәрбиелеу;

  • мектепке дейінгі маман кадрлардың білімі мен біліктілігін көтерудің әдістемелік жұмыс формаларын меңгерту;

  • балалардың оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасау, ұйымдастыруда шығармашылық қабілетін дамыту;

  • ғылыми-теориялық білімін жетілдіріп, оны практикада қолдана білудағдыларын, кәсіби құзырлығын жетілдіру;

  • оқытудың жаңа технологияларымен таныстырып, оларды мектеп жасына дейінгі тәрбие жұмыстарына қолданудың дидактикалық негіздерін меңгерту.

Меңгеруші мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы және басшысы, маманданған педагог болып табылады. Оның праволары мен міндеттері «Балалар бақшасының уставында» белгіленген. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі орта немесе жоғары педагогикалық білімі бар, педагогтық жұмыс стажы екі-үш жылдан кем емес адамдардан тағайындалады. Оның бүкіл қызметі мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру міндетін шешуге бағытталған. Ол балалар бақшасында педагогикалық және гигиеналық талаптарға толық сәйкес білім тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді, ұжымда іскерлік, мақсат қоя білушілік және ынтымақшыл жағдай туғызады, оған жалпы басшылықты жүзеге асырады. Басшылық лауазымы меңгерушіні өзінің идеялық-теориялық дәрежесі мен мамандық шеберлігін үздіксіз көтеріп отыруға, педагогикалық білімдерді, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен практикасын мықтап меңгеруге, қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеменің алдында тұрған міндеттерді білуге, өз білімін практикалық қызметте пайдалануға міндеттейді. Мектепке дейінгі мекемеге басшылықты барлық қызметкерлердің басты назары үнемі балаларда, оларды жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға қамқорлық жасауда болатындай етіп жүзеге асыру қажет. Меңгеруші бағдарламалық-әдіснамалық, нұсқаулық, нормативтік документтерді жақсы білуге, оларды өз жұмысында басшылыққа алып отыруға тиіс. Ол педагогикалық процестің мәніне терең бойлап, жетістіктер мен олқылықтарды айқын көріп, кемшіліктерді жоюға дереу шаралар қолданып отыруы керек. Мектепке дейінгі мекеменің басшысы қызметкерлердің жұмысына ұдайы бақылау жасап, оларға практикалық көмек көрсетуге, олардың әрқайсысының еңбегін әділ бағалауға, іскерлік сын мен өзарасынды өрістету үшін барлық жағдайды жасап, басшылықтың сыннан өткен бұл әдісін жалпы жұмыс сапасын жақсарту мақсатында пайдалануға тиіс. Бүгінгі басшы жаңа, озат атаулының бәрін қолдап, мекеме қызметінің перспективасын көре білу керек. Меңгеруші басшылығының стилі іске мемлекеттік тұрғыдан қараумен, мекемеде іскерлік, шығармашылық, өзара көмек, өзара құрмет ахуалын туғызумен айқындалады. Меңгеруші жұмысының мазмұны – балалар мекемесінің алдында тұрған міндеттерден туындайды және мынадай бөлімдерді қамтиды: әкімшілік-шаруашылық және ұйымдық-педагогикалық қызметке басшылық ету; әдіснамалық және тәрбие жұмысына, сондай-ақ ата-аналармен жұмысқа басшылық ету. Мекеме жұмысының барлық бөлімдері өзара байланысты және оның қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды. Әкімшілік-шаруашылық және ұйымдық-педагогикалық жұмысқа басшылық балалардың өмірі мен қызметі үшін, оларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті материалдық жағдайларды жасауға және жетілдіруге бағытталған (тамақтың жеткілікті және алуан түрлі болуы, дұрыс күн режимі т.т.). Меігеруші барлық үй- жағдайлардың, аулалардың жабдықталуын және көркейтілуін, жөндеу жұмыстарының жүргізілуін, педагогикалық құрылымдар мен ойыншықтардың алынуын қамтамасыз етеді. Ол мектепке дейінгі мекеменің бүкіл финанс-жоспарлау қызметіне басшылық етеді, кадрларды іріктеу және орналастыру жұмысын жүзеге асырады, жазғы сауықтыру шараларын, жаңа оқу жылына дайындықты, балалар мерекелерін өткізуді, үй- жағдайлардың санитарлық-гигиеналық күйіне бақылауды, т.б. жүзеге асырады. Мектепке дейінгі мекеменің қызмет көрсетуші персоналына мыналар жатады: шаруашылық меңгерушісі, бухгалтер, аспазшы, аспазшының жәрдемшісі, үй сыпырушы, күтушілер, қоймашы, кір жуушы, ағаш ұстасы, т.б. Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі қызметінің маңызды тарауы ұжымдағы әдіскерлік және тәрбие жұмысына басшылық ету болып табылады. Ол бұл жұмыстың барлық қызметкерлердің идеялық-теориялық дәрежесі мен педагогикалық мамандығын арттыруға бағытталған алуан түрлі формаларын ұйымдастырады. Әдіснамалық шаралар педагогикалық ұжымды жаңа білімдермен, іскерліктермен, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ұтымды әдістерімен және тәсілдерімен қаруландырады, жұмыс сапасын жақсартуға көмектеседі. Әдіскерлік басшылық әр түрлі формаларда жүзеге асырылады, бұлар: педагогикалық кеңестер, оқу сағаттарын, серуендерді, ойындарды т.т. ашық байқау; педагогикалық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру; жас топтарын арнайы аралап көру, олардың жұмысын фронтальды және тақырыптық тұрғыдан тексеру; тәрбие жұмысының жоспарын қарау және талдау; жеке және ұжымға кеңестер беру.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі мекеменің қызметіне жетекшілік етеді.

