- •1.Тақырып: Коррекциялық педагогика адам туралы ғылымның жүйесі.Коррекциялық педагогика курсының пәні және міндеті, нысаны.
 - •2.Тақырып: Коррекциялық педагогиканың білімінің басқа ғылым салалармен өзара байланысы.
 - •3.Тақырып: Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы.
 - •4.Тақырып: Коррекциялық педагогика жұмысының психологиялық-педагогикалық мәні.
 - •Психологиялық « портрет» балалардың даму проблемасы.
 - •8.Тақырып: Жалпы білім беретін мектептардегі психикалық дамуында кемістігі бар балалар.
 - •10.Тақырып: Орын толтырып оқыту сыныптарындағы балалармен коррекция жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
 - •11.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез –құлқындағы ауытқушылықтарды педагогикалық коррекциялау және алдын алу жұмыстары.
 - •12.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың психологиялық – педагогикалық мәні.
 - •13.Тақырып: Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының себептері мен шарттары. Оқыту – тәрбиелеу процесінде жас өспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын педагогикалық коррекциялау.
 - •14. Лекция. Тақырып: Кәмелетік жасқа толмағандар мен алдын алу және педагогикалық коррекциялық жұмыстарын әлеуметтік педагогикаға бағыттау.
 - •Мұғалім – коррекциялық-педагогикалық жұмыстың субъектісі
 - •16. Тақырып: Психологялық-медико-педагогикалық кеңес және оның баланың
 
3.Тақырып: Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы.
Жоспар:
Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы.
Коррекциялық педагогика ғылымының қалыптасуына педагог ғалымдардың көзқарастары.
Коррекциялық педагогика – жылдам темппен дамып кел жатқан қазіргі таңдағы педагогика ғылымның саласы. Оның жылдам дамуының бір себебі балардың аномальды мінез-құлықтарының көбеюі. Коррекциялық педагогика өзінің бастауын дефекті (латын сөзі defectus - кемшілік) балалардың өмірін сақтап қалу гуманистикалық талпыныстардан алады. Оларға саңырау, нашар еститін, соқыр, нашар көретін, соқыр-мылқау-саңырау, зердесінде кемшілігі бар балалар жатады. Антикалық уақытта физикалық немесе ақыл-ойда ауытқушылықтармен туған балаларды жарға тастаған. Бұл дәстүр Еуропаның кей жерлерінде орта ғасырға дейін сақталған. 17-18 ғасырларда адамның өмірі біршама құндылық болып есептеліне бастады. Кеміс туылған балаларға адамгершілікпен қарап, көмек көрсетудің жолдарын іздей бастады. Оларды емдеу, тәрбиелеу, салт-дәстүрге үйрету туралы ой келді. Емдік түзетімдік педагогиканың бастауында францияның дәрігері және ағартушысы Ж. Итар (1775-1838) және оның отандасы Э. Сеген (1812-1880) басқа елдердің дәрігерлері мен приктикадан өтуші мұғалімдер тұрды. Олардың бәрі емдеуді оқытумен дұрыс сәйкестендірген кезде жетілуде ауытқушылығы бар балаларды оқып шығаруға болады деп ойлады. Ақыл-ойдан артта қалған балалар үшін жаттығу ойлап тапқан дефектологтың бірі К. Ванней (1860-1931) болды. Ол ақыл-ойдан артта қалған балалардың жетіспейтін психикалық функцияларын жаттықтыру үшін арнайы жаттығулар бағдарламасын ұсынды. Бельгиялық педагог О. Декроли (1871-1932) түзету-тәрбие беру мақсатында ойын түрлерінің сериясын құрды. Олар әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Педагог-дефектологтың аномальды балаларға тән кемшіліктерді жеңу және оларды жеңілдетуге бағытталған түзету-тәрбие беру жұмысы осындай балалрдың дұрыс жетілуіне әсер етті. Көмекші мектептердің дамып келе жатқан жүйесі өмірлік мәселелерді адамгершілікпен шешуге көмектесті. Ресейдегі бірінші емдеу-ағарту мекемелері 18 ғасыда пайда болды. Алдымен олар шетелдік емдеу мектептерінің үлгілері бойынша құрылды. Олардың әдістемелерін көшірді. Отандық түзетімдік педагогиканың бастауына көрнекті ғалымдар А.И. Граборов (1885-1948) (Капиталды еңбек «Көмекші мектеп» (1932 ж.) құрастырды), Л.Г. Шлегер (1863-1942) тұрды. Коррекциялық педагогика кеңес өкіметінің бірінші жылдары жақсы дамыды. Оны қазіргі таңдағы себептер мен жағдайларға ұқсас прогресс итермеледі: қоғамдық құрамның ауысуы, қатып қалған принциптер мен идеалдардың құлауы, азаматтық соғыс, балалардың қараусыз қалуы.
