XIV апта
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
Себепті бағыныңқы сабақтас
1 – сабақ
Себепті бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:
1. етістік/есімшенің -ған-ген, -қан,-кен+дықтан, -діктен. Неліктен?
Маусым айы салқын болғандықтан, балалар өзенге шомыла алмады.
2. –ғаны, -гені, -қаны, -кені/ үшін. Не үшін? Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықтық.
3. –ған, -ген, -қан, -кен / соң. Қайткен соң? Не еткен соң? Күн жаңбырлы болған соң, біз тауға шықпадық.
1 - тапсырма. Сұрақтарға себепті бағыныңқы сабақтас сөйлемдер арқылы жауап жазыңыздар.
- Неліктен жастардың көбісі шетелде білім алғысы келеді?
- Не үшін сіз Еуразия ұлттық университетін таңдадыңыз?
- Неліктен еліміз Балон процесіне қосылды?
- Жастар не үшін терең білім алуға тырысады?
2
- тапсырма. Сұрақтарды
топ болып талқылаңыздар.
- Халықаралық білім беру кеңістігін құру дегенді қалай түсінесіздер?
- Қазақстандық білім беру жүйесі қаншалықты қалыптасқан?
- 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы туралы не білесіздер?
- Сорбон декларациясы дегеніміз не?
- Болон процесінен не күтуге болады?
3 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Білім берудің тиімділігі, ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан, халықаралық деңгейде интеграциялау, құнды шешім, құжатты басшылыққа алу, білім беру өкілдері, білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру.
4-тапсырма. «Мен неге осы университетті таңдадым?» деген тақырыпта сұхбат құрастырыңыздар.
2 – сабақ
5 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім.
(Н.Ә.Назарбаев)
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған - 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.
Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.
6-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.
7- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша ойды толықтырыңыздар.
Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады.--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- . Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.
3 - сабақ
8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер.
