XIII апта
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстандағы білім беру жүйесі
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
1-сабақ
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас – басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас. Жасалу жолдары: шартты рай –са, -се + да, -де (шаршаса да), есімше –қан, -кен+мен (естігенмен), –қан, -кен+ша, -ше (айтқанша), - кен+і, қан+ы болмаса (шаршағаны болмаса), көсемше –а (-е, -й) тұра (көре тұра). Сұрақтары: Қайтсе де? не етсе де? Қайткенен? Не еткенмен? Қайткенше? Не еткенше? Қайткені болмаса? Не еткені болмаса?
1-тапсырма. Мәтінді зейін қойып тыңдаңыздар.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Ол халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
2-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Мысалы: Жалпы білім беретін мектеп халықтық мәдениетке интеграцияланған мектеп болуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектеп, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке басының дамуы, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, жүйелі байланыс түзетін, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ, жан-жақты жарасымды дамыған.
3-тапсырма. Алған түсініктеріңіз бойынша мына сұрақтар төңірегінде пікірлесіңіздер.
• Жалпы орта білім беретін мектеп қандай болуы керек?
• Бәсекеге қабілетті болу үшін не істеу керек?
• Жан-жақты, рухани жан дүниесі бай жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін не істеу керек?
4-тапсырма. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. едагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Өмірдің ауыртпалықтарын бастан кешсе де, адам өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Біреу саған қиянат жасаса да, сен оған қиянатпен тіл қатпа.
2-сабақ
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы
да мектебінің қандай негізде құрылуына
барып тіреледі (М.Жұмабаев)
Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құрылып, ары қарай даму үстінде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай болса, еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту- заман талабы.
СӨЗДІК:
Білім жүйесі – система образования үздіксіз жетілу – беспрепятственно достигать күрделене түсу – усложнять тамыры тереңге тартылған – глубоко уходящие корни заман талабына сай – в соответствии с требованиями времени терезесін тең ету – быть равным по степени, положению и популярности негізін салу – основать, обосновать өркениетті елдер – цивилизованные государства ғаламдық коммуникациялық желі – всемирная коммуникационная сеть білім кеңістігі – пространство образования жаңа талаптар – новые требования бәсекелестік мүмкіндігін көтеру – поднять (усилить) возможность конкуренции
|
5-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына мәтін бойынша қажетті сөзді таңдап жазыңыздар.
Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, .... өзгеріп отырады. |
үнемі жыл сайын әрдайым
|
Білім беру жүйесі қоғамның дамуында ... жетекші рөл атқарады. |
әлеуметтік – экономикалық тарихи саяси |
Ұзақ уақыт бойы ұлы ... оны өз еңбектерінде дамытқан. |
ғалымдар жазушылар ойшылдар
|
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – ... . |
ғылым білім дәстүр |
Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша .... түседі. |
шиеленісе күрделене дами |
Бұл –білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндгін ... мақсатында жасалып жатқан қадам. |
көтеру дамыту айқындау |
3-сабақ
4-тапсырма. Берілген нақыл сөздер бойынша пікірлесіңіздер.
Мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин)
Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан)
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры - оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.
(Р.Эмерсон)
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. (Әл-Фараби)
Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?
(А.Байтұрсынов)
Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі. (В.Белинский)
5– тапсырма. Ойды толықтырыңыздар.
«Жастық шақ – бұл, тамаша нәрсе, оны рәсуа ету - қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------. Жастық шақта алған білімің мен тәлім – тәрбиең өмір бойы азық болады.
6-тапсырма. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, өз көзқарастарыңыз тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып әңгімелеңіздер.
7-тапсырма. «Білім де бәсекеге түседі» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
ХІІІ АПТА
БӨЖ тапсырмалары
1-тапсырма. «Білімдінің күні жарық» тақырыбында шығарма жазыңыздар.