4.Тақырып: Коррекциялық педагогика жұмысының психологиялық-педагогикалық мәні.
Жоспар:
Коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәні.
Коррекциялық педагогиканың арнайы қызмет принциптері.
Коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеті мен негізгі бағыттары.
Кемістігі ( аномальды ) балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету ( жартылай немесе толық ) болып анықталады. Сонымен педагогикалық коррекцияға әсер ету секілді бөлек алынған кемістікті ( дефекті) түзетуге ( ликвидация – жоюға) бағытталған үйрететін жаттығуларға сай келмейді, бірақ бала тұлғасына толығымен әсер етуді түсіндіреді. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін ( оқыту, тәрбиелеу және дамыту ) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады. Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады. Біздің ойымызша коррекциялық әрекеттің психологиялық- педагогикалық мәнін және оның профилактикалық бағытын, ең терең ашқан психологтар мен психотерапевтер ( С.А. Бадмаев, Г.В. Бурменская, О.А Карабанова, А.Г. Лидерс, А.С. Спиваковская т.б.) олар коррекцияға ерекше үлгімен ұйымдастырылған, психологиялық ықпал ретінде қарады, ал ол топтардың қатынасы жоғартылған тәуекелге және қайта құруға бағытталған, ( реконструкция – қайта құру). Коррекциялық педагогиканың принциптері және оның қызметі. Педагогика ғылымында принциптер ол негізгі педагогикалық қызметтің алғашқы ұйым талаптарын қамту және қызметтің ақырғы мақсат нәтижесін бағытын анықтау.
5.Тақырып: Мінез-құлқының дамуында кемістігі бар балалар- коррекциялық педагогика әрекетінің объектісі және субъектісі. Баланың психологиялық дамуындағы «норма және аномалия» түсінігі. Солқолдылық мәселесі. «норма-аномалия» мәселесінің аспектісі.
Жоспар:
Психикалық және даралық баланың дамуы.
Психологиялық аспект проблемасы ( норма – аномалия ) .
Мектепалды баланың кризистік дамуы.
Құбылыс өлшемі «норма – аномалия»
Солқолдылық мәселесі.
Аномалия – түсінігін аударғанда ( грек тілінде) нормадан қалу, барлық заңдылықтың дамудағы жолдың дұрыс еместігін айқындайды. Бұл жағдайда – ол түсінік педагогикада және психологиядағы ғылымдар саласында қолданылады. Аномалиялық туралы сауалдар психикалық процесс дамуында тұлғаның тәрбиеленуін де және контекстік білімі дұрыс параметрдегі процестің жолы қарастырылады. Нормалық проблема және оның варианты – қазіргі таңдағы күрделі психология ғылымында табылады. Ол өзіндік мәселеде мынаны қарастырады: қай реакциялық норма ( моторлы, сенсорлы) , когнитивті функциялық норма ( қабылдау, ес, ойлау) , регулярлық норма, эмоционалды норма, даралық және т.б. Бұл салада мынадай сауал қарастырылады. ( жыныстық, жас аралық айырмашылығы ). Ең негізгі мағынасы « норма» термині (латын тіл норма ) норма түсінігі тұрақты. Оның мазмұны мәдениеттік және орын ауысып отырады. Критерилік норма проблемасы тұлғаның дұрыс дамудағы, коррекциялық – дамудағы іс-әрекет шешімі тәрбиеде және тәрбиеленуді қарастырады. Педагогикада бүгін « жұмыс істейтін» ұғымдар бағдарламаның пәндік мазмұнымен игеруде оқушыға қажетті пәндік норма – білім, әрекет пен ептілік. Әлеуметтік – жастық норма – оқушының тұлғалық және интеллектуалдық жетілуінің көрсеткіші . индевидуалды норма – баланың өзіндік дамуының және жекелей жетілудегі ерекшеліктерінің пайда болуы.Психикалық жетілу нормасының категориясы практиктердің сенімі бойынша түзету – жетілу міндеттерін шешудің тәсілдерін анықтауға көмектеседі. Психологиялық норма мәселесі - пәнаралық. Онымен психологиялық ғылымның әр түрлі салалары ( дифференциальды психология, жетілу психологиясы, педагогикалық психология, тұлғалық психология және т.б.) айналысады. Және осыған қоса әр түрлі көмек түрлері де бар. Көбірек көңіл бөлетіндері нейропсихология, балалар психологиясы, тұлғалық психология. Қазіргі нейропсихология атақты отандық нейропсихолог А.Р. Лурияның еңбегімен құрылған мидың әр түрлі психикалықты жүзеге асыруды жұпты орган ретінде жұмыс істейтіндігі туралы жоғары психикалық функцияларға бағытталған ми теориясының орталық ережесіне сүйенеді.
