Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-15 апта сабатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.88 Mб
Скачать

VIII АПТА

БАСШЫ КЕЛБЕТІ

Басшының басқару стилі

Ыңғайлас салалас 1 - сабақ

Ыңғайлас салалас- құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым–қатынаста болуы.

Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбіне бір шақта тұрады. Мысалы: Күн батты, таңды қара көлеңке басты.(П.П)

Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен. (Ғ.С)

1-тапсырма. Тыңдаймыз.

Тарихи тұрғыдан қарасақ, адамзат пайда болған күннен бері көшбасшылар болған. Өйткені, адам – әлеуметтік тұлға. Қоғам пайда болғанда міндетті түрде сол топтың ортақ мәселелерін шешуге басшылық жасайтын кісі болады. Көшбасшы – өзі басқаратын тобы болғанда ғана көшбасшы. Көшбасшылық – кез-келгеннің қолынан келмейтін, батылы да жетпейтін ауыр міндет.

2-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

• Көшбасшы деп кімді түсінесіз?

• Тарихтан қандай көшбасшыларды білесіз?

• Ол көшбасшылардың қандай ерекшеліктері бар?

• Сізге қай көшбасшы көбірек ұнайды?

• Көшбасшы қандай болу керек?

• Кез келген адам көшбасшы бола ала ма?

• Көшбасшы үшін ең басты қасиеттер не?

3-тапсырма. Жақша ішіндегі етістіктерге тиісті есімшелерді жалғаңыздар. Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы жасалуына мән беріңіздер.

Көшбасшы – кез-келген іске бел шешіп (кірісу), өзгелерді (сендіре білу) адам. Басшы өзгені (сыйлай білу), батыл да дұрыс қадам (жасай білу) адам болуы қажет. Ол өз ісіне жауапкершілікпен (қарау) қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады. Өз кемшіліктері мен жақсы әдеттерін (білу) басшы өзгені де тани біледі. Қызметкерлерін жіті қадағалап, жиі пікір алмасып (отыру) басшыға әріптестерінің сенімі де арта түседі. Өзін ғана ойламай, өзгелермен де (санаса білу), адамгершілік асыл қасиеттерді мол басшы үнемі сыйлы болмақ. Басшылық қызметті (мұрат тұту) жастар өзгені сыйлай білуі, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

2-сабақ

СӨЗДІК:

Көшбасшы келбеті – лицо лидера

бейім болу - быть склонным к чему –л.

нақты шешімге келу – прийти к определенному решению

келешекпен байланысты болжамдар – прогнозы, связанные с будущим

адамдарға әсер ету қабілеті – способность влияния на людей

өзгелермен кеңесу – советоваться с другими

өзіне деген сенімі – уверенность в себе (вера в себя)

пікір алмасып отыру – обмениваться мнениями

жұмыскерлерді марапаттау – награждать работника

еңбек уақытын реттеу – регулирование рабочее время

көңіл көтеру шаралары – увеселительные мероприятия

жаңалықтардан хабардар болу – быть в курсе новостей

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Адам басқаларға үстемдік етпей, оның ақылы мен жүрегін танып білу мүмкін емес.

Билік адамның болмысын ашады.  Софокл 

Басшы – белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол – бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады.

Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті де маңызды рөл атқарады, яғни лидерлік қажет. Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет. Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оқу аса қажет, кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу...

Басшылықта табысқа қол жеткізу үшін тек басшының жемісті еңбегі жеткіліксіз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады. Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты. Басшы болу үшін алдымен қабілет керек. Басшының ең бірінші өзіне деген сенімі мықты болуы тиіс. Жемісті еңбек үшін бұл өте маңызды. Өзіне деген сенім басшының жұмысына сергектік пен жылдамдық қосады. Басшы өзін өзі жақсы тануы тиіс. Кемшіліктері мен жақсы әдеттерін біліп, орынды қолданғаны жөн. Мұнан соң басшы өзгелерді тануы керек. Қызметкерлерін жіті қадағалап, жиі пікір алмасып отыруы тиіс. Жүйелі түрде қызметкерлерді бақылау жұмыс барысына үлкен әсерін тигізеді. Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаған дұрыс.

