Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-7 апта сабатар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

I АПТА

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

Жамбыл жырларындағы батырлық концепция

Етістіктің райлары. Шартты рай.

Шартты рай – қимылдың, іс – әрекеттің болу-болмау, іске асу – аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Етістіктің жалаң (түбір, туынды) , күрделі негіздеріне –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу – істелмеу шартын көрсетеді. Мысалы: Олар келсе, бәріміз киноға барамыз. Мен келсем, сен кетіп қалыпсың. Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады.

Шартты райлы етістік I, II жақ жіктік жалғауында тұрып, оған –шы,-ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Оның осында келетінін білсемші.

Үлгі кесте

Шартты райдың болымды формасы

 

Мен  Біз  Сен  Сендер  Сіз  Сіздер  Ол, Олар 

жазу  жазсам  жазсақ  жазсаң  жазсаңдар  жазсаңыз  жазсаңыздар 

жазса

 айту  айтсам  айтсақ  айтсаң  айтсаңдар  айтсаңыз  айтсаңыздар айтса

 көру  көрсем  көрсек  көрсең  көрсеңдер  көрсеңiз  көрсеңiздер   көрсе

 оқу  оқысам  оқысақ  оқысаң  оқысаңдар  оқысаңыз  оқысаңыздар   оқыса

 есту  естiсем  естiсек  естiсең  естiсеңдер  естiсеңiз  естiсеңiздер   естiсе

Шартты райдың болымсыз формасы

   Мен  Біз  Сен  Сендер  Сіз  Сіздер  Ол, Олар 

 жазу  жазбасам  жазбасақ  жазбасаң  жазбасаңдар  жазбасаңыз  жазбасаңыздар  жазбаса

 айту  айтпасам  айтпасақ  айтпасаң  айтпасаңдар  айтпасаңыз  айтпасаңыздар  айтпаса

 көру  көрмесем  көрмесек  көрмесең  көрмесеңдер  көрмесеңiз  көрмесеңiздер  көрмесе

 оқу  оқымасам  оқымасақ  оқымасаң  оқымасаңдар  оқымасаңыз  оқымасаңыздар  оқымаса

 есту  естiмесем  естiмесек  естiмесең  естiмесеңдер  естiмесеңiз  естiмесеңiздер  естiмесе

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, соның негізінде сұхбат құруға, әңгімелеп беруге дайын болыңыз.

Ж абаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің шебері, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Жамбылдың туған жерінде ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтің «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Оның Құлмамбетпен, Айкүміспен, Түбекпен айтыстары осы жанрдың аса көркем туындылары қатарында. Жамбыл ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныла бастайды. Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шабытпен бейнелейді. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында суреттелген.

2-тапсырма. Мәтіннен өздеріңізге мағынасы таныс емес сөздерді тауып, сөздік жасаңыз.

3-тапсырма. Етістіктерді шартты райға айналдырыңыз.

куәсі болған

көп білетін

аңғарту

қаһармандықты жырлады

жаулардан қорғау

көріну

мақтан етіледі.

үлгі болады

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріп жазып, мақалдарды жаттап алыңыз.

  • Алтау ала ... ауыздағы кетеді, Төртеу түгел ... төбедегі келеді.

  • Ел болам ... бесігіңді түзе.

  • Қазаншының еркі бар қайдан құлақ ... .

  • Еңбек ... ерінбей, Тояды қарның тіленбей.

  • Ойнап ... де, ойлап сөйле

  • Әзіл ... әділ айт.

  • Ұлық ... кішік бол.

2-сабақ

5- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз.

Жамбыл поэзиясындағы қаһармандық мазмұн

Екі ғасырдың куәсі болған, әрі Абайдың, әрі Мұхтар Әуезовтің замандасы Жамбыл дастандарындағы батырлық тақырыбы автордың тарихты көп білетінін, оған өз тұжырымдамасы, яғни, концепциясы бар екендігін аңғартады. Әрі ақын, әрі жырау Жамбыл өзінің «Сұраншы батыр», «Саурық батыр» дастандарында және толғаулары мен айтыстарында қаһармандықты жырлады. Оның Сұраншы және Саурық батырларға арналған көлемді дастандарындағы концептуальды тақырып – ерлік тақырыбы. Елді, туған жерін сыртқы жаулардан қорғау, сөйтіп халық намысын сақтап қалу – Жамбыл жырларының негізгі идеясы мен мазмұны. Ел қорғаған сол батырлардың ерлігі, тапқырлығы, патриоттығы қашанда көпшілікке үлгі.