Психологиялық аспект проблемасы ( норма – аномалия).
Психологиялық әдіс - анализге нормалық дамуда, жалпы психологиялық және жасаралық психологиялық аспект қарастырылады. Психологиялық даму барысында жұмыс істеген Л.С. Выготский. Психологиялық дамуда оның түсінігінше процесс білімді (кризис ) , периодтық структуралық түр. Онда негізгі ұғым критикалық жас. Ол баланың психикалық жетілуінің бірнеше критикалық, құбылысты пунктерді бөліп алды. Кризистер - жетілудің қажетті кезеңдері (этаптары) деп санады. Оның кезеңденуінде келесі жастар мен кризистер ұсынылған: бір жастың кризисі, үш жастың кризисі, жеті жастың кризисі, үшінші жастың кризисі, он жеті жастың кризисі. Оның көзқарасына сай, баланың тұлғасы тұтас өзгереді. Осы тұтастықтың заңының өзгеруі әр психикалық функцияның өзгеруін анықтайды. Әрбір жастық кезең сананы толығымен ерекше құруды мінездейді. Әрбір жаста басқалар да ие болатын орталық жаңа пайда болу бар. Аталған мәселені шешуде талантты ғалым – психолог Д.Б. Эльконин ( 1904 – 1984) маңызды еңбек сіңірді. Ол баланың психикалық жетілуінің жастық кезеңденуінің ұтымды концепциясын әзірледі. Ол оның негізіне өсіп келе жатқан адамның жетілуінің заңдылығын салды, яғни бастаушы іс - әрекет. Психикалық жетілудің механизмін зерттей отырып, Д.Б. Эльконин адамдар қатынасының жүйесінің анализіне тоқталады. Екі қарым – қатынас жүйесі бар: адам – зат жүйесі және адам – адам жүйесі. Жетілуде осы екі жүйе бала – қоғамдық зат және бала – қоғамдық ересек жүйелері көрінеді. Ересек адам бала үшін затпен жаңа және одан да қиын тәсілдермен пайдалануды үйрету ретінде қызмет атқарады. Баланың тұлғасын қалыптастыру бала – қоғамдық зат және бала – қоғамдық ересек жүйелерінің ішкі әрекет етулері арқылы жүзеге асады. Балалық жетілу Д.Б Элькониннің гипотезасына сай кезеңденеді. Баланың жетілуінің барысында тапсырмаларды игеру, дағды және адамдар арасындағы қарым – қатынас нормалары кездесетін кезеңдер ауыстырылады. Игеру мазмұнында әрбір кезеңнің өзіндік орны бар. Баланың психикалық жетілуінде Д.Б. Эльконин екі кезеңді атап көрсетеді. Олар әдебиетте үш жастың кризисі деген атпен белгілі ерте балалаықтан мектепке дейінгі жас және жыныстық жетілудің кризисі деп аталатын бастауыш мектепке дейінгі жастан жас өспірімдікке көшу кезеңі. Осы екі көшу кезеңінде өзін- өзі басқару тенденциясы күшейеді. Үш жастың кризисін ғылыми түрде Л.С. Выготский бейнелеп берді. Ол оның оң және теріс жақтарын бөлді. Кризис туралы бірінші симптом – баланың негативизмі, яғни ересек адамның тарапынан болған талаптарды орындаудан бас тарту. Бала ересек адамның сауалына, оның мазмұнына теріс әрекет етеді. Екінші симптом – бұл бірбеткейлік, бала бір нәрсені көңілі соққандықтан емес, оны ол қажет етуіне байланысты сұрауы. Келесі симптом – шапшаң болып табылады. Ол бір беткейлікке қарағанда басты мінезге ие. Өмірдің қатып қалған нормаларына қарсы бағытталған. Төртінші симптом - өзіндік еркіндік, бала бұл жағдайда дербестікті талап етеді. Ол бәрін де өзі жасағысы келеді. Басқа симптомдарды Выготский екінші кезектегілер деп санайды. Баланың мінез – құлқы наразылық білдірудің кей жерлеріне ұқсай бастағанда, тұрақты конфликт болған кезде бұл наразылық білдіру – бүлік. Құнсыздану симптомы балалар дөрекі сөздерді сөйлей бастаған кезде болады. Бір балалы отбасында деспотизм формасында білдірілетін симптом көрінсе, бірнеше балалы отбасында басқа балалардың қарым – қатынасында қызғанушылық түрінде байқалады. Бірақ барлық осы симптомдардың ішінен Л.