Табыс пен жетістіктің бірден бір шарты – еңбек тәртібін сақтау. Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Өткен уақытты кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан еңбек уақытын реттеуге мән берілуі тиіс.

Басшы өзіне арнайы уақыт бөліп, қызметтегі күйзелістерден құтылу үшін спортпен айналысқаны, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырғаны дұрыс. Рух пен тән саулығы – жемісті еңбектің бірден-бір шарты. Басшы дамулар мен жаңалықтардан міндетті түрде хабардар болып отыруы тиіс. Сөйлеу мәдениеті жоғары, тілді жақсы меңгеруі тиіс.

(«Егемен Қазақстан» газетінен)

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

• Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне анықтама беріңіздер.

• Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

• Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?

• Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?

6-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс, ------------------------------- . Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,--------------------- . Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, ------------------------------ . Басшы болу үшін қабілет те керек, ---------------------------------------------------- . Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ---------------------------------------------- . Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, ----------------- . Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- . Өзіңізге деген сеніміңіз мықты болсын, --------------------------------------------- .

7-тапсырма. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын тауып жазыңыздар.

Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.

Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.

Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.

Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та

жасайды.

3-сабақ

8-тапсырма. Конфуцийдің пікірімен танысыңыздар. Пікірлесіңіздер.

Конфуцийдің пікірінше, үкіметті дұрыс басқару үшін ел билеген тұлға бес ұлы қасиетке аса мән беріп, төрт жаман қасиеттерден аулақ болуы керек.

Бес ұлы қасиет:

1. Асыра сілтеп жұмсаудан іргеңді аулақ салып, пайдалы болу.

2. Ашкөздікке салынбай, керектісін алу.

3. Такаппарлыққа белшесінен батпай-ақ, абыройға, құрметке ие болу.

4. Халқына масқаралықққа ұшырамайтындай қызметтер беру.

5. Қорқақтыққа салынбай-ақ ұлы болу

 

Төрт жаман қасиет:

1. Халқына түк үйретпей тұрып, өлімге үкім шығару. Мұны «зұлымдық» деп атайды.

2. Халқына бейхабар күйде күтпеген жерден жұмыс тапсыру. Мұны «зорлық, қысым» дейді.

3. Жедел орындалуы мүмкін емес бұйрықтар шығарып, кейіннен мұның дереу орындалуын талап ету. Мұны «қатігездік, мейірімсіздік» дейді.

4. Жалпылама адамдарға бір іс тапсырғанда немесе оларға сыйлық тағайындағанда сараңдық таныту. Мұны «орынсыз әрекет» деп атайды.

9-тапсырма. Ойды толықтырыңыздар.

Тарих бетіне үңілсек, қазақ халқының қаншама көшбасшылары болған. Мені қызықтыратын, мен үлгі тұтатын лидер – ---------- . ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------. Оның халқы үшін еткен еңбегі ұшан -теңіз. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталады.

10-тапсырма. Алған ақпараттарыңыз бен меңгерген сөздеріңізді пайдаланып, «Нағыз көшбасшы қандай болу керек?» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

11-тапсырма. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, өз көзқарастарыңыз тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып әңгімелеңіздер.

VІІІ АПТА

БӨЖ тапсырмалары

1-тапсырма. «Ел үміті – қоғам қайраткері» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.

IX апта

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Қоғамның басты байлығы –дарынды жастар

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

1 - сабақ

Қарсылықты салалас – құрамындағы жай сөйлемдері бір – біріне қарама - қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас, біріншіден құрамындағы жай сөйлемдер бір – біріне қарама – қарсы айтылады, екіншіден, баяндауыштары қарсы мәндес сөздерден болып келеді. Мысалы: Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді.(Н.Ғабд.) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын

Жалғаулықты қарсылықты салалас: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.(М.Г)

1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Елбасы білімді жастарға арнаған бір сөзінде: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңіздің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін»,- деп еді.

2-тапсырма. Мәтінде айтылған ой төңірегінде пікірлесіңіздер.

• Дарындылық дегенді қалай түсінесіздер?

• «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған» дегенді қалай түсінесіздер?

• Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған қандай дарынды ұлдар мен талантты қыздарды білесіздер?

• «Білімді туған елдің кәдесіне жарату» дегенді қалай түсінесіздер?

• Қазақстанның болашағы жарқын болу үшін жастар қандай болу керек?

• Өз араларыңызда дарынды жастар бар ма?

Есте сақтаңыздар: өшпес із қалдырды – ұмытылмастай пайдалы іс жасады, үлгі – өнеге көрсетті, кенде болмаған- мұқтаж, зәру болмаған, кәдесіне жарату – бір пайдаға асу, қажетке жарау, үмітті ақтау – сенімнен шығу, тілекті орындау, аянбай еңбек ету – жанын салып, тартынбай еңбек ету.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің төменнен екінші сыңарын тауып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады,------. Жастардың терең білім алуына барлық жағдай жасалуда,-------. Көпшілік жастар өз қалаған мамандықтары бойынша еңбек етуде,-------. Оның басшылық қабілетіне күмән келтірген едік,- -------. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында,-------. Жастардың аяғынан тік тұруына қиындықтар мен кедергілердің бар екені рас,-------.

Екінші сыңары: алайда сол мүмкіндікті пайдалана алмай жүрген жастарымыз қаншама; ол біздің күмәнімізді сейілткендей болды; әйтсе де олардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр ма; сонда да мен жастарға сенемін; бірақ ол бізге оңай жолмен келген жоқ; дегенмен басқа салада еңбек етіп жүргендері де бар.

4-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай, құрмалас)

Жастар – өзінің ерекше әлеуметтік және психологиялық сипаты бар, қоғамның үлкен бір бөлігі. Жастар – өзіне ғана жататын сипаттары, өздерінің тәртібі, құндылығы бар әлеуметтік қоғамның негізгі бөлігі.Жастар қатарына 16-30 жас аралығындағы адамдарды қосады, бірақ бұл көрсеткіш әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, жас жұмысшының қоғамдық және профессионалдық қалыптасуы 25 жасында аяқталады, ал жас ғалым болып 35 жасында қалыптасады, яғни бұл жаста адам «жас» деп саналмайды. Жастар – қоғамның ең мобильді бөлігі. Ол әлеуметтік құрылымға өзінің белсенді әсерін тигізе алады.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап, қарсылықты салалас сөйлем жасаңыздар.

Көптеген жастарымыз болашақ мамандықтары бойынша білім алуда,----------- Енді біреулері қоғамның сан алуан саласында еңбек етуде, ----------------------- Еліміздің атынан халықаралық ғылыми сайыстарға қатысып жүргендері қаншама, ------------------------------------ . Өнерпаз жастар өз өнерін халыққа паш етуде, ---------------------------------- . Олимпиадаларда еліміздің көк байрағын желбіретіп жүргендер де аз емес, -------------------.. Ал енді біреулері қоғамдық – әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға, жастар саясатын дамытуға ат салысуда, ----------------------------- .

2-сабақ

6-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Үрдіс, көкейкесті, ержету, сіңіру, қол жеткізу, жас шыбық, ат салысу, тұғыр, табыну, кемелдену, қоғам құндылықтары, әлемдік қауымдастық, талаптарға сай келу, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті.

7-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Мысалы: Ол жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп ержетті, алайда айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмады

8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып

беремін. (Әл Фараби)

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады. Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.(интернеттен)

3- сабақ

9-тапсырма. Қоғамда өзіндік орны бар үлгілі жастар туралы әңгімелеңіз.

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыздар.

• Біздің елімізде жастарға жағдай жасалған ба?

• Спорт саласында жетістікке жеткен қандай жастарды білесіз?

• Өнерпаз жастардан кімдерді ерекше атар едіңіз?

• Білім, ғылым саласында елімізді шетелге танытып жүрген жастар бар ма?

11-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, осы мәселе төңірегінде пікірлесіңіздер.

Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені олар – елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істі мәреге жеткізетін де солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте қажет. Мұндай болу жастардың табиғатына да жарасады. «Егер біз лаулап жанбасақ!..» деген өлең жолдарының мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

12-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді, алған ақпараттарыңызды пайдаланып, «Жастар – қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар.

13-тапсырма. Негізгі мәтінді өз көзқарастарыңыз тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып әңгімелеңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]