- •1.Тақырып: Коррекциялық педагогика адам туралы ғылымның жүйесі.Коррекциялық педагогика курсының пәні және міндеті, нысаны.
- •2.Тақырып: Коррекциялық педагогиканың білімінің басқа ғылым салалармен өзара байланысы.
- •3.Тақырып: Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы.
- •4.Тақырып: Коррекциялық педагогика жұмысының психологиялық-педагогикалық мәні.
- •Психологиялық « портрет» балалардың даму проблемасы.
- •8.Тақырып: Жалпы білім беретін мектептардегі психикалық дамуында кемістігі бар балалар.
- •10.Тақырып: Орын толтырып оқыту сыныптарындағы балалармен коррекция жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •11.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез –құлқындағы ауытқушылықтарды педагогикалық коррекциялау және алдын алу жұмыстары.
- •12.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың психологиялық – педагогикалық мәні.
- •13.Тақырып: Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының себептері мен шарттары. Оқыту – тәрбиелеу процесінде жас өспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын педагогикалық коррекциялау.
- •14. Лекция. Тақырып: Кәмелетік жасқа толмағандар мен алдын алу және педагогикалық коррекциялық жұмыстарын әлеуметтік педагогикаға бағыттау.
- •Мұғалім – коррекциялық-педагогикалық жұмыстың субъектісі
- •16. Тақырып: Психологялық-медико-педагогикалық кеңес және оның баланың
11.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез –құлқындағы ауытқушылықтарды педагогикалық коррекциялау және алдын алу жұмыстары.
Жоспар:
1. Жас өспірімдердің мінез-құлықтарның ауытқушылықтарына қойылатын жаңа талаптар.
2.Мінез – құлықтарының ауытқушылығындағы басты міндеттері.
3.Балалар мен жас өспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу бағыттары.
Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстанға әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы жиі кездесетін құбылыс.Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ оларды алдың алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал. «Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді.
Ст. Холл « бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды. Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеутеттік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:
балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандарының таралуын, оларға әсер етуші факторларды анықтау, сонымен қоса оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
оқушылар тұлғасының және мінез-құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, қиындықты жеңе білу және жағымды, адекватты « Мен – тұжырымын» дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді игерген педагогикалық кадрларды даярлауға қол жеткізу;
мектепте сыртқы тәуекел факторларынан азат психологиялық-педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және т.б. шараларды үйымдастыру.
Жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлылығын қалыптастыруды, жағымсыз мінез-құлық көріністерін түзетуді олардың жағымды « Мен» бейнесін дамытудан, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн. Жасөспірім салауатты таңдау жасай алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз салауатты таңдау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік – жағымды құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет. Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері ( құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындауы;
оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу – тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциялық жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