  2. Ұйымды басқарудың құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді, ұйымның қызметінің барлық түрлерін қадағалайды.

  3. Педагогикалық кеңеспен бірлесе отырып оқу жоспарларын, ішкі тәртіп ережелерін дайындайды және бекітеді.

  4. Тәрбиеленушілер контингентін құрады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

  5. Балалардың дұрыс тамақтануына және медициналық көмек көрсетілуіне қажетті жағдайды жасайды.

  6. Кадрларды жұмысқа қабылдайды және орналастырады, лауазымдық міндеттерін белгілейді, кәсіби шеберліктерін көтеруге жағдай жасайды.

  7. Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуына жауап береді.

  8. Жыл сайын есеп дайындап тапсырып тұрады, санитарлық-гигиеналық режимнің және еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.

ҚР Конститутциясы және нормативтік актілер.

1992-1999 жылдары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы мен орта білімнің даму тұжырымдамасы және білім берудің мемлекеттік стандарттары дайындалып бекітілді. Қабылданған нормативтік-құжаттар негізгі заң ережелерне сүйенеді. ҚР Білім туралы Заңында ”Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары” көрсетілген: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленген. 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламалары қарастырылған.

1999 жылы 7 маусымда ҚР Білім туралы Заңы қабылданды. Аталған заңның 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту туралы төмендегі мәселелер қарастылған:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар алты жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ақауы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.

  3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

  4. 5-6 жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бұдан әрі – МТО)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.

Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100%.

ҚР Конституциясында отбасын нығайту, аналар мен балаларды қорғау және тәрбиелеуде отбасы жауапкершілігін арттыру, отбасында балаларды мектепке даярлау олардың отбасындағы өмірі мен тәрбиесін ұйымдастару, әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру, ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері, халық тәжірибесіндегі отбасының балаларды тәрбиелеудегі мектепке даярлаудағы орны(А. Сейсембаев, Б. Баймұратова, Д. Муталиева, М. Сәтімбекова, т.б.), отбасында мектепке даярлаудың мақсат-міндеттері, озық іс-тәжірибелер, ата-аналармен жұмыс және ата-аналарға педагогикалық білімді насихаттау мәселелерімен тереңірек танысуы қажет.

Басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар:  - ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтарын, нұсқауларын, жарлықтарын және                              басқа да педагогикалық кадрлардың мамандығын арттыру мәселелері бойынша құжаттар;  -   Кабинет бағытындағы пән бағдарламалары, тақырыптық оқу жоспарлары;  - ҚР «Білім туралы» Заңы; ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;   ҚР Конституциясы; ҚР Еңбек Заңы; ҚР «Тіл туралы» Заңы  -   ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, т.б.  -   ҚР пед.кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы (ҚР Білім және ғылым министрлігі № 662 бұйрық 2006 жыл)