
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм «бағалау, есеп және аудит» кафедрасы
- •5В050800 – «Есеп және аудит», «5в090800 – «Бағалау»
- •Силлабус «Бизнесті бағалау» пәні бойынша
- •Алматы, 2014 ж.
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
стр.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм «бағалау, есеп және аудит» кафедрасы
Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген
Кеңес төрайымы
______________Н. Дуйсенғұлова
«___»____________2014 ж., №____
Білім беру бағдарламасы - бакалавриат
5В050800 – «Есеп және аудит», «5в090800 – «Бағалау»
мамандықтары бойынша
Оқу түрі – күндізгі
Силлабус «Бизнесті бағалау» пәні бойынша
Курс: 3
Семестр: 6
Кредит саны: 3
Оқытушы: аға оқытушы Дощанов А.Е.
Телефоны: 3022156, № 123 бөлме
Алматы, 2014 ж.
Құрастырған: аға оқытушы _________________ А. Дощанов
Силлабус 5В050800 – «Есеп және аудит», «5В090800 – «Бағалау» мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнесті бағалау» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастыр- ылған
Силлабус кафедра отырысында қарастырылған
25. 08. 2014 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент____________ Нургазиева Л. А.
Кіріспе
«Бизнесті бағалау» пәні нарықтық экономикада актуальді және қажетті қызмет болып саналатын бизнестің құнын бағалау жолдарын оқып қарастырады және зерттейді. Нарықтық экономикада бизнесті бағалау актуальді және қажетті қызмет болып саналады. Бизнестің нарықтық құнын анықтау оның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін, бизнестің нақты жағдайын анықтау, стратегиялық және басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қажет. Бизнесті бағалаудың әдістері ұйымдастыру шешімдерін тиімді қабылдап және іске асыруға болады, егер олар келесі жағдайлармен байланысты болса:
бағаланушы объектке меншік құқығының ауысуы;
мүлік құқығына шектеу қою;
пайдаланып тұрған немесе келешегі бар объектке қосымша капитал құю.
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:
дәріс (лекция) оқу;
практикалық сабақтар жүргізу;
ОБСӨЖ;
СӨЖ.
Пәнді оқытудың мақсаты: бизнесті бағалаудың теориялық негіздерін оқу, бизнесті бағалауға практикалық әдістер, кәсіпорын мүлкін бағалау кезінде қолданылатын аспаптар мен әдістемелер қарастырылған. Пәнді оқу барысында студенттер бизнестің құнын баға-лау тәжірибесін үйренуі қажет.
Аталмыш пәнді оқытудың міндеттері:
нарықтық қатынастар жағдайындағы бизнестің (кәсіпорынның) құнын бағалаудың маңызы мен мәнін зерттеу;
студенттерге бизнес құнын өсуін басқару үшін құнды бағалау, қолдану және құру-дың концептуалды негіздерін қалыптастыру;
шаруашылық субъектілерінің бағалау принциптері және процестерімен танысу;
шаруашылық субъектілердің бағалау тәртібі мен қағидаларымен танысу;
бизнес жүйесінің жағдайын бағалау критерийі ретінде құнды қолданудың басқа-лардың алдындағы артықшылықтарымен танысу;
студенттердің тәжірибелерде бағалаудың әдістерін қолдануы және бизнестің (кәс-іпорынның) құнын есептеуді үйрету;
бағалау қызметіндегі тәжірибені зерттеу.
Алдыңғы деректемелер: «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік рет-теу», «Бағалаудың теориялық негіздері», «Бағалауды құқықтық реттеу», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Баға және баға белгілеу және т.б.
Соңғы деректемелер: «Жер учаскесінің құнын бағалау», Жылжымайтын мүлікті бағалау «Кәсіпорынның құралдары мен машиналардың құнын бағалау», «Ойдың меншік бағалануы», «Кәсіпорынның материалды емес активтерін бағалау» және т.б.
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес келесі біліктілктерді (компетенции) меңгеруі керек:
білу:
- әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық пәндердің теориялық негіздерін;
- экономиканың, менеджменттің, маркетингтің, қаржының теориялық негіздерін;
- экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін;
- қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-этикалық құндылықтарды;
- іскерлік этика ережелерін;
- Қазақстан халықтарының мәдениеті мен өмір салтын;
- Қазақстан заңдары мен заңдылықтарының негіздерін;
- қоғамның әлеуметтік даму жолдарын.
істей алу:
- әртүрлі әлеуметтік жағдайларды терең және жан-жақты түсіну;
- басқа халықтардың мәдениеті мен құндылықтарын сыйлау;
- өз жұмысыңда қалыптасқан әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсініп қабыл-дау;
- ұйым ішінде жұмыс істеу қабілеті, өз ойын іске асыру және жаңа шешімдер ұсыну;
- кәсіптік мамандығын жоғарлату;
- кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану.
дағдыны меңгеру:
- жаңа техниканы қолдану;
- күнделікті мамандығына және магистратудағы оқуына қажетті жаңа білімдерді қабылдап отыру;
- этикалық және құқықтық тәртіп ережелерін сақтау;
- белгісіздік және тәуекелдік жағдайларда тиімді экономикалық және ұйымдастыру
шешімдерін қабылдауға машықтану.
Пәндік мамандандырылған:
білу:
- бизнесті бағалаудың теориялық негіздерін, мазмұнын, мақсатын, міндеттерін,
пәнін, терминологиясын және түсініктерін;
- құндық бағалаудың логикалық теориясын;
- бизнесті бағалаудың негізгі принциптері және құн түрлерін;
- меншік құнды бағалаудағы ақпарат жүйесін;
- бизнесті бағалауда шығындық әдістің орны мен мәнін;
- кіріс тәсілінің сферасы мен мазмұнын;
- ҚР “Жер туралы” заңын;
- материалды емес активтердің мәнін;
- шет ел тәжрибесімен бизнес (кәсіпорын) құнын бағалауды.
істей алу:
нарықтың қарым – қатынасты құру шартында бизнесті бағалау принципітерін қол-дану;
шаруашылық субъектісі қызметінің ішкі және сыртқы ортасында экономикалық ақпарат жүйесін танып білу;
ақшаның уақытша бағасын білу;
әртүрлі мақсаттар үшін бағалану активімен байланысты: инвестициялау, кәсіп-орынды ликвидициялау және т.б. экономикалық жиынтықта мүліктік құқық бағалау мех.-анизмін түсіне білу;
бағалаудың негізгі методологиялық принципін, бағалау қызметінің сапалы және санды көрсеткіштерін, бизнесті бағалау әдісін білу;
дағдыны меңгеру:
өз бетімен бизнесті бағалау алгоритімін құру;
материалды және материалды емес бағалау ерекшеліктерін іс жүзінде айыру;
қаржылық және қаржылық емес шешімдер мен олардың бизнеске тигізетін әсерін түсіндіре алу;
құнды басқарудың қаржылық циклы мен құнды өсіру факторларын анықтау;
экономикалық есептеу мен бағалауды, бағалау есебін құру;
- бизнестің тиімділігін басқаруды бағалау;
- бизнестің қаржылық күйін бағалау;
- экономикалық есептеу мен бағалау дағдыны меңгеру;
- бизнестің құнын бағалауда шығындық тәсілді қолдану;
- бизнестің құнын бағалауда салыстырмалы тәсілді қолдану;
- бизнестің құнын бағалауда табыс тәсілін қолдану.