- •1.2 .Қар көшкінінің, селдің туындау себептері, олардан қорғану тәсілі
- •2.3. Биологиялық қауіп:Түсінігі, классификациясы, қауіптілік дәрежесі
- •3. 3. Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдығы және әсер етуші факторлар.
- •4.2. Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері.
- •4.3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек.
- •5.2. Химиялық қауіпті аймақта,ы апаттар
- •5.3. Инфекциялық аурулардың түрлері олардың шығу себептері және таралу белгілері
- •6.2 Аумақтың зақымдану себептері және қатты әсер ететін улы заттардың құрамы
- •6.3. Радиация : Түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері
- •7.2 Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •8.2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •8.3. Ақ(го) жинақталуының ұйымдастыру принциптері.
- •10. 2 Уландырғыш заттар, белгілері, классификациясы және қорғану шаралары
- •10.3. Қорғану құрылғыларының түрлері және зақымдаушы фактілерден қорғану эффектілігі
- •11.2 Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдану факторлары
- •11.3 Зақымдайтын факторлардан халықты және шаруашылық объектілерді қорғаудың тәртібі.
- •13.2 Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •13.3 Дем алу мүшелерін қорғау құралдары.
- •14.2 Радиацилар: түсінігі және радиоактивті сәулеленү түрлері.
- •14.3 Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •15.2 Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •15.3 Тж (чс) кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
- •16.2 Хка химиялық қауіпті аймақтағы негізгі қауіптер
- •16.3 Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •17.2 Йонданған сәулелерден қорғану: негізгі сипаттамалары, әсері
- •17.3Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысынының тұрақтылық ұйымдастыру әдістері
- •18.2 Сәулеленудін бір бөлігінің қуаты және алынған қуат
- •18.3 Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері.
- •19.3 Апаттан таралу жұмыстарының апат қауіптілігіне тәуелділігінің ұйымдастыру реті
- •20.2Дозиметриялық немесе химиялық тексеру апаттары.
- •20.3Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •21.2 Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •21.3 Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •22.2 Жойылу аумақтары- анықтау және анализі.
- •23.2 Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •23.3Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •24.2 Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •24.3 Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •25.2 Қәуз (сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •25.3 Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
21.2 Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеіі жоғары кару. Жаппай жою қаруының жоюфакторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.
Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау
Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядролық соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді.
21.3 Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.
Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды
Билет 22.1Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.
1 Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.
2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.
3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.
4 Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация — әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады.
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.
Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.
