Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-15 апта сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.88 Mб
Скачать

Хv апта бөж тапсырмалары Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

3-тапсырма. Қазақстандық өнертапқыштардың ашқан жаңалығы туралы мәліметтермен танысыңыздар. Пікірлесіңіздер.

◊ Әлменовтың гидравликалық қондырғысы

Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан - ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен беріп отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, капшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Бүгінде 1 килловтт электроэнергия 15 теңге тұрады. Бақытжан Әлментаевтің қондырғысын іске қосса, бұл баға 2-3 теңгеден аспайды. Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет көрсету түрлері, коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60 теңге емес, 15-20 теңгеге дейін төмендейді. Бақытжан Әлменов өзінің өнертабысын 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-ға қоюға лайық деп отыр. Өйткені EXPO-ның тақырыбы – «Болашақ энергиясы». 

◊ Көлікке арналған жапсырма

Дамир Аралов көліктердегі жапсырманың үстіне жабыстырылатын нөмір белгісінің класын, техникалық байқаудан өткендігін, айып пұлдың бар-жоғын айқындап тұратын жапсырма ойлап тапты. 70×35 мм болатын жапсырма көліктің артқы не алдындағы нөмірінің оң жақ бөлігіне орналасатын болады. МАИ қызметкерлері осылайша көлік туралы бар мәліметті көзбен-ақ көріп біле алмақ. 

◊ Қазақтың мәңгілік күнтізбесі

Өнертапқыш Сайдыбай Бекболатов "Қазақтың мәңгілік күнтізбесін" ойлап тапты. Өнертапқыш Григориан күнтізбесін қате деп есептейді. Оның айтуынша, 12 емес, 13 ай бар, ал әр айда 28 күн бар. Жыл наурыз айынан басталады, ал наурыз айының өзі 1-інен емес, 0-ден басталады. Ал қосымша айды өнертапқыш шаян мен мергеннің ортасына қойған.

◊ Көлікке арналған құлып

Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек. 

◊ Нұротанк

Қарағандылық өнертапқыш Сәнтай Жетесов танкіні қайта жасап шықты. Танк орыстардың Т-90 және Т-72 танкілерінің жаңартылған нұсқасы. «Нұротанк» деген атау алған өнертабыстың Т-90-нан негізгі айырмашылығы – оғында. Жаңартылған нұсқа диск тәріздес оқтармен атады. Оқ зақымдауы жағынан мықты, себебі оқ қабырғаны ғана емес, танктерді де тесіп өтеді. 

◊ SmartBesik

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады. 

( Мейіргүл Оңғарова massaget.kz/bilim/bilesiz-be/16170)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]