- •I апта бөж тапсырмалары
- •II апта
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •Қалау рай
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •II апта
- •III апта
- •Ұлы жазушының шығармашылық өмірбаяны
- •Iiі апта бөж тапсырмалары о. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •IV апта
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстанның экологиясы. Табиғи қорықтары мен саябақтары
- •Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс
- •IV апта
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •V апта бөж тапсырмалары Қазақстанның тарихи орындары
- •VI апта
- •Менің мамандығым
- •Университет - білім ордасы
- •Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
- •VI апта
- •VII апта
- •Vіі апта бөж тапсырмалары
V апта бөж тапсырмалары Қазақстанның тарихи орындары
1-тапсырма. Төменде берілген тақырыптар бойынша реферат жазып келіңіз.
Қазақстанның тарихи қалалары.
Қазақстанның археологиялық мұралары.
Түркістандағы Ахмет Иассауи кесенесінің тарихи мәні.
Беғазы - Дандыбай мәдениеті.
Астана маңайындағы Бытығай қаласы.
Абат - Байтақ мәдениеті.
Ұлы Жібек жолы.
Астанадағы Қазақстан тарихы мемлекеттік мұражайы.
Алматыдағы Қазақстанның мемлекеттік мұражайы.
Семейдегі Абайдың тарихи- мемориалдық мұражай-қорығы.
Ұлытаудағы тарихи орындар.
Қазақстанның «Алтын адамдары» .
Қазақ хандығы құрылған Қозыбасы мекені.
Абылайханның Қызылжардағы үйі.
Сарайшық қаласының тарихи маңызы.
Көне Отырар қаласы.
VI апта
Менің мамандығым
Университет - білім ордасы
Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
1 - сабақ
Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем. Салалас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Мысалы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.(Л.Толстой) Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов (1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту (1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт-Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.) университеттері жатады. Орталық Азияда 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ (1934ж, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті (1972ж.) ашылды. (kk.wikipedia.org/wiki)
2-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікірлесіңіздер.
• Университет қандай жоғары оқу орны?
• Университетке тән ерекшелік не?
• Алғашқы университет қай елде пайда болды?
• Ресейдегі тұңғыш университет қай университет?
• Орталық Азиядағы тұңғыш университет қалай аталды?
• Қазақстандағы алғашқы университеттерді атаңдар.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ақпаратты есте сақтаңыздар.
Ұлттық, мемлекеттік – мұның бәрі оқу орындарының мәртебесі. Бұдан басқа халықаралық деген мәртебе бар. Ұлттық мәртебе бұл мемлекеттікке қарағанда жоғары. Мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде ұлттық университеттерге жеке байқау жүреді. Қазақстанда 9 ұлттық университет бар. Олардың екеуі Астана қаласында орналасқан. Олар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті. Ал қалғандары Алматы қаласында орналасқан. Олар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті.
4-тапсырма. Мәтіннен алған ақпараттарыңыз бойынша сұхбаттасыңыздар.
5-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Ерекше оқу орны, бастамасымен құрылған, білім беру орталығы, дәріс беру, экологиялық таза бөлік, университеттің сәулеті, қажетті жағдай жасау, халықаралық деңгейге шығу, қамтамасыз ету.
2 - сабақ
6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Әрбір жоғары оқу орны – ұлттық
кадрлар даярлайтын ұстахана.
(А. Айталы)
Еліміздің ең ерекше оқу орны – Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет.
Университет миссиясы – Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру. Еуразияның ғылым, білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету.
Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді.
Жаңа университет Астананың сол жағалауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан. Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір - бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланыстырылған. Бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді.
Университет жатақханасында студенттер үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет).
Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттар:
ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру;
білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оның жан - жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру;
оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас арқылы әлемдік білім негізін қалыптастыру;
білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымдар құру;
әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу;
әлеуметтік профессорлық - оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру;
университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру. (kk.wikipedia.org/wiki)
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
• Назарбаев университеті кімнің бастамасымен құрылды?
• Университеттің миссиясы қандай?
• Университеттің сәулеті туралы не айтуға болады?
• Студенттерге қандай жағдай жасалған?
• Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттары қандай?
8-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемнің екінші сыңарын тауып, құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
Назарбаев университеті еліміздегі ерекше оқу орны, себебі ---------------------. Университет миссиясы Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік бере отырып, ---------------------------- . Жаңа университет Астананың сол жағалауында орналасқан, бұл -------------------------------------- . Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқиды, сондықтан ------------------------------- .
3-сабақ
9-тапсырма. Ұлы ойшылдардың қанатты сөздері бойынша пікірлесіңіздер.
ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі
(Н.Ә.Назарбаев).
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
(М.Әуезов).
Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым (Әл-Фараби).
Білім мен даналық – адам көркі. (Ә.Науай)
Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам. Оның бойында екі кесел бірдей ұялаған. (Платон)
Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. (Шоқан Уәлиханов)
10-тапсырма. Мәтінді оқып, Қазақстандағы халықаралық университеттермен танысыңыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.
Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылып, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (түрікше: Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi) 1991 жылы 6 маусымда Президент Жарлығымен құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Алғашында Йасауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті болып аталған бұл оқу орны 1992 жылы 31қазанда Қазақстан мен Түркия
Республикаларының арасындағы келісім негізінде Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды.
Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті- Абылай хан атындағы – жоғары оқу орны. 1940 жылы құрылған Алматы шет тілдері институты 1993жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып өзгерді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады. Университет жоғары оқу орындары мен мектептер үшін шет тілдер оқытушылары мен мұғалімдерін және халықараралық қатынастар саласының мамандарын даярлайды. Дүние жүзінің 17 тілінде дәріс жүргізіледі. Құрамында (күндізгі және сырттай, кешкі, қашықтан оқыту бөлімдерінде) 23 түрлі мамандық иесін даярлайтын 6 факультет бар.
11-тапсырма. 2-сабақтағы негізгі мәтіннің мазмұнын өз көзқарастарыңыз тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып әңгімелеңіздер.
12-тапсырма. Алған мәліметтеріңізді пайдаланып, «Біздің университет» деген тақырыпта шағын эссе жазыңдар.
