Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ддұрыс конф.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.56 Кб
Скачать

Қр Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Педагогика және психология ғылымдары

Отбасындағы мүмкіндігі шектелген баланың сау сиблингтардың дамуына әсері

Орал 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3-8

1. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ СИБЛИНГТАРЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК ҮДЕРІСТЕРІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарының әлеуметтенуіне көмектің психологиялық және педагогикалық шарттары.............................................................................................9-11

2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ СИНБЛИНГТАРЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1. Психологиялық-педагогикалық көмек контексінде мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтендірілуі .................12-13

2.2. Мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтену барысын психологиялық-педагогикалық көмек технологияларының тиімділігін талдау нәтижелері................................................................................................13-16

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................17-18

ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ.............................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................20

Кіріспе

Жұмыстың жалпы мазмұны: ғылыми зерттеу мүмкіндігі шектелген балалардың сау аға-апаларын әлеуметтендірудің психологиялық шарттарының проблемаларын зерттеуге арналады. Жұмыста зерттеліп отырған проблеманың теориялық-әдістемелік негіздемелеріне талдау жасалған. Жұмыста мүмкіндігі шектелген балалардың сау сиблингтарын барабар әлеуметтенудің негізгі шарттарын бөліп көрсетеді, сиблингтармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың тәжірибе жүзінде табысты сынақтан өткен нақты бағдарламаларын әзірлеген.

Тақырыптың өзектілігі: мүмкіндігі шектеулі балалардың сау психикалық денсаулығын қалыптастыру қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Онымен қоса қоғам тек олардың ғана емес, сау сиблингтардың психикалық дамуын, қоғамда әлеуметтену ерекшеліктерін зерттеуде.

Ғылыми жұмыстың қарама-қайшылығы: қазіргі заманда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюі мен мұндай балалардың әлеуметтендірудің (өмірге бейімделудің) нәтижелігін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар мен амалдардың жеткіліксіздігі арасында қайшылықтар.

Зерттеу мәселелері: балардың үй жағдайында әлеуметтендіру, өмірге бейімдеу үдерісінде жетім балаларға қолдау көрсетудің психологиялық жағдайларды жетілдірудің өзектігін арттырады.

Зерттеу нысаны: отбасындағы мүмкіндігі шектелген баланың сау сиблингтардың дамуына әсерін зерттеу.

Зерттеу пәні: отбасындағы мүмкіндігі шектелген баланың сау сиблингтардың дамуына әсері.

Зерттеу мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік-педагогикалық қолдау жасау.

Зерттеу міндеті: кеңес беру, тренингтер, топтық кездесулер арқылы отбасындағы психологиялық жайсыздықты жою, қысымды төмендету, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік оқшауланғандық сезімін жеңу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: балалардың өмірге бейімділігін қалыптастыруда мамандарды дайындау педагогикалық-психологиялық тұрғыдан анықталса, әлеуметтендіруді қалыптастыру жүйесі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделіп, әдістмелік жағынан қамтамассыз етілсе, онда балалардың әлеуметтенуі дұрыс бағытта жүреді, өйткені маманға байланысты өмірге бейімділігі жоғарғы деңгейде қалыптасқан тұлға пайда болады.

Зерттеудің жетекші идеясы: мамандардың көмегімен қалыптасқан тұлға қоғамда өз орнын тауып, еліміздің өз көзқарасы қалыптасқан, психикалық сау азаматы болады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаның іс-әрекеті туралы философиялық, психологиялық теориялар; таным теориясы; тұлғаны әлеуметтендіру, қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық ой-тұжырымдар; оқыту мен тәрбиелеудегі мәдениеттің рөлі туралы ілім; білім беру және тәрбие технологиялары туралы ғылыми-педагогикалық зерттеулер болып табылады.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 5В010300– «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, зерттеу проблемасына қатысты философтардың психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған құжаттар, оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.) мұғалімдер мен оқытушылардың іс-тәжірибесі, сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңі: қараша, 2014 - Отбасылары ішінен әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балалары бар жайсыз отбасылар контингентін анықтау, әлеуметтік мәселелері бойынша топтарға жіктеу, әлеуметтік анамнезді жинақтау мақсатымен диагностикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, әрбір отбасылары үшін жеке түзету – дамыту бағдарламасын жасау. Волонтерлермен жұмыс. Қалалық және облыстық психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңесімен серіктесу;

Зерттеудің екінші кезеңі: желтоқсан, 2014 ж – Мүмкіндігі шектеулі балалармен сиблингтармен әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық түзету жұмысының кешенін ұйымдастыру және өткізу. Барлық мамандардың (психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші т.б.) сиблингтармен белсенді практикалық жұмысы. Сиблингтармен кері байланысты ұстану, аналитикалық материалдар жинау, талдау;

