- •I апта бөж тапсырмалары
- •II апта
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •Қалау рай
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •II апта
- •III апта
- •Ұлы жазушының шығармашылық өмірбаяны
- •Iiі апта бөж тапсырмалары о. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •IV апта
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстанның экологиясы. Табиғи қорықтары мен саябақтары
- •Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс
- •IV апта
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •V апта бөж тапсырмалары Қазақстанның тарихи орындары
- •VI апта
- •Менің мамандығым
- •Университет - білім ордасы
- •Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
- •VI апта
- •VII апта
- •Vіі апта бөж тапсырмалары
VI апта
БӨЖ тапсырмалары
1-тапсырма. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жайлы презентация дайындаңыздар.
VII апта
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ
Мамандық таңдау – маңызды іс
Себеп-салдар салалас сөйлем
Себеп-салдар салалас – құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі.
Жалғаулықсыз себеп – салдар салаласты құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым –қатынасына қарап айтуға болады. Мысалы: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қырдың суы секілді тез суалар.(Абай)
Жалғаулықты себеп – салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп – салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. (Х.Есенжанов)
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Мамандық дегеніміз – қоғамға қажетті адамның рухани және физикалық күшін пайдаланып, оның жұмсаған еңбегінің орнына өмір сүруі мен даму мүмкіндіктеріне керекті нәрсені алу. Кәсіп дегеніміз – арнайы мамандық дайындығы үрдісінде алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенімен қаруланған адамның еңбек қызметінің түрі. Кәсіп мамандықтарға бөлінеді. Қызмет – адамға жүктелген міндеттердің жиынтығы. (GalinchikKZ collegy.ucoz.ru)
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
• Адамның рухани және физикалық күшін пайдалану дегенді қалай түсінесіздер?
• Жұмсаған еңбегінің орнына өмір сүруі мен даму мүмкіндіктеріне керекті нәрсені алу дегенді қалай түсінеміз?
• Кәсіп дегеніміз не?
• Қызмет дегеніміз не?
3-тапсырма.
Мәтінді тыңдаймыз.
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б. Экономист мамандығы атқарушылық, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлеріне жатады.
(«Алуан-алуан кәсіп бар, Таңдай біл де талап қыл» Анықтама.)
4-тапсырма. Аталған мамандық иелері қандай істермен айналысатынын түсіндіріңіздер. Олардың ішінде сізге қай мамандық ұнайды?
Мысалы: Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста.
2-сабақ
5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Алуан - алуан кәсіп бар,
Таңдай біл де талап қыл.
Қандай да бір мамандықтың шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол жеке адамның мамандыққа деген әуестігін, жан-тәнімен сүйсінуін қажет етеді. Жас мамандар, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашуы қажет.
Жас маманның тиісті өзіне тән сыпайы мәдениетінсіз білікті маман болуы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жас маман алғашқы еңбек жолын бастағанда, әрине, қиындықтарға кездеседі. Сол қиындықтарға мойымай, еңбек жолында табыстарға жетуге тырысуы қажет. Жас маман білікті, білімді болуы үшін төмендегілерді ескеруі қажет. Білікті маман болу үшін ең алдымен адам білімді болу керек. «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей, сабырлық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан жақсы маман болу үшін білімді болу қажет.
Білікті маман болу үшін адам еңбекқор болу қажет. Тырмысып істеген еңбектің әрқашан жемісі мол болады.
Білікті маман үшін ғана емес, әрбір адам үшін әділетті болу ең басты міндет. «Тура биде, туған жоқ» демекші, әр уақытта әділеттіліктен таймау қажет. Білімді, еңбекқор, әділетті маман үшін тағы бір ескеретін жәйт: ұжыммен тіл табысушылық. Ұжым ішінде өзіңнің жақсы қабілеттеріңді көрсете отырып, барлығымен бірдей тіл табыса алуың қажет. Ұжымға алғашқы келгенде өз мамандығыңа сәйкес, өзіңнен, өз образыңды жаса. Өзіңнің белгілі бір маман қызметін атқарып отырғаныңды ескере отырып, әрқашан, әр істі жауапкершілікпен атқаруға тырысу қажет. Білмегеніңді сұрауға ешқашан ұялмау керек. Барлық жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, білікті де, білімді жауапкершілікті маман төмендегідей қабілеттерді де бойына сіңіруі қажет:
Академиялық қабілет – маманның қабілетінің өз мамандығына сәйкестігі. Сөйлеу қабілеті – тілдің көмегімен өз ойын нақты және түсінікті етіп жеткізу. Ұйымдастырушылық қабілет – өзіне берілген барлық тапсырмаларды орындауда ұйымдастырушылық қабілетін негізгі ықпал ететін құралға айналдыру. Қолданбалы қабілет – өз мамандығыңа тікелей қатысы жоқ түрлі шаралармен айналысу.
Жас мамандардың бойынан қуат пен күшті, өзіне сенімді, нені қажет ететінін дәл білетін, жаңадан қорықпайтын, әр сағаты есептеулі, жинақы, сабырлы, байыптылықты көргім келеді. Олар міндетті түрде көшбасшы болуға лайықты. (GalinchikKZ collegy.ucoz.ru)
СӨЗДІК:
кездейсоқ – случайный |
әуестік - увлечение |
сүйсіну - любоваться |
өтпелі - переходный |
білікті маман - знающий специалист |
байыпты-рассудительный, серьезный |
6-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікірлесіңіздер.
• Мамандықтың шебері болу нені қажет етеді?
• Жас мамандар неге кең жол ашуы керек?
• Білікті маман болу үшін қандай қасиеттер қажет?
• Білімді де білікті маман қандай қабілеттерді бойына сіңіру қажет?
7-тапсырма. Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата-анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.
3-сабақ
8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек. Сонымен қатар, мамандықты таңдау ережесі жайлы мағлұмат алу, таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтап алу да артықтық етпейді. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; мамандыққа бағыт – бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.
9–тапсырма. Жоғарыдағы мәтін мазмұны бойынша себеп салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
Жастар көбіне өздері қызықпайтын мамандықты таңдайды, себебі ---------- . Мамандық үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді, сондықтан ----------- . Мамандықты дұрыс таңдау үшін өзіңнің жеке қасиеттеріңді білу аз, сол себепті ----------- . Мен өз мамандығымда дұрыс таңдадым, себебі -----------. Сен мамандыққа бағыт – бағдар берушілерді көп тыңдадың, сондықтан ----------- . Ол өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін жақсы біледі, сондықтан ----------.
10-тапсырма. Меңгерген сөздеріңіз бен алған түсініктеріңіз бойынша «Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.