Жамбыл шығармашылығындағы осы негізгі қаһармандық тақырып оның айтыстарынан да, өлеңдерінен де көрінеді. Мысалы, оның қырғыз ақындарымен айтысында қазақ халқының ерекше батырлық мінезі мақтан етіледі.

Жалпы әдеби шығармалардағы батырлық концепция – ол автордың тарихи танымы мен көркемдік бейнелеуінің тұтастығынан өрістейді. Мұндай шығармалар патриоттық жағынан жастарға үлгі болады.

Сөздік

Екі ғасырдың куәсі - свидетель двух веков

қаһармандықты жырлады - воспел героизм

намысын сақтап қалу - отстаивал честь

тарихи танымы - историческое познание

көркемдік бейнелеуінің - в художественном изображении

6-тапсырма. Мәтінді қайта оқып шығып, шартты райдың жұрнағымен сөйлемдер құрастырыңыз.

Үлгі: Жамбыл шығармашылығының негізі қаһармандық тақырып болса, онда оның айтыстарынан да, өлеңдерінен де көрінеді.

7-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын ашыңыз.

Концепция

тарихи таным

көркемдік бейнелеуі

батырлық мінезі

дастан

замандас

куәсі бол

8-тапсырма. Жамбыл жырларындағы батырлық концепцияны бейнелеген шумақтармен танысып, жаттап алыңыз.

Сұраншыдай батырдың Жан жүрмеген шенінен. Алмастан соққан ақ қылыш Еш кетпеген белінен. Ашуланған кісіге Қабағы жаман түксиген. Досы қатты сүйсінген. Дұшпаны жаман күйінген. Сұраншыны көргенде Аузын ешкім ашпаған, Аяғын қадам баспаған.

Мейірімді туған Сұраншы Елін сүйген жасынан, Жетім менен жесірді Атына артып көшірген, Ерегіскен жауларын Су құйғандай өшірген.

9-тапсырма. Ақын шығармаларындағы батырлық идеяның басты түрлерін еске сақтаңыз. 

Жамбыл жырларындағы батырлық концепцияның үш негізі бар. Біріншісі - автордың отаншыл суреткерлік кредосымен байланысты. Екіншіден, Жамбыл жырлаған эпикалық туындылардың тақырыбы және идеясымен байланысты. Үшіншіден, батырлықты жырлаудағы автордың сөз қолданысымен, ерлікті бейнелеудегі көркемдік тәсілдерімен байланысты. Жамбылдың батырлық концепциясы бізге тарихты танытумен бірге, отанды сүю мен қорғаудың бағалылығын танытады.

10-тапсырма. Ми шабуылы.

Жамбыл

3- сабақ

11- тапсырма. Алдыңғы сабақтарда берілген мәтіндерді еске түсіріп, Жамбылдың еңбектері қандай тақырыптарға арналғанын айтыңыз.

12-тапсырма. Проблемалық жағдаят. Мағынаны тану. Жанар бүгін емтиханға дайындалса, ертең кеңес алуға барады. Әділ билет алуға барса, касса әлі ашылмапты. Кеше келіссемші, бүгін әуреленбес едім. Алдымен сабағыңды оқысаңшы, сосын үйірмеге барарсың.

Топтық жұмыс. 1 - топқа тапсырма. Берілген сөйлемдерде іс - әрекеттің несі баяндалады?

Үлгі: Бірінші сөйлемде іс - әрекеттің орындалуының шарты; • Екінші ..... • Үшінші ....... • Төртінші ........ 2 - топқа тапсырма. Осы сөйлемдердегі ортақ белгілерді табыңыз. 13-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін мағыналас сөздермен орнын ауыстырыңыз.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Осы Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

14-тапсырма. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін жаттаңыз.