С. Выготский позитивті түрін де көреді. Бұл ересектен бөлектену, психологиялық жаңаның пайда болуы, яғни мен- өзім, дербестіктің пайда болуы. Мектепке дейінгі жас - тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі. Баланың балалық шағында жетілу теориясын құрастыруға әрекет еткен академик А.Н. Леонтьев мектепке дейінгі жаста мәнез – құлықтың тұлғалық механизмдері қалыптасады деген қорытындыға келеді. Мектепке дейінгі жаста жүре пайда болатын мінез – құлық пайда болады және болған мақсатты ұстай алуды және ереже бойынша әрекет етуді, өзіне таныс жағдайда әрекетті жоспарлай алуды, оның нәтижесін көруді білдіреді. Мектепке дейінгі оқушы этикалық норманы игереді. Оның моральдық бағасы, өмірдің оқиғаларына белсенді қарым – қатынасы, қайғыру, қамқорлық қалыптасады. Жеті жастағы кризис тікелей кризис деп аталады. ( Л.С. Выготский, Д.Б, Эльконин ). Мектепке дейінгі жасқа көшу кезеңінде баланың мінез – құлқында біршама өзгерістер болады. Жеті жастағы кризистің маңыздысы деп Л.С. Выготский « бала тұлғасының ішкі және сыртқы талаптарының дифференциялануының басталуын» санайды.
Мектепалды баланың кризитік дамуы.
Мектепке келуде кардиналды өзгеріс системасында әлеуметтік қатынаста және іс-әрекеті баланың, екінші физиологиялық кризисі саналады. Бұл баланың жеті жасындағы тұлғасында көрсетіледі. Баланың организмінде тез аралық эндокриндік жылжу байқалады (өсу, дене, ішкі органның өсуі). Басқада жас өспірімдік кризисті байқауға болады. Бұл он үш жас аралығында байқауға болады. Бірінші стадия – бір жыл. Бұл кезеңде негізгі дамуы жақын адамдар, ата –анасы, яғни баланың сезімі, сенімі қоршаған ортаға көз-қарасы немесе сенімсіздігі. Екінші стадия – бір жылдан үш жылға - қоршаған ортаға қарап қабылдауы, бұл баланың өзіндік қалыптасуына байланысты. Сезіммен, ұят, балаға жиі көңіл бөлуде іске асырылады. Баланың тірбиеленуіне ата – ана әрдайым ықпал жасап отырса, баланың іс-әрекеті қалыптасуы тұрақты болып жүзеге асады. Оған ата – ананың жауапкершілігі мол боуы тиіс. Үшінші стадия – үш жастан алты жас. Бала шапшаң түрде қоршаған ортаны білетін болады. Ойын арқылы баланың басқа тұлға аралық қарым – қатынас жасауы туындайды. Балада үлкендерге қарап, соларға бейімдеу қалыптасады. Яғни анасына немесе мұғаліміне, әкесіне ұқсағысы келіп еліктейді. Дәрігер, шаштаразшы, дүкенші, мұғалім болып ойын арқылы көрсетіп бейімделеді. Ал, үлкендер баланың қылығын теріс түсініп, оны ұялтып жазалауы мүмкін. Бұл баланың нақты нормалық дамуы. Төртінші стадия – алты жастан он төрт жас. Бұл уақытта баланың еңбек қор сезімі оянады. Бала мектепке барады, білімге құштарлығы басталады. Мектеп, мұғалім, бірге оқитын құрбылары. Баланың мұғаліммен, құрбыларымен қарым – қатынасы оның мінез – құлқына байланысты. Бесінші стадия – он төрт жас жирма жас. Ең өмірдің негізгі кризисі. Осы жасқа келгенде бала ержетіп, өсіп өз алдына мақсат қойып, өткен шақтағы тәрбиелік білімін ашып, ары қарай «мені не күтіп тұр, басқа біреуге қалай көрінемін» деген ой толғандырып, өмірде өз жолын табу, білім ашу мақсаты көзделеді.