Зерттеудің үшінші кезеңі: қаңтар, 2015ж. – Мүгедек балалардың апа-ағаларымен жұмысты жалғастыру, қосымша материалдық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу. Жергілікті БАҚ–ды жұмыс нәтижелерімен және мәселелерімен таныстыру. Сиблингтармен жұмыс бойынша практикалық курстарды, бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, практикалық ұсыныстарды дайындау, жүзеге асыру; Мәселелерге байланысты әлеуметтік сала қызметкерлерінің қатысуымен конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру. Жасақталған әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды басылымға беру. Жыл бойына жасалған жұмыстардың шығармашылық және қаржылық есебін дайындау.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау , оқу-әдістемелік кешендерге, бағдарламаларға, аудиториядан тыс жұмыс формаларына, озық педагогикалық технологиялар мен іс-тәжірибелерге талдау жасау, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат (интервью), бақылау, тестілеу), практикалық әдістер (өнімдерге талдау жасау), педагогикалық эксперимент, деректерді статистикалық өндеу әдістері, сараптау (анализ), анкета жүргізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Балалардың тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері маманың біліктілігі бойынша білім беру стандартына сәйкес теориялық тұрғыда анықталады.

  • Жүргізілген психологиялық және педагогикалық жұмыс негізінде балалардың тұлғасының қалыптасуы өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделеді.

Зерттеудің практикалық құндылығы: жүргізілген психологиялық және педагогикалық жұмыс негізінде сиблингтардың әлеуметтендіруін қалыптастыруға бағытталған «Отбасындағы мүмкіндігі шектелген баланың сау сиблингтардың дамуына әсері» атты әлеуметтік жобасының мазмұны жасалып, мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіріледі.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар: сиблингтардың әлеуметтендірілуін психологиялық көмек негізінде қалыптастыру педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастырылған, жүйеленген сипаттамасы олардың эстетикалық қызығушылығын, көркемдік талғамын, сезімін, шығармашылық белсенділігін және ең алдымен тұлғасын қалыптастыру мүмкіндіктері.

Зерттеу нәтижесінің дәлелдігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізделуімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдерді нақты қолдануымен, эксперимент соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқу-тәрбие процесіне енгізілуімен тексеріліп қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және практикаға ендіру: эксперимент барысында жүзеге асты және жұмыстың негізгі қағидалары халықаралық «Қазіргі заманғы сәулет және құрылыс проблемалар және даму болашақтары» (Астана, 2006); «Кредиттік оқыту технология шартына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік құзырлығын қалыптастыру: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» (Көкшетау, 2009); «Қазақстан Республикасы психология ғылымының көкейкесті мәселелері және даму бағыттары» (Алматы, 2010) және «Қазіргі заман контекстінде жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері» (Астана, 2006) көрініс тапты.

Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.

Ғылыми жұмыстың құрылымы:

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарын әлеуметтендіру мен психологиялық-педагогикалық көмек үдерістерінің әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде балалардың тұлғасының мамандардың психологиялық және педагогикалық көмегі негізінде қалыптастыру мәселесінің тарихи-педагогикалық алғы шарттары ашылып, жеке тұлғаның қалыптасуының әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық мәселелері баяндалады, бұл мәселенің қазіргі зерттелу жағдайына талдау жасалды және оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен қызметі анықталды, балардың тұлғасын қалыптастырудың теориялық моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделді.

«Мүмкіндігі шектелген балалардың синблингтарын әлеуметтендіру процесінің психологиялық шарттарын эксперименталды тұрғыдан зерттеу» атты екінші бөлімде орта мектептерде білім берудің ақпараттық технологиялық пайдаланудың тиімді жолдары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді. Тәжірибелік эксперимент жұмыстың мазмұны баяндалып, оның нәтижелеріне талдау жасалды, жоғары педагогикалық оқу орнының 3-4 курс студенттеріне қатысы бар арнайы курс бағдарламасың мазмұны берілді. Осы бағдарлама негізінде жүргізілген оқшылардың тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары, іс-тәжірибесінің нәтижелері көрініс тапты.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.

Терминдер сөздігінде ғылыми зерттеу жұмысы барысында қолданылған кейбір сөздердің анықтамасы берілген.

Зерттеу объектісі: мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың сау сиблингтары.

Бюджет: 1 млн. 413 мың тг.

Жұмыстың жүзеге асырылу мерзімі 3 айды құрайды.

Ұсыныс: мектеп немесе ұйымның жанында мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарына арналған психологиялық кеңес кабинетін ұйымдастыру.

І Мүмкіндігі шектеулі балалардың сиблингтарын әлеуметтендіру мен психологиялық-педагогикалық көмек үдерістерінің әдіснамалық негіздері