I апта бөж тапсырмалары

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

1-тапсырма. Берілген өлең мәтінінен Шәкәрімнің имандылық, адамгершілік ойларымен танысып, мазмұндама дайындаңыз.

Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?

Көз жұмып,»көппен көрген ұлы той» деп,

Береді бұл надандық кімге пайда?

Ақылды сол – нысап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

2-тапсырма. Ақынның адамгершілік концепциясындағы мінез қайшылықтарының байланысын ұғынып, үзіндіні жаттап алыңыз.

Еріншектен салақтық,

Салақтықтан надандық,

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адам.

II апта

Көркем сөз – көркем өнер

Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы

Қалау рай

Қалау рай – іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың.

Қалай райдың жасалу жолдары: а) -ғы, -гі, -қы, -кі + кел: барғысы келеді; ә) –са, -се +игі еді: барсам игі еді; б) –ғай, -гей, -қай, -кей: барғайсыз.

Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа (II, III) субьектінің белгілі бір амалды орындағанын қалайды, бірақ одан амал – әрекеттің қалай тынғаны көрінбейді, мысалы : сен барғай едің; ол барғай еді т.б.

Күрделі са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, IIIжақ) субьектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Мысалы: сендер барсаңдар игі еді, олар барса игі еді және т.б.

Күрделі са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде мәлімет білдірмейді.Мысалы: ол келсе еді, сіз барсаңыз еді және т. б.

Күрделі са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді. Мысалы: сен ертең жүрсең екен, ол пікірін айтса екен және т. б.

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұндап беріңіз.

Жусупбек Аймауытов выступал как поэт и драматург, но наибольший вклад он внес в развитие прозы . Суждения, высказанные им по проблемам педагогики, психологии и методики, не потеряли своего значения и по сей день. Он с увлечением переводил А.Пушкина, Н.Гоголя, Л.Толстого. Жусупбек Аймауытов родился в Кызылтау Баянаульского района Павлодарской области в бедной семье. Обучаясь в родном ауле арабской грамоте, мальчик одновременно овладевает столярным и кузнечным делом. Когда Жусупбеку исполнилось пятнадцать лет уезжает в Павлодар, где поступает в двухгодичную русско-казахскую школу. Подростку пришлось испытать немало лишений, ему приходится подрабатывать на жизнь, обучая детей. После окончания школы в 1914 году Аймауытов едет в Семипалатинск и поступает в учительскую семинарию, которую заканчивает в 1918 году. С этого момента начинается активная творческая и общественная деятельность. Он редактирует газеты «Қазақ тілі» и журнала «Абай». Литературно-художественное наследие Жусупбека Аймауытова разнообразно. Признание получили его романы и драмы. Он был знатоком народной жизни, его реалистическая проза положила начало целому направлению в родной литературе.

2-тапсырма. Ж. Аймауытов шығармашылығы туралы айтылған пікірлерді ұғынып, есте сақтаңыздар.

Біздің түсінігімізде ұлы сөз зергерінің тағы бір талант қыры еріксіз өзіне тарта береді. Ол Жүсекеңнің шешендік өнері. (М.С. Серғалиев)

Аймауытов туындылары халықаралық кітап жәрмеңкесіне қоюға да әбден лайықты, олар халқымыздың рухани өмірінің қандай биікте тұрғандығының жақсы айғағы. (Қ. Жарықбаев)

Ж.Аймауытовтың театр, драматургия, режиссурамен актерлық өнер жайындағы жазып қалдырған мұрасы - кәсіби қайраткердің шынайы толғаныстары. (Б. Құндақбайұлы)

3-тапсырма. Етістіктерді қалау райына айналдырыңыз.

Оқу, үйрену, жұмыс істеу, қабылдану, қалыптастыру, қарау, қатысу, жазу, тексеру, жолдау. тапсыру

2- сабақ

4 -тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған деректердің есте сақтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]