Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-15 апта сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.88 Mб
Скачать

IX апта

БӨЖ тапсырмалары

1-тапсырма. «Қазақстанның болашағы – дарынды жастарда» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

X АПТА

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

Кезектес салалас құрмалас сөйлем

1 – сабақ

Кезектес салалас – құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілетін істің, оқиғаның, кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі. Кезектес салалас бірде, кейде, біресе деген кезектес мәнді жағаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді. (Ғ.Мұст.)

1-тапсырма. Мәтінді зейін қойып тыңдаңыздар.

Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

2-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікірлесіңіздер.

• Мемлекеттің болашағы неге жастардың қолында?

• Жастар неге білімді, білікті, бәсекеге қабілетті болу керек?

• Жастар бойында адамгершілік құндылықтар қалай қалыптасады?

• Елімізде жастардың білім алуына жағдай жасалған ба?

• Әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман болу үшін не істеу керек?

3-тапсырма. Мына сөздердің синонимін табыңыздар.

Болашақ –

жарқын –

көкейкесті –

ерекше –

жетістік –

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Ұлт болашағы - білімді ұрпақ қолында.

(Н.Ә.Назарбаев)

Әрбір мемлекеттің болашағы – жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.

Білім мен тәрбие – егіз, екеуі қарлығаштың қос қанатындай. Адамгершілік құндылықтар осы екеуі арқылы қалыптасады. Осыны ескерген Елбасы білім мен ғылымның, ұлттық тәрбиенің дамуына айрықша мән беріп, халқымыздың бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеуді қолға алды. Мемлекеттің, халықтың болашағы жастарда екенін қаперде ұстап, жыл сайын мыңдаған жасты өз бастамасымен қолға алынған республикалық “Болашақ” бағдарламасы бойынша алыс-жақын шетелдерге оқуға жіберіп отырды. Тұңғыш Президенттің ел жастарын білім беруде ең озық саналатын оқу орындарына жіберіп тәрбиелеуі, өз елімізде білім алушы басқа жастардың да заманауи технологияларды меңгеруіне, ғылым-білімнің соңғы жетістіктерімен сусындауына жағдай жасауы – ел ертеңін ойлаған көрегендігі еді. Бұл біздің ілгері қарай дамуымыздың шешуші факторына айналды. Сонымен бірге жас буынның бойында өркендеген Қазақстанды орнатуға деген құштарлық пен сенім ұялатты.

Елбасы егеменді еліміздің болашақ азаматтарын өркениетті өзге халықтардан кем болмасын, солармен терезесі тең болсын деп оқытып отыр. Бұл өз кезегінде жастарға деген үміттің көрінісі. Жастарды туған елінің мәртебесінің биік, абыройының асқақ, ар-намысының жоғары болуы үшін жақсы білім алып, адал еңбек етуге шақырады.

Президент ел жастарының ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман болғанын тілейді. Бар құндылықтарымызды игерген, мемлекетіміздегі бірлік пен елдікті нығайтуға, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілетті жастарды тәрбиелеуді назарына алып отыр.

(Серік Пірәлиев egemen.kz/old/2010/?p=11709)

5-тапсырма. Мына сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Ел тізгінін ұстайтын азамат, жарқын істерге апарар жол, меңзеп тұрғандай, елдің тірегі, келешектің келбеті, қаперде ұстау, соңғы жетістіктерімен сусындау, құштарлық пен сенім ұялату, кенде болмау, кәдесіне жарату, үмітті ақтау, терезесі тең болсын, мәртебесі биік, абыройы асқақ.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

• «Білім мен тәрбие қарлығаштың қос қанатындай» дегенді қалай түсінесіздер?

• Адамгершілік құндылықтарға не жатады?

• Жастардың жақсы білім алуына қандай жағдай жасалып жатыр?

• Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған қандай дарынды ұл – қыздарымызды білесіздер?

• Елбасы жастардың жақсы білім алуын неліктен басты назарда ұстап отыр?

3-сабақ

7-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алады. Бұл – заман талабы. Елдің қуаты алдымен білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Терең білім, ақыл-ой – тәуелсіздігіміздің тірегі. Сондықтан білімді де білікті жастар – еліміздің болашағы.

Елбасының салиқалы саясаты арқасында еліміз ауызбіршілігі мен келісімі жарасқан, дүниежүзіне танылған мемлекет болып қалыптасты. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Өркениетті ел болу үшін терең білімді игілікке жаратып, аянбай еңбек ету қажет. Сонда ғана басты мұратымыз – халқының әл-ауқаты жоғары, білімі мықты, қуатты ел боламыз.

(bolashak.kz/kz/news/single/1070)

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

• Табысқа жету үшін не істеу керек?

• Елдің қуаты неге байланысты?

• Салиқалы саясат дегенді қалай түсінесіздер?

• Мемлекетіміздің дүние жүзіне танылуының сыры неде?

• «Өрлеуді өмірінің өзегі еткен» дегенді қалай түсіндіңіздер?

• Біздің басты мұратымыз не?

9-тапсырма. Ойды толықтырыңыздар.

Әрбір мемлекеттің болашағы – жастардың қолында. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------. Сонда ғана халқының әл-ауқаты жоғары, білімі мықты, қуатты ел боламыз.

10- тапсырма. «Білімді ұрпақ – мемлекет негізі» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.

11-тапсырма. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, өз көзқарастарыңыз тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып әңгімелеңіздер.

X АПТА

БӨЖ тапсырмалары

1-тапсырма. «Жастар және қоғам» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]