- •1.2 .Қар көшкінінің, селдің туындау себептері, олардан қорғану тәсілі
- •2.3. Биологиялық қауіп:Түсінігі, классификациясы, қауіптілік дәрежесі
- •3. 3. Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдығы және әсер етуші факторлар.
- •4.2. Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері.
- •4.3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек.
- •5.2. Химиялық қауіпті аймақта,ы апаттар
- •5.3. Инфекциялық аурулардың түрлері олардың шығу себептері және таралу белгілері
- •6.2 Аумақтың зақымдану себептері және қатты әсер ететін улы заттардың құрамы
- •6.3. Радиация : Түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері
- •7.2 Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •8.2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •8.3. Ақ(го) жинақталуының ұйымдастыру принциптері.
- •10. 2 Уландырғыш заттар, белгілері, классификациясы және қорғану шаралары
- •10.3. Қорғану құрылғыларының түрлері және зақымдаушы фактілерден қорғану эффектілігі
- •11.2 Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдану факторлары
- •11.3 Зақымдайтын факторлардан халықты және шаруашылық объектілерді қорғаудың тәртібі.
- •13.2 Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •13.3 Дем алу мүшелерін қорғау құралдары.
- •14.2 Радиацилар: түсінігі және радиоактивті сәулеленү түрлері.
- •14.3 Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •15.2 Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •15.3 Тж (чс) кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
- •16.2 Хка химиялық қауіпті аймақтағы негізгі қауіптер
- •16.3 Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •17.2 Йонданған сәулелерден қорғану: негізгі сипаттамалары, әсері
- •17.3Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысынының тұрақтылық ұйымдастыру әдістері
- •18.2 Сәулеленудін бір бөлігінің қуаты және алынған қуат
- •18.3 Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері.
- •19.3 Апаттан таралу жұмыстарының апат қауіптілігіне тәуелділігінің ұйымдастыру реті
- •20.2Дозиметриялық немесе химиялық тексеру апаттары.
- •20.3Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •21.2 Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •21.3 Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •22.2 Жойылу аумақтары- анықтау және анализі.
- •23.2 Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •23.3Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •24.2 Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •24.3 Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •25.2 Қәуз (сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •25.3 Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
23.3Су тасқынының кауіптілік ережелері.
Тұрғын үйлерді, өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілерді, темір жолдарды, автожолдарды, басқада инженерлік үймереттерді су алуын және адамдардың қайтыс болуын болдырмау мақсатында, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар іс-шараларды өткізуге міндетті:
- Облыстың аудандарда, қалаларда және қызметтерде ТЖ жөнінде штабтар және комиссиялар құру керек; - Су тасқыны маусымындағы төтенше жағдайларды жою жоспарларын түзету; - Тұрғындарды көшіру үшін уақытша резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, малды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын түзету; - Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су өтетін арналарды және каналдарды тазарту, мехнаизмдерді және су өткізетін құрылғыларды жөндеу; - Су алуы мүмкін аймақтардан және телімдерден еріген сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру; - Су алуы мүмкін аумақтарды алдын ала себу керек; - Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.
Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:
- Көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды; - Апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек; - Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек; - Өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, каналдардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды; - Құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі түбектерге баруға болмайды; - Жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың үстімен өтуге болмайды; - Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауға тыйым салыңыз; - Балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.
Егер Сіз өзеннің алай-дүлей көтерілген толқынында қаза болғыңыз келмесе, көктемнің су тасқыны нәтижесінде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз келмесе, қазір қажетті шараларды қолданыңыз.
Билет 24.1 Сел пайда болу себептері мен түсінігі.
Сел-тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан , мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен , адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне сел әдеттегідей үздіксіз емес жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан кқп жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар; ТАлас Алатауның жоталарында, сондай-ақ Қаратай, КЕтмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу , егіс жұмыстарын жүргізу , үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, содай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату керек. Халық қауіпті аймақтардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық , және т.с.с. болуы мүмкін.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерен қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтынадамдарды шығаралды. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға , ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жргізетін әртүрлі қтқару бөлімшілернің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылаады.