Құбылыс өлшемі “ норма – аномалия”
Заңды түрде педагогтың алдында сауал толғандырады, яғни мектепшілік ауырлық бұзылушылық дәрежесін, байқау. Толық мағаналас өлшемін табу оңай түспейді. Бірақ мұдай өлшемдербар болады. Хабардар, « өлшем психопаттық Ганнушкина – Кербикова» патологиялық мінезді қабылдайды. Бірінші белгі – тұрақтылық, шартты қатысты уақтылы мінездемесі, өмір талабына өзгеруі тиіс. Егерде бала кезде болған бұзақылық, үлкейгенде есейгенде өзгеруі қиынға соғады. В.П. Кащенконың пікірінше солай делінеді. Жөні түзу немесе жөнсіз адам, ажыратуы жөнінде айтқан. Бет әлпетінен баланың белгілері байқалады, яғни басқалардан тез ажыратуға болады. Екінші белгі – мінездің пайда болуы: бір жерде немесе барлық жерде ерекшелігі байқалады. Үйде, демалыста, жұмыс орында, бөгде адамдар арасында, қандай да болмасын жерлерден көруге болады. Егерде адам үйде жалғыз, ал «адамдар арасында» - басқа, бұл бірақ патологияға жатпайды. Үшінші белгі - әлеуметтік дезадаптация, қорыта келе, адамда күнделікті өмір қиындығы пайда болады, әсіресе өзіне байланысты немесе қоршаған ортаға байланысты. Дефектологиялық ғылым құрамына әлеуметтік педагогика және психология бөлімдері кіреді. Жалпы және әдейі педаголгикамен бірге, сол сияқты қазіргі педагогикалық практикада мұндай аз емес жағдайлар болады, қашан да болсын ақыл-ойында және тәрбиесінде кемістігі бар балаларға диагноз қою қиынға түседі. Бұл дефект оның көрсетілмеген жағдайда болады. Мұндай жағдай, егерде бала оқу барысында қиналса, ал басқа жұмыстарда ( қосымша) алға шыққан кезде болады. Осы түсініктермен бірге «әдейі психология», « емдеуші және реаблитациялық педагогика», бәрінен жиі коррекциялық педагогика түсінігі қабылданады. Осы педагогикалық анықтама бір жағынан ертерек қалыптасқан «дефектология» ұғымын ауыстырады немесе оның бірдей атауы болып қолданады. Кей жағдайларда коррекциялық педагогика әдейі .ғылыми мекемелерді ғана қамтамасыз етпейді және мінез- құлықтарында, ақыл-ойларында кемістігі бар балалар мен жас өспірімдердің даму психикасын қамтамасыз етеді. Коррекциялық педагогиканың негігі мақсаты болып баланың дамуындағы жетіспеушілікті білу және жеңу болып табылады. Коррекциялық педагогика пәні болып деференциялық процеске қызмет етеді, ой-өрісінде және тәрбиесінде кемшілігі бар балалрды тәрбиелеу және дамыту. Әлеуметтік педагогикалық мәселелердің қиындығы психофизиологиялық дамуы мен тәртібінде кемістігі бар балаларды үйрету, дамыту және тәрбиелеу. Дамуы мен девиациалық тәртібінде кемістігі бар балаларда әлеуметтік педагогикалық жағдайы қалыптасқан. Келесі шешімдер бойынша коррекциялық педагогика көмектесу жағын қарастырады:
Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және тәртібіндегі кемістіктерді анықтау, олардың пайда болу жағдайы мен жолын қарастырады.
Девианттық мінез-құлықты және психофизиологиялық дамуында кемістігі бар балалардың коррекциялық педагогиканың қызтетінде пайда болу тарихын үйрету.
Баланың тіршілік әрекетінің әлеуметтік –педагогикалық шарты және психофизиологиялық дамуының этнологиясы, жас өспірімдер мен балалардың тәртібі мен дамуындағы кемістікті жеңу.
Балалардың тәртібінде кемістігі бар және дамуындағы жетіспеушілігіне коррекциялық педагогиканың әдіс-тәсілдерімен ықпал ету, технологиясын өңдеу.
Көпшілік мектептердің жағдайында тәртібі мен дамуында кемістігі бар балаларға жалпы және арнайы білімдеріне талдау жүргізу.
