- •Қр Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Отбасындағы мүмкіндігі шектелген баланың сау сиблингтардың дамуына әсері
- •1.1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарының әлеуметтенуіне көмектің психологиялық және педагогикалық шарттары
- •2.1 Психологиялық-педагогикалық көмек контексінде мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтендірілуі
- •2.2 Мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтену барысын психологиялық-педагогикалық көмек технологияларының тиімділігін талдау нәтижелері
- •Қорытынды
- •Терминдер сөздігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарының әлеуметтенуіне көмектің психологиялық және педагогикалық шарттары
Жұмысты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенті жүзеге асырады.
Берілген ғылыми жұмыс Орал қаласының маңындағы шағын аудандардағы күрделі өмірлік жағдайларға кездескен жайсыз отбасыларының мәселелеріне қоғам назарын аудартуға түрткі болады. Отбасына және балаға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіліп, қоғамдық ортадағы әлеуметтік және психологиялық мәртебесін көтеруге жағдай жасайды.
Азаматтық қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына аудару, БҚО тұрғындарын, мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілерін, кәсіпкерлерді белсенділік танытуға шақыру.
Бүгінгі таңда біздің Батыс Қазақстан облысында 3434, ал елімізде 42,2 мың мүмкіндігі шектеулі балалар есепке алынып отыр.
Облысымызда осы категориядағы балаларды емдеумен айналысып қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытатын, толыққанды әлеуеметтік қарым-қатынас пен қолдауды ұйымдастыратын бірде-бір ұйым табылмай отыр. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда диагностикалық жұмысты жүргізгеннен кейін мамандар мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Алайда жыл санап мүмкіндігі шектеулі балалардың санының артуына байланысты қалалық және облыстық ПМПК жеке әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсетуде оларды түгел қамтуда қиындықтарға тап болуда. Осы себептен «Отбасындағы мүгедек баланың сау баланың дамуына әсері» Жұмысты аясындағы жұмыс отбасылардың күрделі құлықтық-психологиялық күйзелістен шығуына, балалардың толыққанды әлеуметтенуіне жағдай жасайды.
Жұмыс жүзеге асқан жағдайдағы мүдделі тараптар
Мақсаттық топ: мүгедек балалары бар жайсыз отбасылардағы сиблингтар.
Сиблинг бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалардың сау аға-апалары.
Жұмыс бойынша жұмыстарды жүзеге асыру тетіктері.
Белгіленген міндеттерді орындау мен мақсатқа жету үшін жоспарланған іс-әрекет түрлері:
Жұмысты жүзеге асыруға қатысатын серіктестер қызметкерлері мен мамандардың, волонтер студенттер тобының кәсіби құзыретін арттыру мақсатында оқыту семинарларын, тренингтерін, дискуссия алаңдарын ұйымдастыру;
Волонтерлермен жұмыс: өз еріктерімен қатысушыларды әр отбасына бекітіп, жекелей қолдау жасауды қамтамасыз ету;
Сиблингтармен жұмыс:
диагностика, әлеуметтік анамнезді жинақтау;
сиблингтарға жекелей қолдау жасау;
өзіне-өзі көмек көрсету және өзін-өзі реттей алу дағдыларына үйрету;
отбасылық, тұлғаішілік кикілжіңдерді тиімді шешу дағдыларына оқыту;
тренингтер/кеңестер жүргізу, медициналық-психологиялық көмек көрсету арқылы отбасының әлеуметтік-педагогикалық және құқықтық құзыретін арттыру;
сұрауы бойынша әлеуметтік көмек көрсету (төлем ақы, зейнетақы, еңбек құжаттарын т.б. рәсімдеу бойынша);
Балалармен жұмыс:
психологиялық-педагогикалық диагностика (әңгімелесу, бақылау, проективті әдістемелер жүргізу т.б.);
түзетуші-дамытушы жұмыстар (балаларды ата-аналарымен бірге «қарым-қатынас бөлмесіне» шақыру, тренингтер, дамытушы ойындар мен жаттығулар ұйымдастыру, арт-терапия түрлері - изотерапия, саз-терапиясын жүргізу);
баланың ата-анасымен жағымды, тиімді қарым-қатынасын орнатуға бағытталған тренинг курсын жүргізу;
балалар арасында түрлі өнер бағыттарындағы шығармашылық конкурстар ұйымдастыру ( сурет салу, өлең шығару т.б.);
Мүгедек балалары бар отбасыларымен жұмыс тәжірибесі бойынша әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған әдістемелік құралдарды даярлау.
Сурет 1 – Анықтау экспериментінің нәтижелері
ІІ Мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтендіру процесінің психологиялық шарттарын эксперименталды тұрғыдан зерттеу
