Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-7 апта сабатар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Iiі апта бөж тапсырмалары о. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы

1-тапсырма. Оралхан Бөкейдің төменде берілген пікірімен танысып, жазушының негізге алып, «Қар қызы»,«Біздің жақта қыс ұзақ» шығармалары бойынша, «Алтай суреткері» атты эссе дайындаңыздар.

Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан кем емес. Бірақ оны жырға қосатын, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Мен мақсатыма жетемін деп сенемін. (О.Бөкей)

IV апта

Адам және табиғат егіз

Қазақстанның экологиясы. Табиғи қорықтары мен саябақтары

Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс

Өзгелік етіс – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, мына жұрнақтар арқылы жасалады:

-қыз,-кіз, - ғыз,-гіз: отыр+ғыз, айт+қыз т.б.

-дыр,-дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: сал+ды, сен+дір, тік+тір т.б.

-т: жаса, сөйлет. б.

Іс-әрекетті біреу арқылы істеп отыр.

Ырықсыз етіс – іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрінеді. Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл, -іл, –л, -ын, - ін, -н: айт+ыл+ды, уәде бер+іл+ді, шарт жаса+л+ды, үй тазала+н+ды.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, адам және экология тақырыбында ой қорытыңыз.

Адам мен табиғаттың тығыз қатынасы адамзат пайда болғалы жалғасып келеді. Адам үшін табиғат ең алдымен оның өмір сүру ортасы. Екіншіден, табиғи байлықтар адамды асыраушы. Үшіншіден, табиғат адамзаттың мәдениеті мен өркениетінің ең басты үлгісі. Тайпалық қоғамнан индустриялық кезеңге дейін адамзат табиғатпен үйлесімді тіршілік етті. Индустриялық қоғамда өндірістің дамуы табиғатты қорғау мен сақтау мәселесін қойды. Сөйтіп, әлемде экологиялық шаралар қолға алына бастады. Ірі қалалардың салынуы, олардың маңындағы агломерация ауаның ластануына, флора мен фаунаның өзгеруіне әкелді. Бұл табиғатты ғана емес, адам денсаулығына да әсер ете бастады. Сондықтан, әсіресе, жиырмасыншы ғасырда БҰҰ деңгейінде және қоғамдық ұйымдар тарапынан экологиялық дабыл қағылды.

Қазақстанда да экологиялық проблемалар жеткілікті. Арал мен Балқаш көлдеріндегі судың азаюы, Семей ядролық полигонының әсері, Өскемен, Теміртау, Риддер сияқты қалаларындағы атмосфераның былғануы бүгінгі экологияның көкейкесті мәселелері. Эколог ғалымдар Байқоңыр космодромының Қызылорда облысына оған көршілес аймақтарға әсерін жиі көтереді. Біздің елімізде де мемлекеттік бағдарламамен бірге, табиғатты үлес қосуда.

2- тапсырма. Мәтінде көрсетілген Қазақстанның экологиялық аймақтары жөнінде тақырыптық жүйеде өзара топтасып проблемалық пікірталас жүргізіңіз.

3- тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, оларға өзгелік, ырықсыз етістердің формаларын жалғап сөйлем құрастырыңыз.

4-тапсырма. «Қазақстанда орман алқаптарын көбейту бағдарламасы» тақырыбы бойынша өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды жазыңыздар.

  1. --------------------------------.

  2. -------------------------------

  3. -------------------------------

  4. ----------------------------------

  5. -----------------------------------

2-сабақ

5-тапсырма. Мәтінді оқып, аталған қорықтар мен саябақтар туралы толымды ақпараттар дайындаңыз.

Табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар

Қазақстан территориясының әртүрлі географиялық ендіктерде болуы - оның табиғи аймақтарының да алуандығын қалыптастырады. Соған орай, елімізде әр өңірдің климаттық және географиялық ерекшелігі ескерілген. Оны экономикалық басымдықтармен бірге экологиялық мақсаттардан да аңғарамыз. Яғни, біздің елімізде табиғатты қорғаудағы бағыттардың бірі - табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар ұйымдастырумен байланысты. Табиғи қорықтар - бұл белгілі бір географиялық үлкен аймақты қамтитын территория болса, ал ұлттық саябақтар ұйымдастыруда оның географиялық ерекшеліктерімен бірге тарихи маңызы, мемлекет үшін ерекше рөлі ескеріледі.

Еліміздегі табиғи қорықтардың негізгілері ретінде Ақсу - Жабағылы, Наурызым, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай сияқты ірілерін атауға болады. Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде,Арқада, Маңғыстауда, Алтайда орналасқан бұл қорықтар жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесі жағынан ерекшеленеді. Айталық, бүкіл Еуразия құрлығында қызыл қоқиқаз Қорғалжындағы, үстірт арқары Маңғыстаудағы, бұғының ерекше түрі Алтайдағы қорықтарда ғана кездеседі екен. Жалпы, бұл қорықтарды мекендейтін және қамқорлыққа алынған жануарлардың көбі халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Ұлытау, Бурабай, Медеу, Қарқаралы сияқты ұлттық саябақтар өзіндік флора мен фаунасы жағынан ерекшеленуімен бірге қазақстандықтардың және шетелдіктердің демалыс орындары ретінде бағаланады. Ұлттық саябақтар, әдетте, табиғаты әсем, туристер үшін тартымды аймақтарда ұйымдастырылып, еліміздің табиғаты мен мәдениетін көрсетуге мүмкіндік туғызаы.