Арнайы коррекциялық даму мекемелерінің және әлеуметтік қорғау орталықтарының балалармен жас өспірімдердің реаблитациясының мақсаттарын анықтау.
Девиантты мінез-құлықты және психофизиологиялық дамуында ауытқуы бар балалармен жас өспірімдер коррекциялық педагогика маманына ( жұмыс істеу үшін) керекті методикалық базасын даярлап шығару.
Коррекциялық педагогика жалпы педагогика сияқты, негізгі педагогикалық бағыттары үйрету, тәрбиелеу, дамыту болып табылады. Тәрбиелеу – негізгі алынатын және мағыналы тәрбие беру педагогикалық категориясы. Үйрету – педагогикалық ғылым жағынан ерекше білім алу (беру) амалы.Үйрету және дамыту бір –біріне ұқсас құбылыстар. Коррекция – (латын тіл – түзету) арнайы жүйе және жалпы педагогикалық өлшем ретінде анықталады. Кампенсация – ( латын тіл – орын толтыру, қайтару, өзін-өзі ұстау, салмақты) – бұл қиын, бұзылғанды (қирағанды) қайта жөндеу немесе организмдегі психофизиологиялық функциолары қалыптаспаған көп аспектілі процесс. Мектеп адаптациясы – (латын тіл – икемдеу) бұл баланың мектеп өміріндегі жағдайларының икемделу процесі, оның талаптары мен ережелеріне керекті білім алу т.б. Әлеуметтік реабилитация – (лат тіл – қапына келтіру) бұл тәртібінде және ақыл-ойында кемістігі бар баланың әлеуметтік ортаға еңгізу және өз теңдес балалармен қарым-қатынас жасау процесі.
Психологияда көп жағдайларда сол-оң қолдылық ретінде қарастырылатын яғни оң қолды, солақайлықты қалау немесе әр түрлі актілерде тең болу деген сол-оң жарты шары ұғымы қолданылады. Қиын педагогикалық мәселе солақайлық мәселесі болып табылады. Бірақ мамандардың ойынша солақайлық патологияға жатпайды. Солақайлықты төмен ойлау қабілетімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда солақайлық патологияның нәтижесі бола алады. Дені сау солақайдың таң ақаларлық қабілеттері болуы мүмкін. Сол және оң қолмен тең дәрежеде ұстай алатын балалар да бар. Ондай адамдарды амбидекстрам деп атайды. Солақай баланың нормадан ауытқушылық болып табылмайды. 1 сыныптың бірінші тоқсанын кейін «екі рет» қайта оқыту кері әсерін береді. Себебі оң қолмен жазып үйренген солақай балаға қолды ауыстыру мәжбүрлеуге болмайды. Осындай тактика ауыр жүйке ауруы – жазу спазмын тудыру мүмкін.
Жазу спазмы – бұл невроз. Ол көбіне 4-5 сыныптардан бастап кездеседі. Бастауыш сыныптарда кеңістік синтезіне қабілеттіктің бұзылуы байқалатын дисграфия атты ерекше бұзушылық байқалады. Бала жазуға қиындықпен үйренеді, бірақ қалғандарында ол ереже бойынша сап-сау болады.
6.Тақырыбы: Мінез – құлқында және дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жас және дара ерекшеліктері. Баланың тұлғалық дамуындағы деформация себептері мен шарттары.
Жоспар:
Психологиялық « портрет» балалардың даму проблемасы.
Балалық шақтағы эмоционалдық дамудың проблемасы (ахуалы).
Бала агрессиясының ( қиянқылығының) табиғаты.
Баланың жеке тұлғасының дамуына ортаның әсер ету факторлары.
Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз ( ата – аналардың, мұғалімдердің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылыуының бастауының негізін қалайды, осы мінез- құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауып төндіреді. Жекеленген әрекеттер өз бетінше соншалықты маңызды емес, тек оның артында тұлғаның қандай ерекшеліктері, даму тенденциялары жатқанымен ғана маңызды. Демек баланың, жеткіншектің мінез – құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталуына ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез – құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың, жеткіншек тұлғасының тиісті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз.
( И. Невский ). Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан, тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан ( тенденция) сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, тұлғаның дамуына тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына әсер ететін құрал ретінде көрініс табады. Балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдайяттар мен өмір жағдайларына және іс- әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды мынадай түрге бөлуге болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдайяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.
