Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-7 апта сабатар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

II апта

БӨЖ тапсырмалары

1-тапсырма. «Ж.Аймауытов шығармашылығы» тақырыбына презентация дайындаңыздар.

III апта

КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР

М. Әуезов - суреткер

Етістер. Өздік етіс.

Етіс – қимылдың, іс әрекеттің орындаушыға, қимыл иесі мен тура істелетін іске қатысын білдіру үшін етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі. Мысалы: Ол жуында. Ол баласына кітап

оқытты. Олар бі –бірімен хат жазысты.

Өздік етіс – қимылдың, іс – әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктермен –ын, -ін, -н жұрнағы жалғануы арқылы жасалынатын етістік түрі. Мысалы: Таң атқанша тарандық. (Махамбет) Қимыл сол іс иесіне (біз) бағытталғанын білдіріп тұр.

1- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыз.

М. Әуезовтің ең басты шығармасы «Абай жолы» екендігі бәрімізге белгілі. Бұл тұңғыш роман-эпопея қазақ халқының тұрмысын, дәстүрін, дүниетанымын өз елімізге де, шетелдерге де танытқан туынды. Бас кейіпкер Абай және оның отбасылық, әулеттік, ақындық айналасы арқылы М. Әуезов суреткер ретінде тарихи ортаны көркем бейнеледі. Романның әдеби құндылығы, тарихи маңызымен бірге оның тағы үлкен ерекшелігі бар. Ол роман тілінің байлығы мен бейнелілігі. Мәселен, осы романында автор он алты мың сөз қолданыпты. Осыншама мол сөздік қорды пайдаланған шығарма әлем әдебиетінің өзінде аса көп емес. Роман - эпопеяны оқу арқылы сөздік қорымызды көбейтуге болады. Бұған қоса осы төрт томдық ғажайып туындыда ұлттық салт-дәстүрлер суреткерлік шеберлікпен бейнеленген. Романның осындай ерекшеліктерінен М. Әуезовтің суреткерлік жоғары деңгейін аңғарамыз.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, мәтінді толықтырыңыз.

М. Әуезовті ірі ... ретінде танытқан ... , әрине, «Абай жолы» роман-эпопеясы. ... ақын Абайдың, оның ... , қоғамдық ортасы арқылы барша қазақтың сол кездегі ... бейнелеген бұл ... қазақ әдебиетінің ірі туындысы болуымен бірге, оған халықаралық деңгейде өте ... баға берілді, көптеген тілдерге ... .

Керекті сөздер: аударылды, жоғары, тұрмысын, әлеуметтік , туынды, суреткер, данышпан, эпопея.

3-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін мағыналас сөздермен орнын ауыстырыңыз.

Осы кезде оның азаматтық және суреткерлік көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл еңбектер екі жазушы бірігіп Семейде шығарып тұрған «Абай» журналында жарияланады.

Қаламгер ретінде жазушының ең тұңғыш жазған шығармасы – «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Ол бұл повестерінде қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырын суреткерлікпен шебер бейнеледі.

М. Әуезовті ірі суреткер ретінде танытқан туынды, әрине, «Абай жолы» роман-эпопеясы. Данышпан ақын Абайдың, оның әлеуметтік, қоғамдық ортасы арқылы барша қазақтың сол кездегі тұрмысын бейнелеген бұл эпопея қазақ әдебиетінің ірі туындысы болуымен бірге, оған халықаралық деңгейде өте жоғары баға берілді, көптеген тілдерге аударылды.

4- тапсырма. М. Әуезовтің төменде берілген көркем шығармаларын есте сақтаңыздар.

  1. Әңгімелері: «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен»,«Оқыған азамат», «Қыр суреттері»,«Бүркітші».

  2. Повестері: «Қараш - қараш оқиғасы»,«Қилы заман».

  3. Романдары: «Абай жолы»,«Өскен өркен».

  4. Драмалары: «Еңлік - Кебек»,«Хан Кене», «Айман - Шолпан».

2- сабақ

5-тапсырма. Мәтінмен танысып, жазушының өмір кезеңдері мен шығармашылығы туралы мазмұндап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]