- •I апта бөж тапсырмалары
- •II апта
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •Қалау рай
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •II апта
- •III апта
- •Ұлы жазушының шығармашылық өмірбаяны
- •Iiі апта бөж тапсырмалары о. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •IV апта
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстанның экологиясы. Табиғи қорықтары мен саябақтары
- •Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс
- •IV апта
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •V апта бөж тапсырмалары Қазақстанның тарихи орындары
- •VI апта
- •Менің мамандығым
- •Университет - білім ордасы
- •Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
- •VI апта
- •VII апта
- •Vіі апта бөж тапсырмалары
Ұлы жазушының шығармашылық өмірбаяны
М
ұхтар
Омарханұлы Әуезов 1897 жылы қазіргі Шығыс
Қазақстан облысының Абай
ауданында, яғни ұлы ақынның елінде
туған. Болашақ ұлы жазушы алдымен
медреседе, содан кейін қазақ-орыс
училищесінде оқиды. Училищені 1915 жылы
аяқтап, Семей қалалық
мұғалімдер семинариясына түседі.
Семинарияда оқып
жүріп Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Жолсыз
жаза» дастанының негізінде
«Еңлік-Кебек» пьесасын
жазып, оны 1917 жылы
маусым айында Ойқұдық деген жерде
сахнаға шығарады. Осы кезде оның азаматтық
және суреткерлік көзқарасы қалыптаса
бастайды. Ол алдымен Жүсіпбек
Аймауытовпен бірге
Абай шығармашылығы тақырыбында мақалалар
жазады. Бұл еңбектер екі жазушы бірігіп
Семейде шығарып тұрған «Абай» журналында
жарияланады.
Қаламгер ретінде жазушының ең тұңғыш жазған шығармасы – «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Бұдан соң осы 1920 жылдары көптеген әңгімелерімен бірге «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» повестері жазылды. Ол бұл повестерінде қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырын суреткерлікпен шебер бейнелеп, бұл шығармалар қазақ әдебиетінің классикалық туындыларына айналды. «Қараш-Қараш оқиғасы» негізінде кинофильм түсірілді.
М. Әуезовті ірі суреткер ретінде танытқан туынды, әрине, «Абай жолы» роман-эпопеясы. Данышпан ақын Абайдың, оның әлеуметтік, қоғамдық ортасы арқылы барша қазақтың сол кездегі тұрмысын бейнелеген бұл эпопея қазақ әдебиетінің ірі туындысы. Романға халықаралық деңгейде өте жоғары баға берілді, көптеген тілдерге аударылды.
Суреткер ретінде М. Әуезовтің ерекшелігі – өзі таңдаған құбылысты, оқиғаны жан-жақты әрі терең бейнелеу, кейіпкерлер образын толымды көрсету. Оның суреткерлік шеберлігі - қазақ тілінің аса бай ресурстарын жарқырата көрсетуінде. Суреткер Әуезов арқылы әлем қазақ даласының өмірін таныды.
Сөздік
Дастанының негізінде - на основе дастана
суреткерлік көзқарасы - художественный взгляд
бірігіп - совместно
қаламгер ретінде - как писатель
ортасы арқылы - через среду
жарқырата көрсетуінде - в ярком показе
6-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын ашыңыз.
Дастан жанры
Суреткерлік көзқарас
Тарихи таным
Бірегей туынды
Классикалық шеберлік
Көркем образдылық
7-тапсырма. Сөйлемдерді толықтыңыз.
Суреткер ретінде М. Әуезовтің ерекшелігі – өзі таңдаған құбылысты, оқиғаны ...................... әрі терең бейнелеу, кейіпкерлер образын ................... көрсету. Оның ..................... шеберлігі қазақ тілінің аса бай ресурстарын жарқырата көрсетті. Суреткер Әуезов арқылы ...................... даласының өмірін танып, үлкен қаламгер ретінде .................. өзін де баршаға мойындатты.
8- тапсырма. М. Әуезов туралы пікірлерді есте сақтаңыздар.
Мұхтар Әуезов қазақтың халық драмасын дамытуға бәрінен көп үлес қосқан және ең көрнекті қазақ драматургы. (Томас Виннер)
Өткен күндердің ащы да сиқырлы жұпарына толы Мұхтар Әуезовтің тарихи романы біржола болашаққа ұмтылады. (Жан Спангаро)
Мұхтар Әуезов - түркі тілді мәдениеттің жарқын жұлдыздарының бірі
( Лазиз Каюмов)
3- сабақ
9-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.
М. Әуезов есімі көбінесе «тұңғыш» деген анықтауышпен сипатталады екен. Ол қазақ даласында тұңғыш драманы сахналаған қаламгер. Әдебиет тарихы туралы зерттеу кітап жазған да М. Әуезов. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысы туралы көлемді прозалық тұңғыш туындының да авторы осы тұлға.Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық қозғалысының тарихын драмалық туындыға айналдырған драматург те Мұхтар Омарханұлы. Әлбетте, тұңғыш эпопеямыздың авторы да осы суреткер. Бір қызығы - Қазақстандағы тұңғыш футбол командасының да ойыншысы болған Мұхтар Әуезов екен.
10-тапсырма. «Абай жолы» романынан келтірілген төмендегі кейіпкерлердің Абайға қатысын көрсетіп жазыңыздар.
Зере, Тәкежан, Алшынбай, Ділдә, Тоғжан, Ысқақ, Кәкітай.
11-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын толықтырыңыз.
Суреткер
тұңғыш
туынды
көркем
кейіпкер
көркемдік тәсіл
толық
бейнелеген
шындық
12- тапсырма. М. Әуезовтің берілген нақыл сөздерін жаттап алыңыз.