Сөздік

Алуандығын қалыптастырады - создает разнообразие

басымдықтар - приоритеты

қызыл қоқиқаз - фламинго

6-тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Қорықтың атауы

Флорасы

Фаунасы

Қорғалжын

Тобылғы

Қоқиқаз

7-тапсырма. Төменде берілген сөздерді етістің ырықсыз және өзгелік формасына айналдырып, сөйлем құрыңыз.

Бару, қорғау, тамашалау , таңқалу, қызығу, сүйсіну, сақтау.

8-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық.1958 жылы ұйымдастырылған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді.

Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді.

Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45- 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10- 15 мыңдай ғана қалды.

2012 жылы 11 шілде күні ЮНЕСКО-ның Париж қаласында өткен «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің ұйғарымы бойынша, дүние жүзінің отыздан астам мемлекетінен келіп түскен өтініштерді сараптай келе, әлемдегі 15 табиғи қорыққа биосфералық табиғи қорық мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Осы мәртебеге Қорғалжын қорығы да ие болды.

9-тапсырма. Төменде берілген тақырыптар бойынша жұптасып, сұхбат құрыңыз.

  • Әлемдік қауымдастық экономикалық мүдделіліктен бұрын экологиялық проблемалар жөнінде ұйымдасуы тиіс.

  • Сирек кездесетін жануарларды сақтауға арналған халықаралық қор қажет.

  • Қазақстанда экологиялық шаралар баяу жүргізіледі.

  • Эколог мамандығы аса танымал емес.

  • Ұлттық саябақтарды жетілдіру қажет.

3-сабақ

10- тапсырма. Төмендегі аңыздың идеясын топ болып талқылаңыз.

Гүл сағынышы

Ертеде биік таудың етегінде алуан түсті гүлдер өмір сүріпті. Олар бір-бірімен тату екен. Құлпырған гүлдер кең даланы жұпар иіске бөлепті. Сол гүлдердің ішінде бір сары түсті гүл өте қызғаншақ болыпты.Оның қызғаншақтығы сондай - өзінің жанындағы гүлдердің суын жалғыз өзі ішіп, шөлін қандырады екен. Сөйтіп, өзімшіл гүл күннен-күнге құлпырып, биіктеп өсе бастайды.

Сары гүлдің бұл қиянатына төзе алмаған бір түнде басқа жаққа көшіп кетіпті. Сары гүл жалғыз қалды. Бірнеше күн өткен соң достарын сағынады. Оларға жасаған қияанатын түсінеді. Уақытында оларды тындамағаны үшін өкінеді. Мұны байқаған Күн-ана оны жанына алады. Сары гүл сонда да өскен жерін, достарын ұмыта алмайды. Сонда Күн-ана оны кемпірқосаққа айналдырып жібереді. (Қ. Ибрагимов. Қазақ тілі. KATEV, 2004,88 б.)

11-тапсырма. Төмендегі өсімдіктер атауларын жазбаша аударыңыз.

Үйеңкі, емен, жусан, қалампыр, ермен, бидайық, селеу, бәйшешек, жұпаргүл, нәркес,түймедақ, лалагүл.

12-тапсырма. Төменде берілген табиғат атауларымен байланысты мемлекет атауларын есте сақтап, аң, өсімдік атауларына қойылған қалаларды жазып келіңіз.

Бразилия - ағаш.

Гватемала - орманды жер

Испания - қояндар жағалауы

Камерун- шаяндар мекені

Литва - жаңбыр

Сингапур - арыстандар қаласы

Швейцария - батпақ

13-тапсырма. Төменде берілген өлеңді жаттап алыңыз.

Суретің қандай, сүтті іңір,

Балтырлы қайың жұп-жұмыр.

Қасқайған қарағайлардың

Сырғауыл бойы сыптығыр.

Атқандай мүлде жұмбақ таң,

Бақыттың қолын бұлғатқан.

Тағдырдың ғажап тартуы-ай,

Табиғат даусын тыңдатқан.

Айдынғы құлап алып қыр,

Өзегін жусан жарып тұр.

Тамырсыз тастың бетінде

Қып-қызыл қына жанып тұр.

Қиялым қыран құсқа ерсе,

Сағыныш одан да үстелсе.

Үлгерер ме едім жыз жазып

Бүлдірген ағып түскенше?

Табиғат, өзің табындыр,

Арнадым саған лағыл-жыр.

Таңқурай тастап таңдайға,

Тамсанып тұрған шағым бұл!

(Д.Кәпұлы. Бүлдірген ағып түскенше. Астана,2011)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]