Кредиттик оқу жүйесіндегі артықшылықтар
Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықлас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету;
бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы студенттердің оқыту процесін ұйымдастырудың осындай бір формасы белгілі мерзімде бір жоғары оқу орнындағы студенттің басқа жоғары оқу орнындағы оқуын заңды түрде бекіту болып табылады.
9-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттасыңыздар.
10-тапсырма. «Білікті маман - ел ертеңі» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.
XIV апта
БӨЖ тапсырмалары
1-тапсырма. «Әлемге танымал оқу орындары. Әлемдік білім беру жүйесі» тақырыбына презентация дайындаңыздар.
XV апта
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА
Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
1 – сабақ
Мақсат бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары: а) -пақ/пек, -мақ/мек +шы/ші болып; ә) -қысы/кісі, -ғысы/гісі келіп; б) -у үшін; в) -па+с, -айын/ейін, -сын/сін деп.
Сұрақтары: Не етпек болып? Не мақсатпен? Не үшін? Не деп? Неге? Мысалы: Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет. Өз пікірін айтпақшы болып, мінбеге көтерілді. Түнгі Астананы көргісі келіп, көлігімен қала орталығына бет алды.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.
Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елінің өндірісі қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады.
СӨЗДІК:
инновациялық экономика құру – создать инновационную экономику жалпыұлттық өрлеу идеясы – общенациональная идея развитие
ауқымды экономикалық жоба – масштабный экономический проект
жаһандану үдерістері – глобальный прцесс
үдей түсу - нарастать
инновациялық өрлеу - инновационный подъем
ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – конкурентоспособность наций
қарқынды жаңғырту - интенсивно обновлять
заманауи жабдықтармен жарақтандырылу – оснощаться современным оборудованием
жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылу – насыщаться (осведомляться) идеями нового типа.
2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша пікірлесіңіздер.
• «Инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялау» дегенді қалай түсіндіңіздер?
• Инновациялық экономика құру неліктен ең ауқымды жоба болмақ?
• Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты факторларының бірі не?
• Қазақ елінің өндірісі қандай жолға түсті?
• «Жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын болады» дегенді қалай түсінесіздер?
3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемге қажетті басыңқы сөйлемдер жазып, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.
Қазақстанда инновациялық экономика құру үшін, ----------. Студенттердің ғылыми – инновациялық білімділігін қалыптастырмақшы болып, ----------. Қазақстандық өнертапқыштар туралы білгісі келіп, ----------. Соңғы жаңалықтарды тыңдайын деп, ----------. Ғылыми – инновациялық жобаларға қатыссын деп, ----------. Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары жайлы айтқысы келіп, ----------. Фабриканы жаңа технологиямен жабдықтау үшін, -----------. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ болып, -----.
4-тапсырма. Сұрақтарға мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы жауап беріңіздер
• Шағын бизнесті не үшін ашпақшы болды?
• Өндірілген тауардан молырақ пайда түсірейін деп не істеді?
• Бәсекеге қабілетті тауар өндірмек болып не істеді?
• Орта және шағын бизнесті дамыту үшін не істеді?
• Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі артсын деп не істеді?
• Инновациялық экономика құру үшін не істеу керек?
2 – сабақ
СӨЗДІК:
жаңа идеялар мен үрдістер – новые идеии и тенденции
қозғаушы тетігі – движущий механизм
әлеуетін дамыту – развивать потенцию
5 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған
